4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;
6) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың өтініш берушіге лицензия алуына тыйым салған жағдайларда бас тартылады.
2. Порталда:
ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленуші, егер:
1) сұрау салынатын электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеулер болғанда және сұрау салуды жіберген адамның сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қол жеткізу құқығы болмаса;
2) сұратылған электрондық ақпараттық ресурс болмаса және оның кімнің иелігінде екені оған белгісіз болса;
3) сұрау салудың мәнін нақтылау кезінде сұрау салушы адамның нақты қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы өтінім жасағанын анықтау мүмкін болмаса;
4) егер шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделсе, электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы адам сұрау салуды орындау шығыстарын төлемесе;
5) сұрау салу «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе сұрау салуды орындаудан бас тартады.
Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Құжаттардың толық ұсынылмаған фактісі анықталған жағдайда лицензиар өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушы осы тармақта белгіленген мерзімде мемлекеттік органда не электрондық құжат түрінде порталдағы жеке кабинетінен алады.
Ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі сұрау салуды жіберген адамға бес жұмыс күні ішінде осы стандарттың 2-тармағы 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша сұрау салуды орындаудан бас тарту туралы хабарлайды.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын орындаған кезде заңдылықтың сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңсесі уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, № 1021 және (немесе) № 925 бөлмелер мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-07-68, 74-07-97 телефондары арқылы түсіндіреді және шағым даярлауға жәрдем көрсетеді.
Портал жұмысының әрекеттеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың телефоны (1414) бойынша алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым:
1) уәкілетті органдарға «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түске үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүгіну арқылы мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша жіберіледі. Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
2) Порталда call-орталықтың телефонының нөмірі (1414) бойынша жіберіледі.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тиісінше қызмет көрсетілмеуіне шағымды мемлекеттік қызмет алушы:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түске үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүгіну арқылы жіберіледі. Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
2) Порталда call-орталық телефонының нөмірі (1414) бойынша жіберіледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы:
1) уәкілетті органдарға «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түске үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүгінеді. Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
2) Порталда call-орталық телефонының нөмірі (1414) бойынша жіберіледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
24. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағым уәкілетті орган басшысының атына беріледі, басшылардың мекенжайы мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
Қажет болғанда мемлекеттік қызмет алушы шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсетуін немесе оның қызметкерінің тиісінше қызмет көрсетпеуін растайтын құжаттарды қоса тіркейді.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болғанда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызмет алушы қол қоюға тиіс. Шағымды берген кезде әрекетіне шағым жасалып жатқан лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптар көрсетіледі.
25. Шағымның уәкілетті органда қолма-қол және пошта арқылы түскенін растау оның Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) тіркелуі болып табылады, уәкілетті органның кеңсесінде мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады.
Субъектіге тікелей жазбаша жүгінген мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Шағымның қаралу нәтижелері туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Порталда:
портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінен қолжетімді болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.
«Адвокаттық қызметпен айналысуға
аттестаттаудан өткізу және
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен телефондары
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Уәкілетті органның орналасқан мекенжайы | Телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақмола облысының Әділет департаменті | Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 37 | 8 (7162) 41-21-65 | (87162) 40-23-21 |
2 | Алматы облысының Әділет департаменті | Талдықорған қаласы, Қабылиса Жырау көшесі, 69 а | 8 (7282) 24-43-47 | (87132) 56-30-80 |
3 | Ақтөбе облысының Әділет департаменті | Актөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 51 а | 8 (7132) 56-30-16 | (87282) 21-08-15 |
4 | Атырау облысының Әділет департаменті | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 16 а | 8 (7122) 46-53-15 46-53-12 | (87122) 35-75-38 |
5 | Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 6 үй | 8 (7232) 55-59-26 | (87232) 75-46-33 |
6 | Жамбыл облысының Әділет департаменті | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 а | 8 (7262) 43-67-17 | (87262) 43-05-05 |
7 | Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Орал қаласы, Достық көшесі, 208 | 8 (7112) 50-82-91 | (87112) 51-50-55 |
8 | Қарағанды облысының Әділет департаменті | Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі, 1 | 8 (7212) 56-64-12 | (87212) 42-02-13 |
9 | Қостанай облысының Әділет департаменті | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 38 | 8 (7142) 50-65-40 | (87142) 54-82-23 |
10 | Қызылорда облысының Әділет департаменті | Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 | 8 (7242) 23-03-57 | (87242) 27-04-72 |
11 | Маңғыстау облысының Әділет департамент | Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 8 | 8 (7292) 50-32-20 | (87292) 42-11-17 |
12 | Павлодар облысының Әділет департаменті | Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 18 | 8 (7182) 32-43-02 | (87182) 32-09-55 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 72 | 8 (7152) 33-27-53 | (87152) 33-26-35 |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16 | 8 (7252) 23-31-70 | (87252) 23-23-76 |
15 | Алматы қаласының Әділет департаменті | Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 287 | 8 (727) 392-16-16 | (87272) 91-88-44 |
16 | Астана қаласының Әділет департаменті | Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15 | 8 (7172) 48-88-36 | (87172) 32-55-22 |
17. | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті | Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, № 8 www.minjust.kz | 8 (7172) 74-07-87 | (87172) 74-02-76 |
«Адвокаттық қызметпен айналысуға
аттестаттаудан өткізу және
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Комиссияның үміткерді адвокаттық қызметпен
айналысуға аттестаттау туралы шешімі
______________ қаласы 20____ ж. «____» __________
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудың нәтижелері бойынша
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
тестілеу бойынша __________________ балл
емтихан билеті бойынша ____________ балл жинады.
Мына құрамдағы комиссия:
Төраға
Мүшелері
___________________________________________ аттестатталсын деп шешті.
(Т.А.Ә.)
Комиссияның төрағасы
Комиссияның хатшысы
«Адвокаттық қызметпен айналысуға
аттестаттаудан өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Комиссияның адвокаттық қызметпен
айналысуға үміткерді аттестаттамау туралы шешімі
______________ қаласы 20____ ж. «____» __________
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудың нәтижелері бойынша
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
тестілеу бойынша _______________________________________________ балл
емтихан билеті бойынша _________________________________ балл жинады.
Мына құрамдағы комиссия:
Төраға
Мүшелері
____________________________________ аттестаттаудан өтпеді деп шешті.
(Т.А.Ә.)
Комиссияның төрағасы
Комиссияның хатшысы
«Адвокаттық қызметпен айналысуға
аттестаттаудан өткізу және лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Ақпаратқа электронды форматқа қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) | | | |