Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар
мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат):
1) 38-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға белгілі бір атаумен Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізіледі.»;
2) 39-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынастарда заңды тұлға нақты мекенжайының Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiміне енгiзiлген мекенжайына сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқылы емес. Бұл ретте, үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға почталық және өзге де хат-хабарды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлген мекенжайына да, нақты мекенжайына да жіберуге құқылы.»;
3) 42-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк тiркеу деректері, оның iшiнде заңды тұлғалардың атауы, ал коммерциялық ұйымдар үшін - фирмалық атауы Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiледi.»;
6-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
4) 45-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлға оған екiншi бір заңды тұлғаның қосылуы жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілген кезден бастап олардың бiрiншiсi қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.»;
5) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлға мүлкiнің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған орган қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кредиторларын бұл жөнінде жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Талаптарды мәлімдеу мерзімі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кредиторлары хабарламаларды алған кезден бастап екі айдан кем болмауға тиіс.»;
6) 50-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Заңды тұлғаның таратылуы аяқталды, ал заңды тұлға өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілгеннен кейiн есептеледі.»;
7) 57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банкрот-заңды тұлға Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған кезден бастап оның қызметi тоқтатылды деп есептеледі.»;
8) 58-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
9) 59-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, шаруашылық серiктестiгіне қатысушының серiктестiк мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) өз үлесін немесе оның бір бөлігін кепілге салуға және (немесе) сатуға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (біреуге беру) шартының тарапы жеке тұлға болып табылатын жағдайда, жеке тұлға қолының түпнұсқалығын нотариат куәландыруға тиіс.».
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат):
1020-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлғаның фирмалық атауы оның жарғысы бекiтілген кезде айқындалады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атаумен Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiледi.».
3. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат):
1) 146-баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларындағы «тұрған жері не бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен» деген сөздер «орналасқан жері не Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 236-баптың төртінші бөлігінің жетінші және сегізінші абзацтарындағы «тұрған жері не бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен» деген сөздер «орналасқан жері не Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
47-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама қоса берiледi.».
5. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
66-баптың 10-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;».
6. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
78-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;».
7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
1) мазмұнындағы 598-баптың тақырыбындағы «және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну» деген сөздер «(бар) екендігі туралы мәліметтерді беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 37-баптың 12-тармағында:
бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы «анықтамасын;» деген сөз «анықтамасын табыс етеді.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
3) 38-баптың 6-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
4) 40-бапта:
5-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «анықтамасын;» деген сөз «анықтамасын табыс етеді.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;
5) 78-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лизинг алушы Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және оны Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастаған;»;
6) 90-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен борышкер заңды тұлғаның таратылуына байланысты Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған;»;
7) 240-баптың 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) банкрот деп танылған дебиторды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңінде салық салынатын айналым мөлшерін осындай талап бойынша азайтуға құқығы бар.»;
8) 259-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қосылған құн салығын төлеушi - өнiм берушi банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен алып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеушi - өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.»;
9) 263-баптың 5-тармағы бiрiншi бөлiгi 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте, ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қалыптасуына, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;»;
10) 453-баптың 1-тармағындағы «осындай тiркеу iс-әрекеттерiнiң» деген сөздер «осы Кодекстің 455-бабы 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілгендерді қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 455-баптың 2) тармақшасындағы «1) тармақшасында аталған» деген сөздер «1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілгендерді қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 456-баптың кестесіндегі 1.4-жол алып тасталсын;
13) 560-баптың 7-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан жерi - құрылтай құжаттарында немесе құрылымдық бөлiмшенi есептiк тiркеу туралы анықтамада көрсетiлетін оның тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi;»;
14) 564-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталуы немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден шығарылуы;»;
15) 571-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қосылған құн салығын төлеуші банкроттық себебі бойынша таратылған кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі.»;
16) 580-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған жағдайда - мұндай мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;»;
17) 597-баптың бiрiншi бөлiгiнің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаның, құрылымдық бөлімшенің дербес шоты - заңды тұлға Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған және құрылымдық бөлімше есептік тіркеуден шығарылған кезде жүргізіледі.
Мұндай салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүргізіледі;»;
18) 598-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«598-бап. Салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi беру тәртiбi
1. Салық төлеушi (салық агентi) тiркеу есебiне алынған орны бойынша салық органына салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтер алу үшiн салықтық өтiнiш беруге құқылы.
2. Салық органы салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға - мұндай органның сұрау салуы бойынша;
3) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама (осы баптың мақсаты үшiн - берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама) жасау және оны беру арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) - салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша береді.
3. Салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер, сондай-ақ берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама салық төлеушінің (салық агентінің) тiркеу есебiне алынған орны бойынша салық органдарында ашылған дербес шоттар деректерi ескеріле отырып жасалады.
4. Салық органы берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы:
1) заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша;
2) құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн - оның құрылымдық бөлiмшесiнiң дербес шоты бойынша есеп-қисап сальдосы ескерiле отырып, заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша;
3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi үшiн - құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жерi бойынша;
4) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi үшiн - резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесiнiң орналасқан жерi бойынша;
5) дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат үшiн - олардың орналасқан жерi бойынша;
6) жеке тұлға үшiн - тұрғылықты жері немесе болатын жері бойынша, салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша жасайды.
5. Берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама:
1) қағаз жеткізгіште берiлген кезде - анықтаманы жасаған салық органы басшысының, оны алмастыратын адамның немесе басшысы орынбасарының қолымен және мөрiмен;
2) электронды түрде берiлген кезде - уәкiлеттi органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Бұл ретте, қағаз жеткізгіште жасалған берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы салық органы салық төлеушiге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып бередi.
6. Салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер:
1) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде - мәліметтер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;
2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша - сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
7. Салық органы берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы мынадай мерзiмдерде:
1) құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiне, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесiне, жеке тұлғаға, дара кәсiпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа - анықтама алу үшiн салықтық өтiнiш берілген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
2) құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға - анықтама алу үшiн салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей беруге мiндеттi.
8. Заңды тұлға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі таратылған немесе қызметiн тоқтатқан жағдайда мұндай тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер осы Кодекстің 37 және 38-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде беріледі.
9. Заңды тұлға бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда мұндай тұлғаның салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметттер осы Кодекстің 40-бабында белгіленген шарттар сақталған кезде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде беріледі.
10. Жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қойылған жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде мұндай тұлғаның салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер осы Кодекстің 41 - 43-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.
11. Салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту жағдайларын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелері салықтық өтініш беру күніне салық кезеңі үшін салық есептілігін ұсынбаған жағдайда берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама берiлмейдi.».
8. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
174-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы;».
9. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 27-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;»;
2) 35-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;»;
3) 41-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;»;
4) 48-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;»;
5) 55-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;»;
6) 63-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;»;