Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1449 Қаулысы
(2013.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 279 Қаулысымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау, сондай-ақ өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөнінде қолдау көрсету қағидалары;
2) Бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 қарашадағы
№ 1449 қаулысымен
бекітілген
Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың
кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау, сондай-ақ өндірістік
(индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөнінде қолдау көрсету
қағидалары
1. Жалпы ереже
1. Осы Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау, сондай-ақ өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөнінде қолдау көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктер/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау осы Қағидаларда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың тізбесіне сәйкес моноқалалардажәне/немесе оларға әкімшілік бағыныстағы аумақта орналасқан елді мекендерде экономиканың кез келген секторында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - кәсіпкер) жаңа кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылатын болады.
3. Субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ экономиканың кез келген секторында өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілген банктердің/лизингтік компаниялардың жаңа кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылады.
Субсидиялау айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит/лизинг шеңберінде, бірақ кредиттің/лизингтің жалпы сомасының 30%-нан көп емес, жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) жаңа кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылмайды.
2012 жылғы 1 шілдеден бастап банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттер/лизингтік мәмілелер жаңа кредиттер/қаржы лизингі шарттарына жатады.
4. Субсидиялауға қарыздарды/қаржы лизингі шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, 2012 жылғы 1 шілдесінен ерте емес алынған Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер жатады.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мақсаттарға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар және Қағидаларда қолданылатын терминдер:
1) банк - өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы төлеу ставкаларын субсидиялау шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімді жасасқан екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі - ынтымақтастық туралы келісім);
2) банк - төлем агенті - лизингтік компанияның уәкілетті банкі - қаржы агентімен келісілуі тиіс және субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған Лизинг компаниясының арнайы ағымдағы шотын жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыруы тиіс;
3) субсидиялау шарты - қаржы агенті, кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенті банк/лизингтік компания берген Кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды;
4) банктік қарыз шарты - кәсіпкер, банк арасында жасалатын жазбаша келісім, оның талаптары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Банктік қарыз шартына сондай-ақ кредит желісін ашу туралы келісім де жатады;
5) Қаржы лизингісінің шарты - кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша банк/лизингтік компания кәсіпкерге лизингі ұсынады;
6) бағдарламаны үйлестіруші - Бағдарламаны облыстық деңгейде іске асыруға жауапты, облыстардың әкімдері айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
6-1) бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі - Бағдарламаны моноқалада іске асыруға жауапты, облыстардың әкімдері айқындайтын моноқаланың/ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;
7) лизингтік компания - ынтымақтастық туралы келісім жасасқан лизингтік компания;
8) лизингтік мәмілелер - азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған лизингке қатысушылардың келісілген іс-қимылдарының жиынтығы;
9) қаржы лизингі (бұдан әрі - лизинг) - лизингі беруші сатушыдан меншікке сатып алған және қаржылық лизинг шартымен негізделген лизинг нысанын белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда кәсіпкерлік мақсаттар үшін кемінде үш жыл мерзімге уақытша иелену және пайдалану үшін лизингті алушыға беруге міндеттенетін инвестициялық қызмет түрі;
10) бағдарлама - орта және ұзақ мерзімді преспективада моноқалаларда кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу мақсатында әзірленген іс-шаралардың жиынтығы;
11) жоба - кәсіпкер бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы;
12) жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті;
13) өңірлік үйлестіру кеңесі - жергілікті атқарушы органдар, банктер/лизингтік компаниялар, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстардың әкімдері басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - ӨҮК);
14) субсидиялау - кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде, болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбасқа төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
15) субсидиялар - өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржы агенті субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде банктерге және лизингтік компанияларға төлейтін кезеңді төлемдер;
16) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
17) қаржы агенті - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
6. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
1) жобаларды қаржыландыру (қайта қаржыландыру) бойынша іріктеуді және шешімді банктер/лизингтік компаниялар бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
2) ӨҮК жобаларды субсидиялау мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды;
3) бағдарламаны іске асыру шеңберінде барлық келісімдерді мемлекет тарапынан «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергілікті деңгейдегі бағдарлама үйлестірушілер орындайтын болады.
