5. Осы Келісім барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Осы Келісімнің кез келген Тарапы осы Келісімнің барлық Тараптарын күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабардар ету шартымен осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Осы Келісімге банкті/лизингтік компанияны (жаңа) қосу уәкілетті органмен, қаржы агентімен қосымша келісім жасасу жолымен мүмкін болады.
6. Осы Келісімде көзделмеген өзге жағдайлардың барлығында Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге
1-қосымша
Қайда ______________________________ әкімдігі
Кімнен __________________(бұдан әрі - кәсіпкер)
№ __________ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА
___________________________________ өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасына субсидиялау қағидаларына сәйкес Сізден Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегілерге сәйкес кредит/лизинг бойынша сыйақы ставкаларының бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені шығаруға бастамашылық етуді сұраймын:
1. Қатысушы туралы мәліметтер
Кәсіпкердің атауы | |
Құрылтайшы (лар) туралы деректер | |
Заңды мекенжайы | |
Нақты мекенжайы | |
Пошталық мекенжайы | |
Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні | |
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік № | |
Қызмет түрлері | |
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания | |
СТН | |
Жұмыс тәжірибесі | |
2. Басшылық
Бірінші басшы
Т.А.Ә. | |
Лауазымы | |
Жұмыс/үй телефоны | |
Туған жылы және жері | |
Жеке куәлік №, сериясы | |
Тұрғылықты жері (нақты) | |
Тіркелуі | |
Жұмыс тәжірибесі | |
Бас бухгалтер
Т.А.Ә. | |
Жұмыс/үй телефоны | |
Туған жылы және жері | |
Жеке куәлік №, сериясы | |
Тұрғылықты жері (нақты) | |
Тіркелуі | |
Жұмыс тәжірибесі | |
Байланысатын адам
(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны) | |
3. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, АҚ үшін - акциялардың 5% және одан астамына иелік ететін акционерлер)
Атауы/Т.А.Ә. | % | Деректемелері |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
4. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат
Өнімдер мен қызметтердің түрлері | |
Жылдық айналымы | |
Соңғы есепті күнге пайдасы немесе шығыны | |
Қызметкерлерінің нақты саны | _____________________ оның ішінде ______________ әйел |
Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы) | |
Жобаны іске асыру орны (облыс, қала) | |
Жұмыс орындарының саны | |
5. Банк шоттары туралы ақпарат
Банк деректемелері (барлық қызмет көрсететін банктердегі ағымдағы және жинақ шоттарын көрсету):
___________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________
6. Кредит тарихы
Кәсіпкердің жұмыс істеу барысында пайдаланылған, бүгінгі таңда өтелген сыйақы өтелмеген барлық банктік несиелер көрсетіледі.
Кредитор | Сомасы | Берілген күні | Сыйақыны өтеу шарттары | Негізгі борышты өтеу шарттары | БҚШ/ҚЛШ бойынша өтеу мерзімі | Нақты өтеу күні |
1. | | | | | | |
2. | | | | | | |
7. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және кәсіпкерге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат
№ | Мемлекеттік бағдарламаның атауы/мемлекеттік қолдау шаралары | Мемлекеттік даму институтының атауы | Қосымша ақпарат |
1 | | | |
2 | | | |
8. Кепілдіктер және келісімдер
Кәсіпкер жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісіне мыналарға өтінім білдіреді және кепілдік береді:
1. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісіне осы өтінішпен бірлесіп немесе Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінің сұрау салуы бойынша берілген (табыс етілген) немесе берілетін барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дәйекті болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда жергілікті деңгейде Бағдарлама үйлестірушісін дереу хабар етуге міндеттенемін.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінің бірінші талабы бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген кез келген ақпаратты және банктік және коммерциялық құпияны қамтитын құжаттарды беруге және ашуға міндеттенеді.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
4. Кәсіпкер жалған, толық емес және/немесе дәйексіз мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын тұлғаға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дәйексіздігі анықталған жағдайда осы өтініш көрсетілген деректердің дәйексіздігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде жойылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі жою себептерін хабарламауға құқылы.
Кәсіпкер осымен жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісіне:
1. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер берген құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана берілді.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі кәсіпкердің өзі туралы хабарлайтын ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, кәсіпкер берген құжаттар мен өтініштердің түпнұсқасы егер тіпті субсидиялау берілмесе де, жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінде сақталатын болады.
4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алу үшін қажет құжаттарды ресімдеуге және т.б.) жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінің субсидиялауды ұсыну немесе кәсіпкер шеккен шығынның орнын толтыру міндеттемесі болып табылмайды.
5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейіннен жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісіне талап-тілектерім жоқ.
