432. Ағымдағы қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда оны жабуға арналған облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің резервi республикалық бюджетте тиiстi қаржы жылына, тиiстi қаржы жылында облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда оларды кредиттеу үшін көзделеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатты ұсынады.
433. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң осыған ұқсас мәселелерi бойынша бұрын қабылданған шешiмдерiне және бұрын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне берiлген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, егер ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда олардың қолма-қол ақша тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн мыналар:
1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлiнетiн ақшаның мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне ағымдағы түсімдермен қамтамасыз етілмеген облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шығыстарын қаржыландыруға және белгiлi бiр есептi кезеңде аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландыруға жiберiлуi;
3) жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы.
4) бөлінетін кредит сомасы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген жергілікті атқарушы органның берешегінің лимитінен аспауға әкеп соқтырмауы тиіс.
434. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылында ол болжамдалған жағдайда жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
435. Облыс, республикалық маңызы бар қал, астан әкімінiң қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгiзедi.
436. Ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервi ағымдағы қаржы жылында аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кредит беру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) әкiмдерi бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатты бередi.
437. Бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде, сондай-ақ облыс әкімінің осыған ұқсас мәселелерi бойынша бұрын қабылданған шешiмдерiне және төменде тұрған бюджеттерге бұрын берiлген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, егер ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда олардың қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен ақша бөлу мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
Облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн мыналар:
1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлiнетiн ақшаның мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне ағымдағы түсiмдермен қамтамасыз етілмеген шығыстарын қаржыландыруға және белгiлi бiр есептi кезеңде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландыруға жiберiлуi;
3) облыстық бюджеттен бұрын берiлген кредиттер бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергiлiктi атқарушы органдар берешегiнiң болмауы мiндеттi шарттар болып табылады.
438. Облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылында ол болжамдалған жағдайда жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және жергілікті бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
439. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінiң қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылы ол болжамданған жағдайда жабуға облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасын облыс әкімдігінің қарауына бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган енгiзедi.
440. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен бөлiнген ақшаны алушы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есептi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде беруi тиiс.
441. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Yкіметі резервiнiң ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
442. Сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға алушы елдiң Қазақстан Республикасы көрсеткен ресми гуманитарлық көмектi алғаны туралы тиiстi ақпаратты бередi.
443. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган тиісті жергiлiктi атқарушы органның тиісті өкілдігіне резервiнiң ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
444. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдарының резервтерiнен бөлiнетiн ақшаның бюджеттік және басқа да заңнамалар талаптарына сәйкес пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша алған бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi жауап бередi.
445. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдары резервтерiнiң бюджеттік және басқа да заңнамалар талаптарына сәйкес пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 50-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-тарау. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаманы жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 446-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
446. Осы тарау бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің техникалық-экономикалық негіздемелерін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаманы жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібін және оларды қаржыландыру рәсімдерін анықтайды.
Экономикалық сараптаманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, ТЭН әзірлеу немесе түзету шеңберінде жобаның ерекшелігіне байланысты ТЭН қажетті сараптамаларын жүргізу қаржыландырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрі - БИЖ) және концессиялық жобалардың ТЭН сараптамаларын қаржыландыру және өткізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бекітілген Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар тізбесінің негізінде әр түрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаржы жылы ішінде бөлуге жатады, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру жүзеге асырылады.
Егер жергілікті БИЖ-ды қаржыландыру жергілікті бюджетке республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылса, ТЭН әзірлеуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен жүзеге асырылады.
Егер БИЖ-ды республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асыру ұсынылса, инвестициялық ұсынысты салалық сараптамадан өткізуді салалық орталық мемлекеттік орган жүргізеді.
Егер БИЖ-ды жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен, сондай-ақ республикалық бюджеттің нысаналы даму трансферттері мен кредиттері есебінен қаржыландыру жоспарланып отырған жобаларды жүзеге асыру ұсынылса, инвестициялық ұсынысты салалық сараптамадан өткізуді жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы орган жүргізеді.
Бюджеттік инвестициялық жобаны және концессиялық жобаны республикалық не жергілікті ретінде бірлесіп қаржыландыру шартымен анықтау Бюджет кодексінің 151-бабында белгіленген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.
447. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру процесі мынадай негізгі сатыларды:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруға арналған өтінімдерді беруді;
2) бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру Тізбесін қалыптастыру және бекіту;
3) ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруды қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 448-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
448. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізуді қаржыландыруға өтінімдер береді.