7. Жергілікті атқарушы органдар Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу кезінде осы Қағидалардың ережелерін ескеретін болады.
2. Бағдарламаның шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тәртібі
8. Жұмыс органы республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде моноқалалар бөлінісінде өңірлер үшін қаржыландыру лимитін айқындайды және жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне нысаналы трансферттер түрінде қаражат бөледі.
9. Уәкілетті орган мен облыстардың әкімдері арасында Қазақстан Республикасының 2009 жылы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 93-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы трансферттер жөніндегі туралы үлгі келісім жасалады:
1) моноқалаларда кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру;
2) моноқалаларда жаңа өндірістер құру;
3) халықтың еңбек ұтқырлығын ынталандыру.
10. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету жобаны іске асыруға арналған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялауды білдіреді.
11. Жергілікті атқарушы орган, қаржы агенті, банктің/лизингтік компаниялардың арасындағы өзара қарым-қатынасты ретке келтіру үшін ынтамақтастық туралы келісім (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес) жасалады.
12. Қаржы агентінің қызметіне жұмыс органы республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
13. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі қаржы агентіне олардың арасында жасалатын субсидиялау туралы шарттың негізінде (Қағидаларға 2-қосымша) аударады.
Сыйақы ставкаларын субсидиялау шарттары
14. Сыйақы ставкаларын субсидиялауды жүзеге асыратын кредиттің/қаржы лизингі шартының сомасы кәсіпкердің әрбір жобасы бойынша 750 млн. теңгеден аспауы тиіс. Кредиттің/қаржы лизингі шартының мерзімі 10 (он) жылдан аспауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Субсидиялау мерзімі кейіннен 5 (бес) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту кәсіпкерлерге тиісті жылы субсидия беру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінген кезде ғана банк/лизингтік компания қолдаухатының негізінде ӨҮК шешімімен мақұлданады. Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзарту жыл сайын жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Пайыздық ставканы субсидиялау белгіленген номиналды сыйақы ставкасы 14%-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның 10%-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте, банктер мен лизингтік компаниялар:
1) кредит беру шарттарын өтініш берушінің бастамасымен өзгертуге байланыстыларды;
2) өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты алынатындарды қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Егер кредит бойынша номиналды сыйақы ставкасы жылдық 14%-дан төмен болса, онда 10%-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
18. Лизинг бойынша субсидиялау қайтару лизингі, қайталама лизинг немесе сублизинг шарты бойынша жүзеге асырылмайды.
Кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау тетігі
19. Кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға осы Қағидаларға сәйкес шарттарда кредит/лизинг ұсынуға өтінішпен (банк/лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген нысан бойынша) жаңа кредит/қаржы лизингі шарттары бойынша жүгінеді.
20. Банк/лизингтік компания жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігін бағалауды жүргізеді және кредит/лизинг беру немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы ставкасын төмендету туралы оң шешім қабылдаған жағдайда кәсіпкерге 2 (екі) жұмыс күні ішінде жобаны кредиттеуге/қаржы лизингі шартын жасасуға дайын екені туралы жазбаша жауап жолдайды.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21. Банктің кредит беру туралы оң шешімі бар кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен бірге (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) жүгінеді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
2) егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензия (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
3) жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам қосымша акциялар шығару проспектісін және құнды қағазды ұстаушылар тізілімінен үзіндіні (тізілімді ұстаушының мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынады;
4) кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесі қоса берілген, қаржы есептері және/немесе интернет ресурстарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және өнімдердің/тауарлар мен көрсетілген қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
5) кредит/лизинг беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банк/лизингтік компанияның хаты (кәсіпкердің Бағдарламаға қатысуы туралы банктің/лизингтік компанияның уәкілетті органының шешімін қоса бере отырып).
22. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кәсіпкерден өтініш-сауалнаманы және құжаттарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш-сауалнамамен қоса берілген міндетті құжаттардың толықтығын тексеру. Құжаттар пакеті толық тапсырылмаса немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші тапсырылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды пысықтау үшін банкке/лизингтік компанияға қайтарып береді;
2) кәсіпкердің жобасын алдын ала қарау және жоба бойынша ӨҮК үшін ұсынымдарды әзірлеу;
3) кәсіпкердің басқа да мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын, мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануын тексеру;
4) ӨҮК отырысының ұсыныстар, күн тәртібін қалыптастыру, өтетін күнді, уақытты және орынды айқындау, бұл туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар ету;
ӨҮК отырысы күн тәртібінің қалыптастырылуына байланысты жүргізіледі;
5) құжаттардың толық пакетін қоса отырып, ӨҮК қарау үшін кәсіпкердің жобаларының тізімін қарауға енгізу;
6) толық кұжаттар пакетін алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің жобасын ӨҮК қарауына жіберу.
23. Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексереді;
2) ӨҮК мүшелерінің арасында кәсіпкердің жобасы мен ұсынылған құжаттарды қарайды және талқылайды;
3) кәсіпкердің өтінішінде көрсетілген басқа да мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану туралы ақпаратты қарайды;
4) талқылау нәтижесі бойынша кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысын өткізген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада кәсіпкердің бағдарламаға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Осы Қағидалардың 3, 14 және 16-тармақтарында көрcетiлген талаптарға сәйкес келмеуі ауытқудың себебі болуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
24. Осы Қағидалардың шеңберінде мынадай кәсіпорындар сыйақы ставкаларын субсидиялауға жатпайды:
1) мұнайгаз өнеркәсібі кәсіпорындары;
2) қару-жарақ және акцизге тәуелді өнімдерді өндірушілер;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;
4) таукен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары;
5) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар;
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі хаттамаға ӨҮК мүшелері қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін банкке/лизингтік компания мен қаржы агентіне жібереді.
ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі банк/лизингтік компания ӨҮК хаттамасын алған күннен бастап 6 (алты) ай.
26. Банк/лизингтік компания жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агентінің, банктің/лизингтік компанияның арасында субсидиялау шарты жасалады (Қағидаларға 3-қосымша), соған сәйкес қаржы агенті банкке/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына өтеу кестесіне сәйкес және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын төлеуді жүзеге асырады.
27. Субсидиялау шарты Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес жасалады:
1) банк/лизингтік компания жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіден хат алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
2) қаржы агентімен:
банк/лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды.
28. Субсидиялау шарты бекітілген нысанға, Бағдарлама талаптары мен ӨҮК шешіміне сәйкес болу шартында оған кәсіпкер және қаржы агенті қол қойған күнге тәуелсіз банк/лизингтік компания, қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
29. Егер банктік қарыз шарты/қаржы лизингі шарты және/немесе субсидиялау шарты ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенті субсидиялау шартына қол коймайды. Бұл ретте қаржы агенті үш жұмыс күні ішінде Бағдарлама үйлестірушісін, банкті және кәсіпкерді хатпен хабардар етеді.
30. Бағдарламаны үйлестіруші, банк/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенті бес жұмыс күні ішінде субсидиялау шартына қол қояды (Қағидаларға 3-қосымша).
31. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші, банк/лизингтік компания қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агенті хатының көшірмесін жұмыс органына келісуге жібереді.
32. Жұмыс органы қарау нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялау немесе субсидиялаудан бас тарту туралы шешімді келіседі. Келісу нәтижелері тиісті хатпен жергілікті деңгейдегі қаржы агентіне жіберілді (бұл ретте көшірмеде жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісін, банкті/лизингтік компанияны және кәсіпкерді көрсетеді).
