3. Сот іс қозғау туралы сот ұйғарымының көшірмелерін борышкерге, өтініш берушіге, уәкілетті органға, мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік және өзге де органдарға, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына және борышкердің тұрған жері бойынша аумақтық атқарушылық іс жүргізу органына жібереді.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 28-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғаудың салдарлары
1. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғалған сәттен бастап:
1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлікті кәдімгі коммерциялық операциялардан тыс пайдалануға және өткізуге тыйым салынады;
2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ меншiк иелерiнiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе борышкер органдарының борышкер мүлкіне қатысты бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
3) кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;
4) кредиторлардың, салық органы мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары, оның iшiнде даусыз (акцептiсiз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша борышкердiң банк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi;
5) борышкердiң акцияларын, мүлкiндегi үлестердi иелiктен шығаруға тыйым салынады.
2. Сот Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғалғандығы туралы хабарландыруды қазақ және орыс тiлдерiнде жетi жұмыс күні iшiнде жариялауға мiндеттi.
Хабарландыруды жариялау борышкерді банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтiнiш берген тұлғаның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, ол осы Заңның 40-бабында белгiленген тәртіппен өтелуге жатады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 08.04.04 ж. № 542-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Кредитордың немесе прокурордың мәлімдемесіне борышкердің жауабы
1. Борышкер соттың банкроттық туралы iс қозғау жөніндегі ұйғарымының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде сотқа кредитордың немесе прокурордың мәлiмдемесiне жауап қайтаруға мiндеттi.
2. Жауапта:
1) жауап жiберiлiп отырған соттың атауы;
2) мәлiмдеушiнiң тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы, мәлiмдеменiң нөмiрi мен күнi;
3) борышкердiң мәлiмдеушi талабына қарсылықтары;
4) өзге кредиторлар алдындағы мiндеттемелер, борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу, салық және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі берешектiң жалпы сомасы;
5) борышкердiң қолында бар мүлiк, оның iшiнде кепiлге берiлген, жалдаудағы немесе лизингтегi мүлiк туралы, банктер шоттарындағы ақша туралы мәлiметтер, шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі;
6) борышкер мойындаған жағдайда мәлiмдеушi талаптарының қанағаттандырылғанына айғақтар.
3. Борышкердiң жауабына борышкердiң:
1) орындау мерзiмi жеткен борыштық мiндеттемелерiн орындауға;
2) орындау мерзiмi борышкердi банкрот деп тану туралы арыз берiлген кезден бастап үш айдың iшiнде келетiн борыштық мiндеттемелерiн орындауға қабiлеттi екенiн растайтын құжаттары қоса берiлуге тиiс.
4. Борышкер жауабының болмауы не оның осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмдi дәлелдi себепсiз бұза отырып тапсырылуы борышкердiң өзiнiң дәрменсiздiлiгiн мойындауы деп қаралады және соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болуы мүмкін.
5. Борышкердiң жауабында өзiн дәрменсiз деп тануды бiлдiруi соттың оны банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болады.
Борышкер жауабында өзiнiң дәрменсiздiгiн мойындаған жағдайда осы баптың 3-тармағында аталған құжаттардың табыс етiлуi мiндеттi емес.
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру және қайта бастау
1. Сот борышкердің банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу шеңберінде оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішін алып, өтініш келіп түскеннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады.
2. Соттың банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымының көшірмелерін сот борышкерге, өтініш иесіне, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасына және борышкердiң тұрған жерi бойынша аумақтық атқарушылық iс жүргiзу органына жiбередi.
3. Сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді мынадай:
1) сот оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті қараусыз қалдырған;
2) оңалту рәсiмiн қолданудан бас тарту туралы шешім шығарылған;
3) осы Заңның 53-бабында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсiмiн тоқтатқан жағдайларда қайта бастайды.
4. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу соттың ұйғарымымен қайта басталады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 09.08.02 ж. № 346-II Заңдарымен 30-бап өзгертiлдi
30-бап. Кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету
Кредитордың немесе прокурордың не iске қатысушы өзге адамның өтiнiшi бойынша сот кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету жөнiнде мынадай шаралар қолдануға:
1) борышкерге тиесiлi мүлiкке (оның бiр бөлiгiне), соның iшiнде ақшаға тыйым салуға;
2) борышкер мүлкiнiң азайып кетуiне не кредиторлардың мүдделерiне өзгеше түрде нұқсан келтiруi мүмкiн iс-әрекеттер жасауына борышкерге тыйым салуға;
3) өндiрiп алу даусыз (акцептсiз) тәртiппен жүргiзiлетiн орындау құжаттары немесе өзге де құжаттар бойынша өндiрiп алуды тоқтата тұруға құқылы.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 09.08.02 ж. № 346-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді
31-бап. Iстi соттың қарауына дайындау
1. Кредитордың немесе прокурордың сотқа осы Заңның 29-бабының ережелерiн ескере отырып табыс еткен талабына борышкердiң қарсылық бiлдiрген жауабының болуы iстi сотта қарауға дайындау үшiн негiз болып табылады.
