2) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және халықаралық қаржы ұйымдары ғана орталық депозитарийдiң құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
Орталық депозитарийдiң акцияларын уәкілетті органның тікелей және (немесе) жанама иелену үлесі орталық депозитарийдiң дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайды.
Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы уәкілетті органға тиесілі сауда-саттықты ұйымдастырушыны қоспағанда, бағалы қағаздар нарығының әрбір кәсіби қатысушысының және әрбір халықаралық қаржы ұйымының орталық депозитарийдің акцияларын иелену үлесі орталық депозитарийдің орналастырылған акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.»;
3) 84-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің өзінің үлестес тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан аспауға тиіс.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының капиталындағы уәкілетті органның үлесі сауда-саттықты ұйымдастырушының дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайды.».
10. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат):
1) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар жiберуге құқылы.»;
2) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары;»;
3) 20-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары;»;
4) 24-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кредиттiк бюроларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары беретiн ақпаратта:»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың мақсаттары үшiн кредит деп банктік қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операциялары, вексельдердi есепке алу, сондай-ақ микрокредиттер беру түсiніледi.».
11. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
18-баптың 7-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) микроқаржы ұйымдарының қызметін дамыту;».
12. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 19-бапта:
3-тармақ «қаржы ұйымдарынан,» деген сөздерден кейін «микроқаржы ұйымдарынан,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-1-тармақ «Қаржы ұйымдары,» деген сөздерден кейін «микроқаржы ұйымдары,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 20-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарында, микроқаржы ұйымдарында, арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған исламдық арнайы қаржы компанияларында, инвестициялық қорларда және Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілер мен оларға әдістемелік ұсынымдар қабылдау арқылы жүзеге асырады.»;
6-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржы ұйымдары мен микроқаржы ұйымдары үшін:»;
4) тармақша «қаржы ұйымдарының,» деген сөздерден кейін «микроқаржы ұйымдарының,» деген сөздермен толықтырылсын.
13. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат):
21-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «шартын» деген сөзден кейін «және микрокредит беру туралы шартты» деген сөздермен толықтырылсын.
14-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат):
59-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«59-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексi) 90-бабында:
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1-1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқығын қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.»;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге 2-тармақтың 5) тармақшасындағы «алынған жағдайларда, провизиялардың (резервтердің) бұрын шегерімге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кездегі сомасы осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды» деген сөздер «алынған» деген сөзбен ауыстырылып, 6) тармақшадағы «банк басқаға берген» деген сөздерден кейін «жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы - осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды» деген сөздермен толықтырылсын;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге 2-тармақтың 6) тармақшасы «банк басқаға берген» деген сөздерден кейін «жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы - осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды» деген сөздермен толықтырылсын.
15. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
көрсетілген Заңға қосымшада:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 59-1) тармақшамен толықтырылсын:
«59-1) микроқаржы ұйымдарының қызметіне;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) микроқаржы ұйымдарының қызметіне;».
16-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 14, 117-құжат):
7-баптың екінші абзацындағы «1 және» деген сөздер «1, 3 және» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 4-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларын және 16-тармағын;
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтарын;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 14-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы, 4-тармағының 4) және 5) тармақшалары, 6, 7, 8-тармақтары, 9-тармағының 1) тармақшасы, 11 және 13-тармақтары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін микрокредиттік ұйымдарға қолданылады.
3. Микрокредиттік ұйымдар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қағидаларға сәйкес берілген микрокредиттер бойынша активтерді сыныптауды жүзеге асырған және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құрған жағдайда, осы Заңның 1-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында, 2) тармақшасының екінші-бесінші абзацтарында, 3) тармақшасында, 14 және 16-тармақтарында микроқаржы ұйымдары үшін көзделген нормаларды қолдануға құқылы.
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушы акционерлер құрылымының осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацында белгіленген талапқа сәйкес келуін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сауда-саттықты ұйымдастырушының капиталындағы акцияларды иелену үлесін артықшылықты тәртіппен осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацында көзделген деңгейге дейін ұлғайтады.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оған Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қарашаның 26-ы.
№ 57-V