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
33. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу кәсіпкер, банк/лизингтік компания субсидиялау шартына қол қойған күннен кейінгі күнінен басталған жағдайда, кәсіпкер, банк/лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне кірмейді.
Субсидиялау кезеңі банк/лизингтік компания және кәсіпкер субсидиялаушартына қол қойған сәттен бастап басталады.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34. Қаржы агенті субсидиялау шартына қол қойғанға дейін субсидияларды төлеу күні басталған жағдайда:
1) қаржы агентінің ағымдағы шотында/лизингтік компанияның шотында қаражат болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде төленген соманы кейіннен қаржы агенті өтейтіндей етіп төлеуді кәсіпкер дербес жүргізетін болады;
2) қаржы агентінің ағымдағы шотында/лизингтік компанияның шотында қаражат болған және жеткілікті болған кезде банк/банк - төлем агенті сол кәсіпкердің кредиттеу/қаржы лизингі шарты бойынша қаржы агентінің ағымдағы шотынан субсидияланатын сыйақы ставкасын өтеу есебінен жүргізеді.
35. Банк жасалған субсидиялау шарттары бойынша соманы аудару үшін қаржы агентіне ағымдағы шот ашады.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 36-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар қаржы агентімен келісім бойынша, онда лизингтік компания субсидияларды аудару үшін шот ашатын банк - төлем агентін айқындайды.
37. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші сыйақы ставкасын субсидиялау үшін қарастырылған қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне тиісті қаржы жылы бағдарламаны іске асыруға бөлінген соманың 30% мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Одан кейінгі төлемдер қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
38. Субсидиялау үшін қарастырылған қаражатты аударуды қаржы агенті субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып тоқсан сайын аванстық төлемдермен банктегі/банк төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударады.
39. Кәсіпкердің сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша банк/банк төлем агенті кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агентінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
40. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша төлемді, оның ішінде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін уақытында өтемеген жағдайда банк/банк-төлем агенті кәсіпкер берешекті өтегенге дейін сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және бұл туралы қаржы агентін 2 (екі) жұмыс күні ішінде (қаржы агенті субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдамаған жағдайда) хабардар етеді.
41. Қаржы агенті банк/лизингтік компаниядан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақы есебі мен банкке/лизнгік компанияға төленген қаражатты тексеруді жүзеге асырады.
42. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының/қаржы лизингі шартының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенті ол бойынша банк сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігіне төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсынатын кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігіне субсидиялар аударуды жүзеге асыруға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 42-1-тармақпен толықтырылды
42-1. Егер банк/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржы лизингі шартының талаптарын өзгерткен жағдайда, банк/лизингтік компания тиісті хаттың негізінде Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісін хабардар етеді. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі жеті жұмыс күні ішінде жүргізілген қаржыландыру талаптарының өзгерістерін хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.
Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру
43. Субсидиялауды тоқтату және қайта калпына келтіру туралы шешімді қаржы агентінің өтінімі (хабарламасы) негізінде ӨҮК қабылдайды.
44. Мынадай факторлар белгіленген кезде қаржы агенті кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК тоқтату туралы шешім қабылдайды:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті мақсатсыз пайдалану;
2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржы лизингі шарты бойынша лизингтің нысанын алмауы;
3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына сәйкес келмеуі;
4) Бағдарламаға қатысушының шоттарына тоқтату салыну және/немесе сотта қарауды жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда кәсіпкерден лизингтің нысанын алдырту;
6) кәсіпкердің 3 (үш) ай бойы қатарынан банк/лизингтік компания алдындағы төлемдерін төлеу міндеттемелерін банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына төлемдері кестесіне сәйкес төлемеуі.
45. Субсидиялар төлеу тоқтатылған жағдайда осындай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хатпен қаржы агенті банкті/лизингтік компанияны, кәсіпкерді, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісін субсидиялауды тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып хабардар етеді.
46. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі қаржы агентінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК мәжілісі өтетін күнді, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.