Қазақстан Республикасының
Заңы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 316-құжат; 2008 ж., № 10-11, 40-құжат; 2009 ж., № 8, 42-құжат; 2011 ж., № 21, 165-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
3-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«7 мамыр - Отан қорғаушы күні;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қазанның 19-ы.
№ 43-V