2. Борышкердiң банкроттығы туралы iстi сотта қарауға дайындау кезiнде Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген әрекеттермен қатар сот:
1) iстi сот отырысында қаралатын уақыты мен орнын iске қатысатын уәкілетті органға, кредиторларға, прокурорға және өзге де тұлғаларға хабарлайды;
2) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында және 19-бабында көзделген мәлiметтер мен құжаттарды борышкерден талап етiп алады;
3) iстi мәнi бойынша қарау үшiн соттың отырысын тағайындайды.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 32, 33-баптар алынып тасталды
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен ; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34-бап жаңа редакцияда
34-бап. Сот талқылауы
1. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң бiр айдан кешiктiрiлмей, банкроттық туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.
Банкроттық туралы iс қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде банкроттық туралы іс сот отырысында қаралуға тиiс.
2. Істі алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң он бес күннен кешiктiрiлмей, оңалту туралы іс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.
Оңалту туралы іс қозғалған күннен бір айдан аспайтын мерзімде оңалту туралы іс сот отырысында қаралуға тиіс.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-бап. Соттың банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша қаулылары
1. Сот банкроттық немесе оңалту туралы iстi сот отырысында қарап, мынадай сот актiлерiнiң бiрiн қабылдай алады:
1) борышкердi банкрот деп тану және конкурстық іс жүргiзуді қозғау туралы шешiм;
2) борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм;
3) оңалту рәсімін қолдану туралы шешім;
4) оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешім;
5) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым.
2. Соттың осы баптың 1-тармағында көзделген шешiмдерi мен ұйғарымдары, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 18.12.00 ж. № 128-II ҚР Заңымен; 02.03.01 ж. № 162-II ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 36-бап өзгертілді
36-бап. Борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм
1. Соттың борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiмi мынадай жағдайларда:
1) iс қозғалған кезден бастап екi айдан аспайтын мерзiмде соттың iстi қарауы барысында борышкер өзiнiң қабiлеттiлiгiн дәлелдей алмағанда;
2) iс қозғалған кезден бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде, оның дәрменсіздігін растайтын құжаттарды қоса борышкердiң өз жауабында дәрменсiздiгiн мойындағанда;
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) iс қозғалған кезден бастап он күннен аспайтын мерзiмде, оның дәрменсіздігін растайтын құжаттарды қоса борышкер өзiн банкрот деп тану туралы арыз бергенде шығарылады.
4) 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмiнде:
1) борышкердi тарату туралы;
2) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауға тапсырма беру туралы;
3) шешiм шығарылғанға дейiн сотқа жүгiнген кредиторлардың мәлiмделген талаптарының сомасы туралы;
4) борышкердің лауазымды тұлғаларының құрылтай, қаржы және оның мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарын, сондай-ақ борышкердің мөрін конкурстық басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беру туралы нұсқаулар болуға тиіс.
2-1. Уәкілетті орган конкурстық басқарушыны соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тағайындайды.
3. Конкурстық басқарушы борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзуді қозғау туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде өзі тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жариялайды.
Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:
1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған соттың атауы;
2) банкроттың атауы және орналасқан жерi;
2011.11.01. № 385-IV ҚР Заңымен тармақ 2-1) тармақшамен толықтырылды. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «тіркеу нөмірі» деген сөздер болып есептелсін
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) банкротты сәйкестендіретін мәліметтер (салық төлеушінің тіркеу нөмірі, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы);
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылады (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жарияланым шыққан күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде өздерiнiң борышкерге қоятын талаптарын табыс ету қажеттiгi туралы кредиторларға хабарлама болуға тиiс.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
37-бап. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi
1. Егер кредиторлардың қойған талаптарына борышкер қарсылықтарын сот дәлелдi деп таныса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
2. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi кредиторларды Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртiп бойынша борышкерге өз талаптарын қою құқығынан айырмайды.
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 37-1-баппен толықтырылды
37-1-бап. Оңалту туралы іс бойынша шешім
1. Борышкер сот талқылауы барысында өзінің төлемге қабілетсіздігін немесе ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі таяу он екі айда басталған кезде борышкердің оларды орындайтын күйде болмайтын төлемге қабілетсіздік қатері төнгенін дәлелдеген жағдайда, сот оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімін шығарады.
