2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышының сәйкестендіру коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды пайдаланылады.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары мен салымшылар арасында жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырғанға дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар оларға жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмелерін қоса тіркеген жағдайда күшінде қала береді не оларға жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу үшін шарттар қайтадан жасалуы мүмкін.
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер жеке сәйкестендіру нөмірін бұрын берілген әлеуметтік жеке кодымен қатар есепке алуға міндетті.
Осы Заң қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткеннен кейін жасалатын зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарда, ол болған жағдайда, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
5. Қайта ресімдеу кезінде осы Заңның 9-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі бар құжаттарды беру бұрын берілген құжаттарды тіркеуші органға тапсырған жағдайда, бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 12-сі.
№ 223-III ҚРЗ