_____________________________________________________________________
9. Қосымшалар
(Субсидиялау қағидаларында көзделген құжаттар)
___________________________________ (Т.А.Ә.)
(қолы) Күні
Ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге
2-қосымша
(Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі толтырады)
_________________ жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауы үшін кәсіпкер
ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
№ | Кәсіпкердің атауы | Жобаның атауы (сипаттама) | Заңды мекенжайы | Жобаны іске асыру орны | Өнімдер мен қызметтер түрлері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
| Жиыны: | | | |
| Жобаны іске асыру кезеңі | Қаржыландыру сомасы, теңге | |
| 7 | 8 |
| | |
| Жұмыс орындарының саны | Басқа да мемлекеттік бағдарламаларға қатысу | ЖДБҮ Өтінім беру күні |
| факт | жоспар | МДИ атауы | МБ/МҚШ атауы |
| 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| | | | | |
| Өндірілген өнімнің жалпы көлемінен өнім экспортының көлемі | Банктің/лизингтік компанияның атауы |
| өткен жылғы айналымның жалпы сомасы | өткен жылғы экспорт шарттары бойынша тауар жіберу сомасы | % |
| 14 | 15 | 16 | 17 |
| | | | |
Қосымшалар: (Өтінім және Кәсіпкердің ЖДБҮ ұсынған құжаттар пакеті)
1).
2).
...
Қысқартулар мен анықтамалар |
ЖКС | Жеке кәсіпкерлік субъектісі |
МДИ | Мемлекеттік даму институттары |
МБ | Мемлекеттік бағдарлама |
МҚШ | Мемлекеттік қолдау шаралары |
ЖДБҮ | Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі |
Лауазымды тұлға ТАӘ _____________________
қолы, мөр
Жауапты қызметкер ТАӘ ___________________
Қолы
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге
3-қосымша
________________________ бойынша өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№ ______ хаттамасы
Өткізілген орны | |
Өткізілген күні | |
Кеңес төрағасы | |
Кеңес мүшелерінің қатысқаны | |
Кеңес мүшелерінің қатыспағаны | |
Шақырылғандар | |
Кеңес хатшысы | |
Күн тәртібі
№ | Мәселелер атауы |
1 | |
2 | |
... | |
Кеңес қарады
Кеңес шешті
1. Мыналарға:
- іске асырылатын жобалардың Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігіне;
- жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төмендегі тізіміне байланысты субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:
р/с № | Атауы | БҚШ/ҚЛШ |
Кәсіпкер | Жоба | Банк/лизингтік компания | № | күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
Кредит/лизинг сомасы | Кредит/лизинг валютасы | Кредит/лизинг мерзімі | Мақсатты жұмсалуы | Жобаның атауы (сипаттамасы) |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| | | | |
% | Номиналды сыйақы ставкасы | Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігі | Сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігі | Субсидиялау мерзімі | Ескерту |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
| | | | | |
2. Субсидиялау шарттарын жасасу үшін Банктерге/лизингтік компанияларға жобалардың мақұлданған тізімі жіберілсін.
3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-қа мақұлданған жобалардың тізімі жіберілсін.
4. Мынадай себептер бойынша бас тартылсын:
- ____________________________________________________________;
Кеңес мүшелерінің қолдары
№ | Кеңес мүшесінің ТАӘ және мәртебесі | «Иә» | «Қарсы» | Түсіндірмелер |
1 | Кеңес төрағасы | | | |
2 | Кеңес төрағасының орынбасары | | | |
3 | Кеңес мүшесі | | | |
4 | Кеңес мүшесі | | | |
5 | Кеңес мүшесі | | | |
Кеңес қарады:
Кеңес шешті:
1.
2.
3.
...
Кеңес мүшелерінің қолдары:
№ | Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі | «Иә» | «Қарсы» | Түсіндірмелер |
1 | Кеңес төрағасы | | | |
2 | Кеңес төрағасының орынбасары | | | |
3 | Кеңес мүшесі | | | |
4 | Кеңес мүшесі | | | |
5 | Кеңес мүшесі | | | |
… | | | | |
Кеңес хатшысы ______________________ Т.А.Ә.
Егер кеңес мүшесі «Қарсы» дауыс берсе, түсіндірмелер бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.
Ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге
4-қосымша
____________ бастап ____________ қоса алғандағы кезеңде банктен/лизингтік компаниядан алынған субсидиялау туралы есеп
Банктің атауы | Кәсіпкер дің айналым орны | Кәсіпкер дің атауы | ҚШ/ҚЛШ (транш) нөмірі | ҚЛШ (транш) күні | Кредит/Лизинг (транш) сомасы | Кредит/Лизинг (транш) бойынша сыйақы ставкасы | Субсидиялау шартының нөмірі | Субсидиялау шартының күні | Қаржы агенті кезең үшін аударған субсидия сомасы | Кезең үшін есептен шығарылған субсидия сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге
5-қосымша
Бағдарламаның үйлестірушісіне ____________ бастап ____________ қоса алғандағы кезеңдегі субсидиялау туралы
есеп
Банктің атауы | Кәсіпкер дің айналым орны | Кәсіпкер дің атауы | ҚШ/ҚЛШ (транш) нөмірі | ҚШ/ҚЛШ (транш) күні | Кредит/Лизинг (транш) сомасы | Кредит/Лизинг (транш) бойынша сыйақы ставкасы | Субсидиялау шартының нөмірі | Субсидиялау шартының күні | Қаржы агенті кезең үшін аударған субсидия сомасы | Кезең үшін есептен шығарылған субсидия сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік
мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау,
сондай-ақ өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды
дамыту бойынша қолдау көрсету қағидаларына
2-қосымша
Субсидиялау туралы шарт
___________қ. | 20___ ж. «___» __________ |
Осы Субсидиялау туралы шарт (бұдан әрі - шарт):
1. «Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі»:
_________ атынан _____________ негізінде әрекет ететін _________ және
2. «Қаржы агенті» арасында:
______________ атынан ______________ негізінде әрекет ететін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арасында, бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталатындар немесе жоғарыда көрсетілгендей, өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсаттарын басшылыққа ала отырып:
1) ____________арасында жасалған____ жылғы______ №___ өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2) ____________арасында жасалған____ жылғы______ №___ өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы төлеу ставкаларын субсидиялау шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) негізінде және оларды орындау үшін жасалды.
Терминдер мен қысқартулар
Банк - төлем агенті | лизингтік компанияның қаржы лизингі шарттары бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы агентімен келісілуі және лизингтік компаниясының арнайы ағымдағы шотын жүргізу функциясын жүзеге асыруы тиіс лизингтік компанияның уәкілетті банкі; |
Субсидиялау шарты (СШ) | қаржы агентінің, банк/лизингтік компанияның және кәсіпкердің арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенті кәсіпкердің банкпен/лизингтік компаниямен жасасқан қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды; |
Лизингтік компания | ынтымақтастық туралы келісім жасасқан лизингтік компания; |
Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі | «жалғыз терезе» қағидаты бойынша облыстар әкімдерінің шешімімен айқындалатын жергілікті жерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі; |
Кредит | кәсіпкерге банктік қарыз шарты негізінде жедел, ақылы, қайтарымды, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында банк ұсынатын ақша қаражаты сомасы; |
Кәсіпкер | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының моноқалалары тізбесіне сәйкес әлеуеті төмен және орташа моноқалаларда өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі; |
Бағдарлама | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы; |
Жұмыс органы | «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі; |
Субсидиялау | кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде алдағы уақытта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбасқа төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны; |
Субсидиялар | өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржы агенті субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде банкке/лизингтік компанияларға төлейтін кезеңді төлемдер; |
Қаржы агенті | «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы; |
Қаржы лизингі (бұдан әрі - лизинг) | лизингті беруші сатушыдан меншікке сатып алынған және лизинг шартымен негізделген лизинг нысанын белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда кәсіпкерлік мақсаттар үшін кем дегенде үш жыл мерзімге уақытша иелену және пайдалану үшін лизингті алушыға беруге міндеттенетін инвестициялық қызмет түрі; |
1. Шарттың нысанасы
1. Жұмыс органы республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде моноқалалар бөлінісінде өңір үшін қаржыландыру лимитін айқындайды және нысаналы трансферт түрінде жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісіне қаражат бөледі.
2. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі қаржы агентіне жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт қаражаты есебінен олардың арасында жасалатын субсидиялау туралы шарттың негізінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес аударады.
3. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау бөлінген және қаржы жылының қорытындылары бойынша қаржы агенті пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды субсидиялауға, оның ішінде кезекті қаржы жылы мақұлданған жобаларға пайдаланылуы мүмкін.
4. Субсидиялау жөніндегі қаржы агентінің қызметтеріне жұмыс органы республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.
5. Кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ставкасының бөлігін субсидиялау түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету шарттары, тетігі және тәртібі қағидалармен және келісіммен реттеледі.
2. Субсидиялау қаражатын аудару тетігі
6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі сыйақы ставкасын субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне тиісті қаржы жылында Бағдарламаны іске асыруға бөлінген соманың 30 % мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Одан кейінгі төлемдер қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
7. Қаржы агенті жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісінен алған қаражат есебінен олар, банктер/лизингтік компаниялар және кәсіпкерлер арасында жасалатын СШ негізінде кәсіпкерлердің кредиттері/лизингі бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады.
8. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі мен қаржы агентінің арасында есептелген қаражат пен субсидиялау көлемі бойынша салыстырып актілеріне тоқсан сайын қол қойылады.
