55) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншігінде немесе басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалармен бірлесіп кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;
56) сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын жүргізу;
57) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету (босату);
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 58) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
58) ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 59) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
59) мониторинг, оның ішінде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттарды талап ету жолымен;
ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен 60) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60) конкурстық іс жүргізу, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде кредит берушілер комитетінің құрамын бекіту;
61) бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу;
62) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
63) кәсіби ұйымдар мен аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізу;
64) республикалық мемлекеттік меншікке жатқызылған концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 65) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
65) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 65-1) тармақшамен толықтырылды
65-1) бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімге шығару) жолымен бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2011.21.11. № 1360 Қаулысымен 66-тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
66) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау;
67) кредит берушілер талаптарының тізілімін бекіту;
68) аккредиттеу ережелерін сақтамау фактілері жағдайында бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына және кәсіби аудиторлық ұйымдарға, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарына ескерту жасау;
69) ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
70) Қазақстан Республикасы атынан субъект құқығын, республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығын жүзеге асыру;
71) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) анықтайды және республикалық мемлекеттік кәсіпорын жарғысын, оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді бекітеді;
72) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алынған мүлікті кейіннен теңгерімнен есептен шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;
72-1) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша республикалық заңды тұлғаға берілген немесе оның жеке шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүлкін алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
72-2) мемлекеттік мүлікті мақсатты пайдалануға бақылау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған артық, пайдаланылмаған не мақсаты бойынша пайдаланылмаған республикалық заңды тұлғалардың мүлкін тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз бақылау жүргізген сәттен бастап алты ай өткен соң алып қоюды жүзеге асыру;
73) таратылған республикалық заңды тұлғаның кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейінгі қалған мүлкін қайта бөлу;
74) шаруашылық жүргізу құқығында қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынға «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабында көзделген мәселелерді келісу;
75) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілер меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе ақысыз негізде беру құқығымен мүліктік жалға беруге (жалдауға), сенімді басқаруға беру;
75-1) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалға беруге (жалдауға) талдау жүргізу;
76) ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
77) ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
78) ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
79) ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
80) мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органды жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда олардың осы материалдық құндылықтарды объектіні жекешелендіргенге дейін одан әрі орналастыру үшін шешім қабылдауы үшін алдағы жекешелендіру туралы уақтылы хабардар ету;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 81) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
81) жекешелендіру шарттарын, нысанын және түрін анықтау, оны жүргізуге дайындықты жүзеге асыру;
82) Қазақстан Республикасының аумағына таралатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауға құқық алған мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіби бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беру, одан айыру, тоқтатып қою және әрекет етуін тоқтату туралы мәліметтер жариялау;
83) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 84) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
84) ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
85) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендіру объектілерінің жүктемелері туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектің сомасы, егер кәсіпорын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру объектісі болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорын жасаған шарттар туралы ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыру;
86) республикалық меншікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде республикалық меншікті жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау үдерісінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдал тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
86-1) сатып алу-сату, оның ішінде өз қолданысын тоқтатқан шарттың орындалуына байланысты бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту.
87) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;
88) Қазақстан Республикасы қатысатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеу мониторингін және оларды басқару тиімділігін ұйымдастыруды жүзеге асыру;
89) ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
90) акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға қатысуға акционер (қатысушы) ретінде мемлекет құқығын Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жүзеге асырады;
91) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық меншіктегі акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын тиісті саланың уәкілетті органына беру;
91-1) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларына дивидендтерді есептеудің және оларды төлеудің уақтылығы мен толықтығына, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушылары арасындағы таза кірісті бөлуге бақылауды жүзеге асыру;
91-2) акционерлік қоғамдар орналастырған акцияларды төлеуді және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны енгізу арқылы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына, сондай-ақ республикалық мүлікті салымды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жарғылық капиталындағы акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асыру;
92) өңірлердің және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында мемлекеттік меншік мониторингінің мәні жөніндегі ақпаратты талдау;
93) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;
94) ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95) ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
96) республикалық мүлік мәселелері жөніндегі мемлекеттің мүдделерін білдіру, Қазақстан Республикасына тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асыру;
97) ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
98) ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 99) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
99) ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
100) оңалту басқарушысының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы ағымдағы есептерін (жасалған мәмілелер туралы ақпаратты талап етеді) және конкурстық басқарушының конкурстық істерді жүргізу барысы туралы есептерін, сондай-ақ сыртқы байқау әкімшісінің сырттан байқау рәсімдерін жүргізу барысы туралы ағымдағы есептерін қарау;
101) ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен 102) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
102) конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есептерін келісу;
103) ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 103-1) тармақшамен толықтырылды
103-1) сотқа сыртқы байқау рәсімін енгізу туралы іс қозғау туралы өтінішпен жүгіну;
104) ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
105) ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 106) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
106) егер борышкердің банкроттау туралы іс қозғағаннан кейін жекелеген кредит берушімен немесе өзге тұлғамен жасасқан мәмілесі бір кредит берушілердің екіншілерінің алдындағы талаптарын қолайлырақ қанағаттандыруға әкеп соқтырса, борышкерді банкрот деп танығанға дейінгі оның жасасқан мәмілелерін тану туралы өтініш енгізу;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 107) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен 107) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
107) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бұзылғаны анықталған жағдайда, сырттай байқау әкімшісінің, конкурстық және оңалтушы басқарушының шешімдері мен іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулау;
108) ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 109) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
109) ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
110) санацияға қатысушының оңалтуды басқарушымен дәрменсіз борышкердің кредит берушілерінің талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге өзіне міндеттеме алмаған санацияға қатысушының жауапкершілігі туралы келісімін бекіту;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 111) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
111) жоқ борышкердің мүлкі болмаған немесе оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткіліксіз болған жағдайда жоқ борышкерді конкурстық іс қозғамай банкрот деп тануға келісім беру;
112) егер заңды тұлғаны тарату конкурстық іс қозғамай оны білдіретін заңды және уәкілетті тұлғалардың болмаған кезінде жүргізілген жағдайда «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кредит берушілер талаптарының тізілімін және қорытынды есеп беруді жасасуды ұйымдастыру;
113) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара)
114) жоқ борышкердің мүлкін сатуды ұйымдастыру;
115) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара)
116) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыру;
117) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда-саттық кедендік статистикасын және арнайы кедендік статистикасын жүргізу;
118) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға, оның ішінде Кеден кодексінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабар беруді тұрақты негізде қамтамасыз ету;
119) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, жасау және пайдалану;
120) кеден ісі мәселелері жөнінде өтеусіз консультация жүргізуді жүзеге асыру;
121) кеден ісі саласындағы жауаптарды уақтылы қарауды және беруді немесе сауалдардан және ұсыныстардан туындайтын өзге де іс-әрекеттерді жасауды қамтамасыз ету;
122) ішкі аудит қызметі бар мемлекеттік органдардың жоспарларды орындауы және ішкі бақылау жүргізуі нәтижелері туралы есептерін қарау;
123) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді Бюллетеньде жариялауды жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 124) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
124) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 125) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
125) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, енгізуге және пайдалануға қатысу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 125-1) тармақшамен толықтырылды
125-1) мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналасқан ақпаратты сақтау тәртібін айқындау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 126) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
126) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету тәртібін айқындау;
127) ҚР Үкіметінің 2011.29.04. № 461 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
128) Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес алкоголь өнімдерін бір немесе өзге түрге жатқызу;
129) этил спиртін, алкоголь өнімін және темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы саласында есепке алуды, есептілікті ұйымдастыру;
130) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды жүргізу;
131) салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
132) ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
133) Қазақстан Республикасының салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 134) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
134) өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіруді және түсініктеме беруді жүзеге асыру;
135) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 136) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
136) бюджетке түсетін түсімдерді есепке алудың толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 137) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
137) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына аудару;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 138) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
138) операцияларды шетелдік валютада жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу;
139) бюджеттен түсімдер сомасын қайтару жөніндегі салықтық және уәкілетті органдардың төлем құжаттарын орындау не оларды салық берешектерін өтеу есебіне есепке жатқызу;
140) инкассалық өкімдерді орындауға қызмет көрсету;
141) бюджет ақшасын басқару;
142) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттеріне республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшаларын орналастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша республикалық бюджетке сыйақылардың (мүдделердің) көлемін болжамдау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 143) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
143) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы қабылданған күнгі жағдай бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілген, нақтыланған, түзетілген көрсеткіштерін және олардың кассалық атқарылуын ұсыну;
144) ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
145) «Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;
145-1) меншіктің мемлекеттік мониторингінің мәні бойынша анық және объективті талдау үшін қажетті ақпаратты сұрату мен алуды жүзеге асыру;
145-2) меншіктің мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттік қаржы бөлу көлемін негіздеу;
145-3) мониторинг объектілерін тікелей зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингі мәніне жататын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тарту;
145-4) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату мен алуды жүзеге асыру;
145-5) мониторинг объектілерін зерттеу, ақпарат жинау және талдау, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен консультанттарды тарту;
145-6) зерттеу жүргізу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшін ұсынылуға тиіс ақпараттар тізбесін көрсете отырып, мониторинг объектісінің басшыларын зерттеу жүргізілетіні туралы хабардар ету;
145-7) меншігінде немесе басқаруында осы объектілер бар тұлғаларды мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелерімен таныстыру;
146) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай электрондық дерекқорын жүргізу және оған мемлекеттік органдардың қол жетімділігін қамтамасыз ету;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 147) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
147) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерістерді талдау және өндіргіш күштердің дамуын болжау мақсатында негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдер бойынша мониторинг объектілерін қадағалау;
148) республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес сенімгер басқарушылардың міндеттемелерді орындау мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде сенімгер басқарушыларды тыңдауды жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 149) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
149) мемлекеттік меншік мониторингі мән-жайы бойынша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілерін жүйелі зерттеу жүргізуді ұйымдастыру;
149-1) республикалық меншіктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
149-2) Қазақстан Республикасы жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестердің) директорларының тиісті кеңесі (бақылау кеңесі) құрамына өз өкілін тағайындау, ал өзге Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушыларының жалпы жиналысында директорлар кеңесіне немесе бақылау кеңесіне кандидатураны бекітуге ұсыну;
149-3) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауында белгіленген жағдайлар мен шарттарда мемлекет меншігіне алынатын мүлік үшін өтемді төлеуді жүзеге асыру»;
149-4) мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаттарын әзірлеуді жүзеге асыру;
149-5) мемлекеттік мүлік тізіліміндегі мемлекеттік мүлікті бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асыру;
149-6) республикалық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық жүргізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарын айқындау жөніндегі конкурсты «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізу;
149-7) ұлттық басқарушы холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
149-8) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
149-9) ұлттық басқарушы холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын орындау жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
149-10) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын орындау жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
149-11) республикалық мүлікті пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
150) ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
150-1) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
151) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша валюта түрлері бойынша ұлттық және шетел валютасында төлемдерді және ақшалай аударымдарды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 152) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
152) банкроттық рәсімдерде дәрменсіз борышкерді оңалтуды және конкурстық басқарушылардың қызметіне, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде сырттай байқау әкімшісінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
153) ҚР Үкіметінің 2012.24.05. № 667 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 154) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
154) борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
155) жалған және көрінеу банкроттықтың белгілерін анықтау;
156) оңалтуды, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттеріне шағымдарды қарау;
157) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қолдану;
158) оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау тәртібін белгілеу;
158-1) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, сондай-ақ тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын белгілеу;