2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) 390 -бап өзгертілді
390-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимін бұзу
1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында, шекара өзендерi, көлдерi және өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (су бетіндегі және су астындағы) қазақстандық кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың негiзгi бекеттерден шығуының және негiзгi бекеттерге оралуының, суда болуының және кемелердiң (құралдардың) мұз арқылы қозғалуының белгiленген ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсатынсыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында шекара өзендерi, көлдерi мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру немесе өзге қызметтер жүргiзу, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
391-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерiнде режимдi бұзу
1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерiнде режимдi бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
Қазақстан Республикасы аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 391-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 391-1-бап өзгертілді
391-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимiн бұзу
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында уәкiлеттi органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеушiлiк, iздестiрушiлiк немесе өзге де қызметтердi жүргiзу, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өту
1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан бір немесе бірнеше тәртiп бұзушының заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кіруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шараларды қолданбауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым қызметкерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтуге әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кіруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесiп өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған әрекет бір немесе бірнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту қылмысына немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетiн адамның, бір немесе бірнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
393-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 394-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 394-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 394-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 394-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
394-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы
1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тiркелу мерзімдерін не жүрiп-тұрудың немесе тұрғылықты жер таңдаудың тәртібін сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
он тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына заңсыз келуінен, белгiленген мерзiмдерде қайтып кетуден жалтаруынан, келу мақсатының визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сай болмауынан, сондай-ақ нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмеуінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамауынан көрінген Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы, -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
Он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберілуіне әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 394-1-баппен толықтырылды
394-1-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өздерiне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы шешiмдердi орындамауы -
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
22.02.02 № 296-II; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 395-бап өзгертілді; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 395-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
395-бап. Жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында шетелдiктердiң болу қағидаларын бұзуы
1. Қазақстан Республикасына шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды жеке шаруамен шақырған Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның оларды уақтылы тiркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағында жүрiп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және белгiленген болу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасынан қайтып кетуi жөнінде шаралар қабылдамауы, -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасында шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын дара кәсіпкердің, лауазымды адамның немесе заңды тұлғаның оларды уақтылы тiркеу, олардың Қазақстан Республикасына келу, оның аумағында болу және жүріп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және белгіленген болу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан қайтып кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы, -
лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасына заңсыз келуден, оның аумағында заңсыз жүріп-тұрудан, белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасынан қайтып кетуден жалтарудан, нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмеуінен көрінген, Қазақстан Республикасында шетелдіктердің болу қағидаларын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын жай беру, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға, лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшiншi бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдікпен немесе азаматтығы жоқ адаммен мәмілелер жасасуы, -
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 396-бап өзгертілді; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 396-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
396-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзу және шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы
1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жұмыс берушінің шетелдік қызметкерді жергілікті атқарушы органның шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатында көрсетілген лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтін лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа) тартуы, -
лауазымды адамдарға - елу, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - бір жүз, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мұндай рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылатын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келген шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алмай Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы, -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынып, Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберілуіне әкеп соғады.
397-бап. 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара )
2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен 398 -бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара )
398-бап. 2009.04.12 № 217-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 399-бап өзгертілді
399-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөніндегі заңсыз қызмет
Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөніндегі қызметтi жөнсіз жарнаманы пайдаланып, не толық емес немесе дәйексіз ақпарат беріп жүзеге асыру, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
26-тарау. Кеден істері саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 400-бап өзгертілді
400-бап. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу
Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттік органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру не кеден бақылауы аймағының режимiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 400-1-баппен толықтырылды
400-1-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу
Кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, еркін немесе кедендік қойма, баж салынбайтын сауда дүкені иелерінің осындай қызметті «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, еркін немесе кедендік қойманы, баж салынбайтын сауда дүкенін құруға арналған үй-жайдың немесе аумақтың кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 400-2-баппен толықтырылды
400-2-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралы орналасқан жерді кеден органының анықтауына мүмкіндік беретін, сол көлік құралында техникалық жабдықтың болмауы не оның ақаулы болуы -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 401-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 401-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
401-бап. Кеден одағының кедендік шекарасынан өткеннен кейін өткізу пунктіне тауарлар мен көлік құралдарының келгені туралы Қазақстан Республикасының кеден органына хабарламау
Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын оңайлатылған немесе жеңілдікті тәртіппен өткізуін қоспағанда, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік аумағына әкелген кезде Қазақстан Республикасының кеден органына кеден одағының кедендік шекарасынан өтетiндiгi туралы хабарламау, оның ішінде кедендік шекарадан өткен кезде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс ету міндетті болып табылатын кеден құжаттарын табыс етпеу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 402-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 402-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
402-бап. Өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз тауарлар мен көлiк құралдарының кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерге кетуі
1. Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын оңайлатылған немесе жеңілдікті тәртіппен өткізуін қоспағанда, егер тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болса не тауарлар мен көлік құралдарын әкету оларды кедендік бақылауға орналастыруды көздесе, өткізу пунктінде тауарлар мен көлiк құралдарын кедендік шекара арқылы кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына хабарламау, оның ішінде кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс етілуі міндетті болып табылатын кеден құжаттарын табыс етпеу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 403-бап өзгертілді
403-бап. Авария немесе жойқын күштер жағдайында шаралар қолданбау
Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орынға жеткізуге қабылдаған немесе транзитпен тасылатын тауарлардың және көлiк құралдарының аварияның немесе жойқын күштiң әсерi жағдайында сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, олардың қандай да болсын рұқсатсыз пайдаланылуына жол беру, Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына iстiң мән-жайы, осындай тауарлардың және көлiк құралдарының тұрған орны туралы хабарламау не оларды Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына тасымалдауды немесе осы органның лауазымды адамдарын тауарлар мен көлiк құралдары тұрған орынға жеткізудi қамтамасыз етпеу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 404-бап өзгертілді
404-бап. Тауарларды және көлiк құралдарын жеткізу орнына бермеу
Тауарларды және көлiк құралдарын жеткізу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырмау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 405-бап өзгертілді
405-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден органына жеткiзбеу
1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орынға жеткiзбеу, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, не онсыз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының кеден органына тапсыруға қабылданған кедендiк бақылауда тұрған тауарлардың және көлiк құралдарының кедендiк немесе өзге де құжаттарын жоғалту немесе жеткiзбеу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткізудiң Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген мерзiмiн сақтамау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.