Осы редакция 2012 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ереже. ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 маусымдағы
№ 454 қаулысымен
Бекітілген
Нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары заң білімінің болуы;
3) кемінде бір жыл мерзіммен нотариуста тағылымдамадан өту;
4) аттестациялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту;
5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;
6) соттылығының болмауы.
ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. 1-тармақтың 3) тармақшасында көзделген біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдарға;
2) тұрақты судьяларға;
3) өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін сот лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға қолданылмайды.
3. 1-тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптары мемлекеттік нотариустарға, олар нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдірген кезде қолданылмайды.
4. ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)