449. БИЖ-дың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаудан өткізуді қаржыландыруға инвестициялық ұсыныстар әзірлеуді мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу сатысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 450-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
450. БИЖ ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамадан өткізуді қаржыландыруға өтінім ТЭН әзірлеу жоспарланатын ағымдағы жылы қалыптастырылады және мынадай құжаттарды:
1) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағын;
2) БИЖ ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамадан өткізу құнын негіздейтін ақпаратты;
3) БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамадан өткізуге техникалық тапсырманы;
4) инвестициялық ұсынысқа салалық сараптамасын;
5) БИЖ ТЭН-і бойынша өзгертілуі болжанатын техникалық шешімдері және/немесе қосымша шығыстарды көрсетілген салыстырмалы кестені, сондай-ақ бекітілген БИЖ ТЭН-ін (БИЖ ТЭН-і түзетілген жағдайда) қамтуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 451-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
451. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізуге оң экономикалық қорытынды негізінде инвестициялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша олар бойынша қорытынды жасайды және оларды бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 452-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
452. Бюджеттік комиссия іріктеген инвестициялық ұсыныстарда қамтылған инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган БИЖ тізбесін қалыптастырады, ол бойынша ТЭН әзірлеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырады.
453. Тиісті бюджеттік комиссия қарау нәтижелері бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптаманы жүргізуді қаржыландыру бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын БИЖ тізбесін, сондай-ақ әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша қаржыландыру сомасын анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 454-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
454. Әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын тізбе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке шешімімен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
454-1. Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
455. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері концессиялық ұсыныстарды, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады.
456. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізуді қаржыландыруға өтінім мыналар коса беріле отырып, концессиялық ұсыныстарды қамтуы тиіс:
1) салалық сараптаманың оң қорытындысы;
2) концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізуге техникалық тапсырманың жобасы;
3) концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізу құнының есептемелері.
457. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды сараптаудан өткізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тартады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 458-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
458. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың сараптама қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ егер жоба жергілікті болса, тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 459-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
459. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамасын өткізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар жасайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамасын өткізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар жасайды және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 460-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
460. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптаудан өткізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
461. Тиісті бюджеттік комиссия қарау нәтижелері бойынша ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптаудан өткізу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін, сондай-ақ әр жоба бойынша қаржыландыру сомасын анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 462-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
462. Әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын тізбе, дайындығын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке шешімімен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 463-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
463. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын атқарушы орган концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жібереді.
464. Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінім мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
1) концессиялық жобаның атауын;
2) тәуелсіз сарапшыны іріктеу жөніндегі конкурстың ұйымдастырушысын;
3) қызмет түрлері және олардың мәлімделген құнын.
Сондай-ақ өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) мынадай негізгі мәліметтер көрсетілуі тиіс қызметтерді ұсыну жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы:
қызметтерді тарту мақсаты мен міндеті;
қызмет ұсынуға қойылатын жалпы талаптар;
қызмет ұсыну мерзімдері;
қызмет ұсынудың тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);
2) қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі;
3) қызметтерді тарту қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 465-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
465. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуге қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінген бюджеттік бағдарламасы қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 466-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
466. Тиісті бюджеттік комиссия қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландырудың түрлері мен көлемдерін айқындайды.
467. Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу - конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді, конкурсқа қатысушымен комиссияның келіссөзі үрдісінде консультациялық қызметтерді көрсетуді қамтитын тәуелсіз эксперттер көрсететін қызметтер.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 468-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
468. Әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын тізбе дайындайды, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 469-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
469. Егер тиісті бюджет комиссиясының тізбелерді қарау нәтижелері бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты толық мөлшерде бөлінбеген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган тізбелер бекітілген айдан кейінгі екінші айдың 1 күніне дейін бюджет комиссиясының қарауына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының негізінде, бөлінген бюджет бағдарламасы қаражатының қалған сомасына бюджеттік және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын өткізуді қаржыландыру мәселесін енгізеді.
Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражатының қалған сомасына тізбелерге толықтыруды қалыптастыру, тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу және бекіту осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді және оны сараптамадан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру бойынша тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне өзгерістер енгізу туралы белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламаларын қалпына келтіру жолымен бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
470. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Тізбе негізінде бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді және түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптама өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
471. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді және түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптама өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру белгіленген бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
472. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуге және түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптама өткізуге, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуге арналған шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелерінде тиісті сараптама өткізу нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар туындаған, оның ішінде жобаға экономикалық сараптама жүргізген кезде жоба пысықтауға қайтарылған жағдайда өнім берушіге отыз күнтізбелік күн ішінде шарттың жалпы құны шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді міндетті пысықтау туралы талапты қамтуы тиіс.