390) елді мекендердің шегінен тыс су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
391) мыналарды:
су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының, олардағы және ерекше қорғалатын су объектілеріндегі шаруашылық қызметінің белгіленген режимінің сақталуын;
трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын;
су объектілері бойынша су пайдаланудың және су бөлудің белгіленген нормалары мен қағидаларының, лимиттерінің, сондай-ақ су пайдалану режимінің сақталуын;
су тарту құрылыстарын, су шаруашылығы (елді мекендерде орналасқандарынан басқа) жүйелерін және су қоймаларын пайдалану қағидаларының сақталуын;
су объектілерінен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшеріне бастапқы есеп жүргізудің, су сапасын айқындаудың дұрыстығына, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын;
жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ, судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауын;
су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;
су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізудің және су объектілерін пайдалану мен қорғау бөлігінде жер беті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;
белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының болуына және оның экономика салаларының объектілерін салуға, жаңартуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектілерін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметіне сай келуіне;
су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін;
суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетістіктерінің және озық тәжірибенің, су тұтынудың үлесін азайту жөніндегі іс-шаралардың кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгізілуін бақылауды жүзеге асырады;
392) су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
393) су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
394) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексеруді жүзеге асырады;
395) дериваттар тізбесін әзірлейді;
396) агроөнеркәсіп кешені саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
397) өсімдік шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
398) өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды сақтандырушыдан, сақтанушыдан, қоғамнан және агенттен сұратады және алады;
399) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы туралы және Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының талаптарын қоғамның сақтамауы туралы істерді қарайды;
400) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
401) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
402) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
403) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоса алғанда, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
404) ішкі сауда объектілерінде, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықты және азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сондай-ақ, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады;
405) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламентте белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
406) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, хаттама толтырады және әкімшілік жаза белгілейді;
407) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың улануының себептері мен шарттарын анықтайды және белгілейді;
408) асыл тұқымды өнімді (материалды) селекциялау және өсімін молайту саласында жаңа технологияларды, аспаптарды, құрал-жабдықтарды, материалдар мен биотехнологиялық әдістерді қолдануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
409) асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзылған жағдайда ол қалпына келтірілгенге дейін асыл тұқым өнімдерді (материалды) сатуды тоқтата тұрады;
410) асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
411) аттестаттаудан өткен жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсететін қызметтің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
412) асыл тұқымды мал шаруашылығының аттестатталған субъектілеріндегі малды асылдандыру жұмысының, оны есепке алудың және оның есептілігінің жай-күйін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
413) субъектілердің асыл тұқымды өнімді (материалды) ұстау, азықтандыру, сондай-ақ сақтау шарттарының сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
414) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына жануарлардың өсімін молайту жөніндегі және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) асыл тұқымды құндылығын анықтау жөніндегі қызметтер бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға берілген аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қызметтері сәйкес келмеген жағдайда асыл тұқымды зауыттың, асыл тұқымды шаруашылықтың, асыл тұқымды орталық пен дистрибьютерлік орталықтың аттестатын алып қою туралы ұсыныстар енгізеді;
415) астық қабылдау кәсіпорындарының: астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық сақтау; астық қолхаттарын беру, айналымы және өтеу қағидаларын сақтауын бақылауды уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен кестелердің негізіндегі тоқсан сайынғы жоспарлы тексеріс, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтініші негізіндегі жоспардан тыс тексеріс түрінде жүзеге асырады;
416) ветеринариялық препараттарды, азықты және азықтық қоспаларды, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткізуді, бақылауды, олардың тіркеу сынақтарын жүзеге асырады;
417) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының сақталуы тұрғысынан астық экспорттаушылар қызметін бақылауды жүзеге асырады;
418) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқама береді;
419) астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртібін сақтау тұрғысынан астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
420) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
421) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салады;
422) мыналарға:
мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелтуге және тасымалдауға (орын ауыстыруға);
астық қауіпсіздігі мен сапасына;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өкілеттіктер шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға бақылауды жүзеге асырады;
423) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
424) фитосанитариялық бақылау бекеттеріне әкелінетін карантинге жататын өнімді көлік құралдарын, қол жүгін және багажды тұрақты бастапқы карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде - үлгілерді іріктеп алумен оны зертханалық сараптауды жүргізеді және әкелінетін және әкетілетін карантинге жататын өнімге құжаттарды қарайды;
425) әкелінетін карантинге жататын өнімнің түпкілікті қабылданатын пункттерінде оның шыққан аумағы мен орнының, межелі пунктінің, сондай-ақ карантиндік объектілер таралмаған немесе олар мәнсіз аз таралған аймақтардың фитосанитариялық сипатын ескере отырып, осы өнімді тұрақты қайталама карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде - үлгілерді іріктеп алумен оны зертханалық сараптауды жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
426) әкетілетін карантинге жататын өнімді тиеп жөнелту орындарында тұрақты карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде - үлгілерді іріктей отырып, оны зертханалық сараптауды және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;
427) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкетілетін және транзиттік карантинге жататын өнімдердің карантиндік құжаттарының бар болуын және дұрыс ресімделуін тұрақты негізде қарайды;
428) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жататын өнімді тұрақты тексеріп қарауды, қажет болғанда - үлгілерін іріктей отырып, оған зертханалық сараптау жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
429) өсімдік текті өнімді өсіретін, дайындайтын, қоймалайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа да мақсаттағы жерлерге тұрақты бақылау іріктеу зерттеулерін жүргізеді;
430) мыналарды:
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы;
өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамалар береді және олардың орындалуын бақылайды;
431) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді;
432) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерде импорттық егу және отырғызу материалының карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен көмескі залалдануының болуын тексеру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
433) өсімдік қорғау және карантині саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
434) жеке және заңды тұлғалардың карантиндік шараларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
435) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
436) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егіс сапаларының сараптамасын жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
437) субсидиялар берілген бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
438) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егістерді байқаудан өткізу, жерге егіп бағалау, зертханалық сорттық сынау, тұқым сапасын сараптау тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
439) мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
440) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар береді;
441) мақтаны қайта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап қояды;
442) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 32-бабының 2-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде мақтаны жөнелтуге уақытша тыйым салады;
443) мыналарды:
мақта қауіпсіздігі мен сапасын;
аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтардың) қызметін;
сараптау ұйымының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
444) мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының:
мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу;
мақта қолхаттарын беру, олардың айналымы, жою және өтеу;
мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
445) сараптау ұйымының мақта талшығының сапасын сараптауды жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру қағидаларының сақталуын жыл сайынғы бақылауды жүзеге асырады;
446) мыналарды:
Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
447) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
448) ветеринариялық-санитариялық бақылануға жататын қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне ветеринариялық-санитариялық бақылауды, қадағалауды және мониторингін жүзеге асырады;
449) аңшылық, балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
450) аңшылық және балық аулау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
451) аңшылық және балық шаруашылығын жүргізуге шарттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
452) жануарларды еріксіз және жартылай еріксіз жағдайларда, сондай-ақ зоологиялық коллекцияларды күтіп ұстау тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
453) жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салудың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
454) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
455) жануарларды интродукциялау, будандастыруды және жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
456) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
457) жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекітеді, ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
458) жануарлар үйірімен мекендейтін жерлерді периметр бойынша олардың індері орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе оларды алдын ала басқа жерге көшірмей жыртуды келісуді жүзеге асырады;
459) ұшақтардың, тікұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтін аумақтардың үстінен бір километрден төмен биіктікте ұшып өтуін келіседі;
460) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып (дала кеміргіштерін қыру кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесі объектілерін аулауды келіседі;
