15) астық өндiрушiлердi қорғау жөнiнде демпингке қарсы шаралар әзiрлеу;
16) отандық ауыл шаруашылық машина жасау iсiн жаңғырту жөнiнде шаралар қолдану.
4-тарау. Мемлекеттік астық ресурстары
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап өзгертілді; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11-бап өзгерді (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Мемлекеттік астық ресурстары
1. Мемлекеттік астық ресурстары:
1) мемлекеттік азық-түліктік астық резервінен;
2) мемлекеттік жемдік астық ресурстарынан;
3) мемлекеттік тұқым ресурстарынан;
4) мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан;
5) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан тұрады.
2. Мемлекеттік азық-түліктік астық резерві:
1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру мұқтажын;
2) Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.
3. Мемлекеттік жемдік астық ресурстары мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында жемге қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.
4. Мемлекеттік тұқым ресурстары - төтенше жағдайлар болған кезде отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тұқым материалына қажеттіліктерін тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргізу, мемлекетаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылған және соған арналған мемлекеттік тұқым қорлары.
5. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары - мемлекеттік азық-түліктік астық резервін, мемлекеттік тұқым ресурстарын, мемлекеттік жемдік астық ресурстарын жаңарту, гуманитарлық көмек көрсету, астықты экспортқа жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі нарықта, оның ішінде оны реттеуге арналып та өткізу үшін құрылған және соған арналған астық қоры.
Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастырғанға дейін және (немесе) олар жетіспеген жағдайда ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережелерінде белгіленген тәртіппен пайдаланылуы мүмкін.
6. Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қажеттіліктерін бәсекелестік секторымен қамтамасыз етілмеген бөлігінде қамтамасыз ету арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астықтың ішкі нарығын реттеу үшін құрылған және соған арналған астық қорлары.
7. Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру жөніндегі шығыстар:
1) мемлекеттік азық-түліктік астық резерві, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары үшін - бюджет қаражаты;
2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдік астық ресурстары, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшін - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланған кезде астықтың құны және гуманитарлық жүкті жеткізу жөніндегі шығындар бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
9. Мемлекеттік астық ресурстарын ішкі нарықты реттеу үшін сатып алу бағасынан төмен бағамен (өткізуге жұмсалған шығыстарды ескере отырып) пайдаланған кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес бағаланған шығын ақша резервінің қаражаты есебінен өтеледі.
Ақша резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, агенттің шығыны бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
10. Агенттің мемлекеттік астық ресурстарын пайдаланған кезде туындаған шығынын өтеу үшін агент уәкілетті органға ақша қаражатын бөлу негізділігін растайтын құжаттарды (орындалған жұмыстардың актілерін, темір жол жүкқұжаттарын) ұсынады.
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен мазмұн 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру
1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен:
1) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар немесе одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерден осы Заңның 11-2-бабына сәйкес астық сатып алу;
2) агенттің өнімді бөлу туралы келісімдер негізінде астық өндірісіне отандық астық өндірушілерге қаржы ресурстарын беру жолымен қатысуы;
3) отандық астық өндірушілерден олардың ұсыныстары (офертасы) негізінде астық сатып алу;
4) осы Заңның 12-3-бабына сәйкес астық экспорттаушылардан астық сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астыққа ақы төлеу сатып алу бағасы бойынша жүзеге асырылады.
3. Астық мемлекеттік астық ресурстарына астық қолхаттарына индоссамент жасау арқылы жеткізіледі.
4. Мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу жөніндегі шығыстар:
1) мемлекеттік азық-түліктік астық резерві, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары үшін - бюджет қаражаты;
2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдік астық ресурстары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру агенттің басқаруына берілетін мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын пайдаланудан түскен қаражат есебінен де жүзеге асырылады.
5. Агент мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алуды күнтізбелік жыл бойына қамтамасыз етеді.
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен мазмұн 11-2-баппен толықтырылды
11-2-бап. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеті
1. Дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілер агентпен мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шартын жасасу арқылы мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруға ағымдағы жылғы 15 қазаннан кешікпейтін мерзімде бірінші кезектегі тәртіппен қатысуға міндетті.
Отандық астық өндірушілер, егер:
1) асық өндірушінің дәнді дақылдар егуге арналған егіс алаңы екі жүз елу гектардан кем болса;
2) уәкілетті орган тиісті облыс бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын белгілемесе, мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруға қатыспауға құқылы.
2. Дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу мөлшері, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, астықтың жалпы түсіміне проценттік қатынаспен жыл сайын облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бекітіледі және ол отандық астық өндірушілердің назарына жеткізіледі.
Жалпы түсімге проценттік қатынаспен астық жеткізу мөлшері тиісті облыстың дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар барлық отандық астық өндірушілері үшін тең болуға тиіс.
3. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің агентке астықты жеткізудің бекітілген мөлшері шегінде сатуын қамтамасыз етеді.
4. Дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілер осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындағаннан кейін үшінші тұлғамен астық өткізу шартын жасасуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап сақтамалған жағдайда, отандық астық өндіруші мен үшінші тұлға арасындағы астық өткізу шарты уәкілетті органның, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының немесе агенттің талап-арызы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген отандық астық өндірушілердің міндеті:
1) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушінің астық жеткізу жөніндегі ұсынысы агентке ағымдағы жылғы 15 қазанға дейін жіберілген кезде агент мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастырудың белгіленген көлемде аяқталуы себебінен астық жеткізу шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;
2) отандық астық өндіруші агентпен өнімді бөлу туралы келісім жасаған жағдайда орындалған болып есептеледі. Бұл ретте ағымдағы жылы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізудің келісімде көзделген көлемі осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленген мөлшерден кем болмауға тиіс.
6. Мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттерін орындаған отандық астық өндірушілер туралы ақпарат ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында уәкілетті органның, агенттің интернет-ресурсына орналастырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 12-бап өзгертілді; 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару
1. Мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды агент Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті орган айқындаған құзыреті шегінде шарт негізінде жүзеге асырады.
Агент мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға байланысты қызметтің нәтижелері бойынша уәкілетті органға есептілікті ұсынады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекеттік астық ресурстарын тиісінше басқармағаны үшін жауапты болады.
2. Агенттің мемлекеттік астық ресурстарын басқаруына байланысты операциялардың есепке алынуын ол өзінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есепке алудан бөлек жүзеге асырады.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың қызметін мемлекеттік реттеу
12-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың есептілігі
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Астықты экспортқа шығарушылар алғашқы статистикалық деректерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етуге міндетті.
2. Астықты экспортқа шығарушылар уәкілетті органның жазбаша сауалы бойынша астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметке байланысты ақпарат беруге міндетті.
12-2-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен мазмұн 12-3-баппен толықтырылды
12-3-бап. Астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеті
1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру мақсатында астық экспорттаушылар мемлекеттік астық ресурстарына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған экспортталатын көлемге проценттік қатынаспен есептелетін мөлшерде астық жеткізуді жүзеге асыруға міндетті.
2. Егер мемлекеттік астық ресурстарын осы Заңның 11-1-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген тәсілдермен толық көлемінде қалыптастыру мүмкін болмайтын жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша мемлекеттік астық ресурстарын астық экспорттаушылардан астық сатып алу жолымен қалыптастыру туралы шешім қабылдайды.
3. Астық экспорттаушылар мемлекеттік астық ресурстарына астықты күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін жеткізуге міндетті.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Астық экспорттаушы астықты кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізген кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына уәкілетті органның мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындау туралы растауын табыс етуге міндетті.
5. Егер агент, астық экспорттаушының астық жеткізу жөніндегі ұсынысы агентке ағымдағы жылғы 30 желтоқсанға дейін жіберілген жағдайда, мемлекеттік астық ресурстарын белгіленген көлемде қалыптастырудың аяқталуы себебінен астық жеткізу шартын жасасудан бас тартса, астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеті орындалған болып есептеледі.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 5-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары, қырман шаруашылықтары және сервистік-дайындау орталықтары
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметi
1. Астық қабылдау кәсiпорындары жалпы пайдаланылатын тауар қоймасы деп танылады. Олардың астық сақтауға жасалатын шарттары (бұдан әрi - шарт) жария шарттар болып табылады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөніндегі қызметтi лицензия негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары жүзеге асырады.
Заңды тұлға Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астықты сақтау жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға құқылы.
Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметтiң осы түрi бойынша біліктілік талаптарына астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі өз қызметiн жүзеге асыру едәуiр нашарлап кететiн немесе мүлде мүмкiн болмай қалатын негiзгi құралдарды иелiктен айыруына тыйым салынады.
3. Тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлға:
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) қырман шаруашылықтарында және (немесе) сервистік-дайындау орталықтарында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөнiнде қызмет көрсетуге;
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамаларында «астық қабылдау кәсiпорны», «астық қоймасы», «астық қабылдау пунктi», «элеватор» деген сөздердi немесе ол астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асырады деп ұйғарылатын, солардан туындайтын сөздердi пайдалануға құқылы емес.
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының мiндеттерi
Астық қабылдау кәсiпорны:
1) астық сақтау тәртібін, сондай-ақ олардың саны мен сапасы жағынан белгiленген тәртiппен бекітілген нормативтiк құқықтық актiге сәйкес сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шараларды сақтауға;
2) қажет болған жағдайларда белгiленген тәртiппен астық иелерiне оның сынамаларын iрiктеп алуды қамтамасыз етуге;
3) астық қолхатын ұстаушының алғашқы талап етуi бойынша астық қолхатына айырбастап, осы Заңның 31 және 40-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ астық қолхатымен қамтамасыз етілген астықты сақтағаны үшiн берешегi болмаса, шарт талаптарына сәйкес сақтаулы астықты толық көлемiнде босатуға;
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) мемлекеттік астық ресурстары астығын басым (бірінші кезектегі) тәртіппен қабылдауды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтамасыз етуге міндетті.