2. Соттың борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешімінде:
1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы;
2) борышкердің оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде оңалту рәсiмiн қолдану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жарияланымды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртіппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде орналастыруы туралы;
3) борышкердің оңалту рәсiмi қолданылған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзімде кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыруы және оны уәкілетті органға бекітуге беруі туралы;
4) борышкердің оңалту рәсiмi қолданылған кезден бастап төрт айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар жиналысы мақұлдаған борышкерді оңалту жоспарын ұсынуы туралы;
5) оңалту рәсімін қолданудың осы Заңда көзделген салдарының басталғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
3. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы жарияланымда:
1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешімді шығарған соттың атауы;
2) борышкердің атауы және тұрған жері;
3) кредиторларға жарияланым күнінен бастап екі ай мерзімде өздерінің борышкерге бар талаптарын қою қажеттігі туралы үндеу қамтылуға тиіс.
4. Егер борышкер сот талқылауы барысында өзінің төлемге қабілетсіздігін не ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі таяу арадағы он екі айда басталған кезде оларды орындауға мүмкіндігі жоқ екендігін дәлелдемеген жағдайда, сот оңалту рәсiмiн қолданудан бас тартады.
Соттың оңалту рәсiмiн қолданудан бас тарту туралы шешiмінде кредитордың борышкерден оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтініш беру нәтижесінде келтірілген залалдарының орнын толтыруды талап ету құқығына нұсқау қамтылуға тиіс.
38-бап. Жалған банкроттық кезіндегі сот шешiмi
1. Жалған банкроттық белгiлерi болған кезде кiнәлi лауазымды адамдардан барлық сот шығындарын өндiрiп ала отырып, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады.
2. Сот шешiмiнде жалған банкроттықтан келтiрiлген шығындарды борышкерден өтеудi талап етуге кредиторлардың құқығы көрсетiлуге тиiс (осы Заңның 5-бабының 2-тармағы).
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертiлдi; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым
1. Банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi сот Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiш керi қайтарып алынған жағдайда (осы Заңның 15-бабының 5-тармағы) тоқтатады.
2. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы iс бойынша iс жүргiзудi сот Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ:
1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтініш кері қайтарып алынған;
2) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтінішке қоса берілген құжаттарда қамтылған дәйексіз мәліметтер ұсынылу фактілері анықталған жағдайларда тоқтатады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Әкiмшiлiк шығыстарын бөлу
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Борышкердi банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы шешiм қабылданған кезде әкiмшiлiк шығыстар борышкердiң мүлкiне жатқызылады және осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс өтеледi. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот және әкiмшiлiк шығыстары осы тәртіппен өтеледi.
2. Борышкердiң кредиторлардың талаптарына қарсылықтарын соттың дәлелдi деп тануына байланысты борышкердi банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген шығындар сотқа өтiнiш берген кредиторларға жатқызылады және олардың арасында талаптарына қарай бөлiнедi.
2006.10.01 № 115-III Заңымен 41 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi. Шешiмдi (ұйғарымды) қайта қарау
Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi мен оларды апелляциялық және қадағалау тәртібімен қайта қарау азаматтық сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша жүзеге асырылады.
2006.10.01 № 115-III Заңымен 3-1- тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Сырттай байқау
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.11.01. № 385-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-2-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 41-1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 41-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-1-бап. Сырттай байқау
1. Кредитордың не уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот сырттай байқау рәсiмiн енгізу туралы iс қозғау жөнiнде ұйғарым шығарады.
Борышкерге қатысты сырттай байқау рәсiмi:
1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор немесе сырттай байқау рәсiмiн қолдануға келiсiм бiлдiрген кемiнде үш кредитор, оның iшiнде өтiнiш берушi болған кезде;
2) борышкердiң төлем қабiлетi болмаған кезде үш айдан бір жылға дейiнгi мерзiмге енгiзiлуi мүмкiн.
Бұл ретте, өтiнiш берушiнiң ұсынысы бойынша кредиторлардың болуын борышкерден кредиторлары және олардың мүлiктiк талаптарының мөлшерi туралы мәлiметтi талап ету арқылы сот белгiлейдi.
Соттың сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарымында уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде сырттай байқау әкімшісін тағайындау тапсырылатыны туралы көрсетіледі.
Сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Сырттай байқау әкiмшiсi қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тіркелген дара кәсiпкер сырттай байқау әкімшісі болып тағайындалады.
Сырттай байқау әкімшісі өз өкілеттігін борышкердің орналасқан жері бойынша жүзеге асыруға міндетті.
Сырттай байқау әкімшісі етіп осы Заңның 9-бабының 11-тармағында көрсетiлген тұлғаларды тағайындауға болмайды.
Осы Заңда сырттай байқау әкімшісіне жүктелген өкілеттіктерді өзге тұлғаларға беруге болмайды.