461) түрлері Құрып кету қауіпі төніп тұрған жабайы флора мен фауна түрлерімен халықаралық саудалау туралы конвенцияның І-қосымшасына енгізілген, оларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірген кезде ғана саудалау нысанасы бола алатын жануарларды жерсіндіруді жүргізуге, сондай-ақ жаңадан климатқа бейімделген жануарларды алуға рұқсаттар береді;
462) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қолда ұстауға, тасымалдауға, сатуға, сатуға шығаруға және сатып алуға, сондай-ақ оларды әкелу мен әкетуге әкімшілік органның рұқсатын береді;
463) Құрып кету қаупі төніп тұрған жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық саудалау туралы конвенцияның І және II қосымшаларына енгізілген, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген жануарлар түрлерін тіркейді;
464) облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімдерін келіседі;
465) жануарлар дүниесін пайдаланушымен аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге шарттар жасасады;
466) облыстық атқарушы органға жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде немесе уақытша жер пайдалануында болатын жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптардың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда олардың өтінімі бойынша конкурс өткізбей бекітіп беру туралы ұсыныс жолдайды;
467) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
468) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
469) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
470) ветеринария саласындағы, оның ішінде лицензияланатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады;
471) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
472) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың көлемдері шегінде биоотын өндіретін зауыттар салуға рұқсат береді;
473) биоотын өндірісінің мониторингін жүргізеді;
474) биоотын өндіретін зауытты салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемеге салалық сараптама жүргізеді;
475) салық органына ұсынғанға дейін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растауды жүзеге асырады;
476) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ, салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы мәліметті Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына ұсынады;
477) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
478) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес реттелетін салаларда лицензиялауды және лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.15.07. № 1071 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.05. № 428 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді
14. ҚР Үкіметінің 2011.13.12. № 1517 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15. Министрліктің өзіне жүктелген тапсырмаларды іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға:
1) өз құзыреті шегінде міндетті түрде орындалатын нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) қолданыстағы заң актілерінде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
17. Министр Министрлікті басқаруды жүзеге асырады, Министрлікке жүктелген тапсырмаларды орындауға және оны өз қызметінде жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2205 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Осы мақсатта Министр:
1) реттеуші саладағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасайды;
2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
3) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекетінің тәртібін және құзыретін айқындайды;
4) ведомстволар актілерінің толық немесе бөліктерінің күшін жояды немесе тоқтатады;
5) Министр бұйрығына қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
7) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
8) Министрлікке келімге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына бұрыштама қояды және келіседі;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
19. Министрлік қабылдаған шешімдер Министрдің бұйрығымен ресімделеді.
20. Министрліктің аппараты басшылығын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Жауапты хатшы жүзеге асырады.
21. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі Жауапты хатшының өкілеттілігінің қысқаруына әсер етпейді.
22. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Министрге, Премьер-Министрге, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.
23. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастырған мемлекеттік басқарудың реттеуші саласындағы саясатты жүзеге асыруды және оның тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
2) Министрліктің аппаратын басқарады, ұйымдастырады, үйлестіреді және оның бөлімшелерінің жұмысын қадағалауды жүзеге асырады;
3) Министрліктің қаржылық және материалдық-техникалық, құқықтық-ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдаушылық қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келісуден кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
5) Министрмен келісуден кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, құжат айналымын ұйымдастырады және кадрлық қызмет жұмысын, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қадағалайды;
7) Министрлік қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісуден кейін Министрлік басқармалары мен департаменттерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомство басшылары тағайындауға ұсыным берген ведомство басшыларының орынбасарларын тағайындауда Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне енетін қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметтен босатады және қызметке тағайындайды;
11) Министрмен келісу арқылы Министрлік қызметкерлеріне сыйақы және үстемақы төлеу, көтермелеу, біліктілігін көтеру, даярлау (қайта даярлау), материалдық көмек көрсету, еңбек демалыстарын беру, іссапар мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісу арқылы еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне енетін қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Министр бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен Министрлікті қамтамасыз етеді;