9. Қаржы агенті жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі есептеген субсидиялау үшін қаражатты толық пайдаланбаған жағдайда қаржы агенті пайдаланылмаған қаражатты _____________ жылға дейін қайтарады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері:
10. Қаржы агенті:
1) осы шартта белгіленген міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылауды және олардың уақтылы орындалуын талап етуді жүзеге асыруға;
2) жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінің осы шарт бойынша ақша қаражатының уақтылы аударылуын бақылауға және оны талап етуге;
3) келісімде көзделген жағдайларда субсидиялар төлеуді тоқтата тұруға құқылы.
11. Қаржы агенті:
1) субсидиялар сомасын банкте/банкте - төлем агентінде ашылған арнайы ағымдағы шотқа аударуға;
2) келісімде көзделген мониторинг жүргізуге міндеттенеді.
12. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі кәсіпкерлерге субсидиялардың төленуін бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
13. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі қаржы агентіне субсидиялау үшін қаражат аударуға міндеттенеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
14. Осы шарттағы Тараптардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалмағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.
5. Еңсерілмес күш мән-жайлары
15. Еңсерілмес күш мән-жайлары - Тараптардың кез келгенінің шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын (мыналарды қамтитын, бірақ бұлармен шектелмейтін: су тасқыны, жер сілкінісі, жарылыстар, дауылдар, індеттер, эпизоотиялар, апатты өрттер, ереуілдер, соғыс, көтерілістер, мемлекеттік органдардың ресми актілері) мән-жайлары. Бұл ретте, еңсерілмес күш мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
16. Тараптар шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер орындаудың мүмкін болмауы еңсерілмес күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
17. Еңсерілмес күш мән-жайлары басталған кезде ол үшін шарт бойынша өзі міндеттемелерін орындау мүмкін болмауы туындаған Тарап мұндай жағдайлар туралы басқа Тараптарды басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уақтылы хабардар етуі тиіс.
18. Уақтылы хабардар ету болмаған кезде Тарап хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген залалды басқа Тарапқа өтеуге міндетті.
19. Еңсерілмес күш мән-жайларының басталуы олардың әрекет ету кезеңіне шарттың орындалу мерзімін ұлғайтуға әкеледі.
20. Егер мұндай мән-жайлар 2 (екі) айдан астам жалғасатын болса, оны Тараптардың әрқайсысы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
6. Дауларды шешу
21. Шартқа байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
22. Осы шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
7. Шарт талаптарынын өзгеруі
23. Шарт ережелері өзгеруі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және фирмалық мөрмен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана, шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптар үшін нақты және міндетті болып танылады.
8. Қорытынды ережелер
24. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда шарт бойынша және шартты орындау үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеумен байланысты туындаған құқықтар мен міндеттер тараптардың кұқықтық мирасқорларына өтеді.
25. Осы шарт осы шарттың құрамдас бөлігі болып табылатын қосымшаларымен бірге осы шарттың нысанасына байланысты тараптардың өзара толық түсіністіктерін білдіреді және олардың арасында шарттың нысанасына қатысты болған алдыңғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтардың барлығының орнын алмастырады.
26. Осы шарт олардың әрқайсысы заңды күші тең, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сәйкестендірілген даналары _______ (___) данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін әртүрлі оқулар туындаған жағдайда шарттың орыс тіліндегі нұсқасы басым мағынаға ие болады.
27. Осы шарт барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.
28. Осы шартта көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
9. Тараптардың мекенжайлары, банк деректемелері мен қолдары
Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі | Қаржы агенті |
| |
| |
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік
мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау,
сондай-ақ өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды
дамыту бойынша қолдау көрсету қағидаларына
3-қосымша
№ ___ субсидиялау шарты
___________қ. | 20___ ж. «___» __________ |
Бұдан әрі «Қаржы агенті» деп аталатын _________________________ негізінде әрекет ететін _________ тұлғасында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, бір тараптан және
бұдан әрі «Банк/лизингтік компания» деп аталатын _____________________________ негізінде әрекет ететін _________ тұлғасында «Банк/лизингтік компания» акционерлік қоғамы және бұдан әрі «Кәсіпкер» деп аталатын _____________________________ негізінде әрекет ететін _________ тұлғасында екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке Тарап деп аталатындар немесе жоғарыда көрсетілгендей, төмендегілер туралы Субсидиялаудың осы шартын (бұдан әрі - шарт) жасасты.
1. Жалпы ережелер
Осы шартты жасасу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) ___________________________________ арасында жасалған 20____жылғы ________ № ______ өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасына субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2) ___________________________________ арасында жасалған 20____жылғы ________ № ______ өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Келісім);
3) _______________бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының 20___ жылғы ___________№ ____ хаттамасы.