3. Сырттай байқау әкімшісін уәкілетті орган:
1) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне залал келтірген олардың осы Заңда белгіленген талаптарды бұзушылықтары тексеру нәтижелері бойынша анықталған;
2) өз өкілеттіктерін орындау: қайтыс болуы; бір айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі салдарынан мүмкін болмаған;
3) тіркелу кезінде олардың дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған;
4) өзі тағайындалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кредиторлар комитетімен келісім жасамаған не кредиторлар комитетімен жасаған келісім бұзылған жағдайларда шеттетуге тиiс.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша сырттай байқау әкімшісін сырттай байқау рәсімін жүргізуден бір жыл ішінде бірнеше рет шеттету және (немесе) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттету оны барлық борышкерлерге қатысты осы Заңда көзделген өкілеттіктерді орындаудан бір мезгілде шеттетуге әкеп соғады.
4. Сырттай байқау әкімшісі сырттай байқау рәсімін жүргізуден өз еркі бойынша босату туралы өтініш ұсынған кезде кредиторлар комитетінің келісімімен босатылады.
Өтінішке кредиторлар комитетімен келісілген оның қызметі туралы есеп және кредиторлар комитетінің келісімі қоса беріледі.
Сырттай байқау әкімшісі жүктелген өкілеттіктерді орындаудан шеттетілген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған сырттай байқау әкімшісі алдыңғылардың құқық мирасқоры болып табылады.
5. Сырттай байқау енгiзiлген кезде мынадай салдар туындайды:
1) кредиторлардың борышкерге қатысты кез келген талаптары осы Заңда көзделген сырттай байқау рәсiмi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;
2) борышкердiң лауазымды тұлғаларына өздерiне тиесiлi акцияларды, борышкер мүлкiндегi үлестерiн иелiктен шығаруға тыйым салынады;
3) борышкердiң кепілге қойылған мүлкінен, оның ішінде соттан тыс тәртіппен өндіріп алуға тыйым салынады.
6. Сотқа сырттай байқауды енгізу туралы өтiнiш берген кезде кредитор салық қызметiнiң тиiстi органына хабарлама жiбередi.
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 41-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-2-бап. Сырттай байқау рәсімінде кредиторлар комитетiн қалыптастыру
1. Сырттай байқау кезінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар комитеті құрылады, оның құрамын осы баптың талаптарына сәйкес сырттай байқау әкімшісі құрады және оны уәкілетті орган бекітеді.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кредиторлар комитетінің құрамына борышкерге ең көп талабы бар азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлар, сондай-ақ еңбекақы төлеу бойынша және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлардың өкілдері кіруі мүмкін.
3. Өтініштері бойынша сырттай байқау рәсімі енгізілген кредиторлар, талаптардың мөлшеріне қарамастан, кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі.
4. 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41-3-бап. Кредиторлар комитетінің өкілеттіктерi
Кредиторлар комитетінің өкілеттіктеріне:
1) сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттерін үйлестіру мен бақылау;
2) борышкердің негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге мәмілелер жасауына қатысты сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттерін келісу, қайта ұйымдастыруды жүргізу;
3) сырттай байқау әкімшісімен борышкердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесінде борышкердің төлемге қабілетсіздігі туындаған, сырттай байқау рәсімін енгізгенге дейін жасалған оның мәмілелерін және іс-әрекеттерін анықтау мен талдау, мүлікті түгендеу актілері бойынша салыстыру жүргізу жөніндегі іс-шаралар және осы Заңда белгіленген өзге де іс-шаралар туралы уәкілетті органмен келісілген келісім жасау;
4) уәкілетті органға сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттері жөнінде шағымдану;
5) сырттай байқау рәсімін ұзарту немесе тоқтату туралы сотқа өтініш жасау жатады.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 41-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-4-бап. Сырттай байқау әкімшісінің өкілеттіктерi
1. Сырттай байқау әкімшісі:
1) сотқа борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қолдану, сондай-ақ мұндай шаралардың күшін жою туралы өтініш жасауға;
2) түгендеу актілері бойынша борышкердің мүлкіне салыстыру жүргізуге;
3) борышкерден берешек сомасы көрсетілген оның кредиторлары мен дебиторларының толық тізбесін, активтері мен пассивтері толық көрсетілген балансын, борышкердің қаржылық жағдайы туралы есепті және басқа да қажетті ақпаратты талап етуге;
4) сот алдында үшінші тұлғалардан қажетті құжаттарды, қорытындыларды табыс ету және (немесе) оларды талап ету, олардың борышкердің алдыңғы үш жылдағы қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты өзге мәліметтерді табыс етуі туралы өтініш жасауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мәліметтермен олардың тұрған жерінде танысуға;
5) сырттай байқау рәсімі енгізілгенге дейінгі алдыңғы үш жыл ішінде жасалып, борышкердің қаржылық жағдайын нашарлатқан мәмілелерді анықтауға, борышкерден оларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен бұзуды талап етуге;