14) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды және босатады;
14-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
15) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
16) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
15. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомствоның құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметі жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің директорлары мен басқармаларының басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
9) ведомство басшысы тағайындау үшін ұсынатын ведомство басшысының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Жауапты хатшының:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.
18. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.
19. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатарынан Министр бекітеді.
20. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрлік жұмысының регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен бекітіледі.
4. Министрліктің мүлкі
21. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптасады.
22. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Министрліктің өзіне бекітіп берілген мүлікті және егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге де тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005.16.09. № 923 (бұр.ред.қара); 2005.21.09. № 937; 2006.06.01. № 25 (бұр.ред.қара); 2010.02.06. № 503 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.14.10. № 1169 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.10. № 1226 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.12. № 1688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.01.02. № 181 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.20.03. № 345 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1132 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдар
тiзбесi
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегi мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесі
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң Республикалық естудi түзеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық эксперименттік протездеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» акционерлік қоғамы;
Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмiрдi сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы;
«Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы;
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы.
ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1132 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Ақмола облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Көкшетау қаласы. |
2. Ақтөбе облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Ақтөбе қаласы |
3. Алматы облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Алматы қаласы. |
4. Атырау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Атырау қаласы. |
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Өскемен қаласы |
6. Жамбыл облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті | Тараз қаласы |
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Орал қаласы. |
8. Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Қарағанды қаласы. |
9. Қызылорда облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Қызылорда қаласы. |
10. Қостанай облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Қостанай қаласы |
11. Маңғыстау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Ақтау қаласы. |
12. Павлодар облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Павлодар қаласы |
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Петропавл қаласы. |
14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Шымкент қаласы. |
15. Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Астана қаласы. |
16. Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Алматы қаласы. |
ҚР Үкіметінің 2007.29.09. № 859 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1132 қаулысымен
бекітілген
Тізбе. ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 21 шiлдедегі № 1020 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 38, 319-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шілдедегi № 983 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 27, 340-құжат).
3. «Протездік-ортопедиялық саланы одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 5 қыркүйектегi № 1146 қаулысы 6-тармағының 2) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөніндегі комитетін тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы № 662 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 195-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қызметіне байланысты жекелеген мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 маусымдағы № 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 20, 215-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 42, 448-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттiгiнің кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 98 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 4, 54-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 сәуірдегі № 379 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 16, 202-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 тамыздағы № 854 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 30, 401-құжат).