15-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру
1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Астық қабылдау кәсiпорнының:
1) астық қолхатын ұстаушымен келiсе отырып, ақшалай не сақтаулы астықтың тиiстi мөлшерiн ұстап қалу жолымен оны кейiн астық рыногында еркiн өткізу арқылы сақтау жөніндегі шығындарын жабуға;
2) астық қолхатын ұстаушының мүдделерiн көздеп өзге де операциялар бойынша шартта көзделген немесе заң актілерінде белгіленген шығындардың орнын толтыруға құқығы бар.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесі және қоры (қорлары)
1. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорымен (қорларымен) жасалған шарттардың негізінде астық қабылдау кәсіпорындары ғана астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы бола алады.
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатыспайтын астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылардың алдында өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асырады, ол сақтауға қабылданған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі болған кезде астық қолхатын әрбір ұстаушыға сапасы жолғалған немесе нашарлаған астықтың өтемі кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен проценті мөлшерінде сақтандыру төлемдерін франшиза талаптарын қолданбастан төлеуді қамтамасыз етеді.
2. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорны сақтауға қабылдаған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі басталған кезде астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) осы астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін сақтауға тапсырылған, сапасы жоғалған немесе нашарлаған астықтың өтем кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен проценті мөлшерінде ақшалай өтейді.
Астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісін уәкілетті орган белгілейді.
Астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін өтеуді жүзеге асырған астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) астық қолхатын ұстаушының осы астық қабылдау кәсіпорнына талап ету құқығы оның төлеген сомасы шегінде көшеді.
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру мақсатында астық қолхаттарының тізілімін беруге міндетті.
3. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мүлкін және өзге де мүліктік мүдделерді сақтандыруы (өзара сақтандыруы) мүмкін.
4. Осы Заңға сәйкес уақытша басқару енгізілген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушыларының талаптарын қанағаттандыруды астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірінші кезектегі тәртіппен жүргізеді.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Қырман шаруашылықтары және сервистік-дайындау орталықтары
Қырман шаруашылығы деп жеке немесе заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі және астық пен тұқымның тауарлық партияларын қалыптастыру және оларды сақтау мақсатында астықты бастапқы өңдеуге арналған техникалық құрылыс танылады.
Қырман шаруашылығы сервистік-дайындау орталығы түрінде құрылуы мүмкін.
Қырман шаруашылығында және (немесе) сервистік-дайындау орталығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялауға жатпайды. Осы қызметті жүзеге асыратын тұлға астық қолхаттарын беруге құқылы емес.
6-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу
13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 313-III (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттеу тәсiлдерi
Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, астық иелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде астық қабылдау кәсіпорындарының саралану талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу:
1) белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорындары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығару;
2) астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау нысанасындағы қызметiн, сондай-ақ астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етудi жүргізу талаптарын инспекциялау (тексеру);
3) астық қабылдау кәсiпорындарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына заңдарға сәйкес санкциялар салу арқылы жүзеге асырылады.
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды.
18-бап. Басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттік реттеу
Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен реттеушi орган жүзеге асырады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн шектеу
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге жатпайтын қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беруге және мүлiктi кепiлге салуға құқылы емес, оған мыналар кiрмейдi:
1) ұн өнiмдерiн, құрама-жем, нан-бөлке және макарон бұйымдарын өндiру мен сату;
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау жөнiнде қызмет көрсету.
2008 ж. 21 қарашадағы № 89-ІV ҚР Заңымен тармақ 3) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
3) телекоммуникация құралдарын орнату үшін астық қабылдау кәсіпорынының өндірістік емес алаңдарын беру жөнінде қызмет көрсету.
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) жанар-жағармай материалдарын сақтау үшін мұнай өнімдерінің базалары мен резервуарларды жалға беру жөнінде қызметтер көрсету.
Бұл орайда жоғарыда тiзбеленген қызмет түрлерiне байланысты пайдаланылатын құрылыстар астық қоймасымен (элеватормен, астық қабылдау пунктiмен) технологиялық байланыста болуға және (немесе) бір аумақта не оған iргелес жатқан аумақта болуға тиiс. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет пен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметіне байланысты емес қызмет операцияларының бөлек есебін жүргiзуді қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындарының:
1) көрсетілетiн қызмет үшiн осы Заңның 18-бабына сәйкес реттеушi орган белгiлегеннен артық мөлшерде ақы алуына;
2) көрсетілетiн қызметтерге қол жеткізу жағдайларын күштеп таңуына немесе көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушыларын кемсiтушілiкке немесе тұтынушылардан белгiленген тарифтерде ескерілмеген ақы алу есебiнен табыс табуға әкеп соғатын өзге де әрекеттер жасауына тыйым салынады.
20-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының аудитi
1. Астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру және растау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жыл сайынғы мiндеттi аудиторлық тексерулер жүргiзiп отырады.