қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру;
ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;
мұнай-газ кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу;
пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу;
кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнің, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану;
3) минералдық шикiзатты қайта өңдеу (кең таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеудi қоспағанда).
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
пайдалы қазбаларды бөлудiң физикалық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң физикалық-химиялық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң химиялық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң металлургиялық (пирометаллургия, күйдiру, гидрометаллургия, балқыту) тәсiлi;
құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсiптiк өндiрiстердiң қалдықтарын өңдеу;
4) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, таукен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 -ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 1150С-ден жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда);
5) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу;
6) заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуі және өткізуі.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
ядролық қондырғылар, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймалары құрылысы;
ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтар сақтау қоймаларын пайдалану;
ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдаланудан шығару;
ядролық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдаланудан шығару кезінде жұмыстарды және жобаларды басқару;
2) ядролық материалдармен жұмыс істеу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
ядролық материалдарды өткізу;
ядролық материалдарды пайдалану;
ядролық материалдарды сақтау;
3) радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды дайындау;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу;
табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу;
4) иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау;
иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;
5) атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;
иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау;
аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау;
өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің барын анықтау, радон және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу;
персоналды дозиметрлік жеке бақылау;
6) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
радиоактивті қалдықтарды жинау және сұрыптау;
үй-жайларды, жабдық пен материалдарды залалсыздандыру (радиоактивті ластанудан тазарту);
радиоактивті қалдықтарды өңдеу;
радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму;
аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту, өңдеп қалпына келтіру;
7) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау;
8) ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызмет;
9) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
физикалық қорғау жүйелерін жобалау, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету;
ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды тасымалдау кезінде оларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету;
10) ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау.
2009.17.07. № 189-ІV ҚР Заңымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда
14-бап. Улы заттар айналымы саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою;
уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану;
уларды сатып алу, сақтау, өткізу.
Нормативтік құжаттарға сәйкес сынақтар, зерттеулер және дезинфекция жүргізу үшін қажетті көлемде улы заттарды пайдаланатын аккредиттелген зертханалардың қызметі улар айналымы саласындағы лицензиарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен, удың жылдық қажеттілігі туралы ақпарат және оларды пайдалану туралы жыл сайынғы есеп бере отырып, лицензиялаусыз жүзеге асырылады;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану.
15-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Көлік саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) жолаушылар тасымалдау.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысшілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тасымалдау;
жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау;
2) қауіпті жүктерді тасымалдау.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
қауіпті жүктерді теңіз көлігімен тасымалдау;
қауіпті жүктерді өзен көлігімен тасымалдау;
қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау.
17-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті лицензиялау
Есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою;
құрамында есірткі және психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау;
денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау бойынша.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын әзірлеу, өндіру, жөндеу және оларға сервистік қызмет көрсету;
мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын монтаждау, орнату, оларға қызмет көрсету;
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру).
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу;
ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізу (оның ішінде өзге де беру);
3) ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру;
жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
1) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру;
монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды жөндеу;
монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткізу;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін сатып алу;
3) босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
босатылған оқ-дәріні жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
босатылған қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
4) қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу;
қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын өндіру;
қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын жөндеу;
қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын сатып алу, оларды сату;
5) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау;
5-1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу;
6) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану;
7) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу.
21-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
Зымыран-ғарыш техникасын жасауды, өндіруді, пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жер үсті инфрақұрылымдарын (полигонды, командалық-өлшеу кешенін, стендтік базаны және басқаларын) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңістігін пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
22-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметті лицензиялау
2008.21.11. № 89-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) байланыс саласында қызмет ұсыну.
Қызметтің бұл түріне мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
жергілікті телефон байланысы;
қалааралық телефон байланысы;
халықаралық телефон байланысы;
Интернет жүйесіне қол жетімділік қызметін көрсету;
спутниктік жылжымалы байланыс;
ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып);
ұтқыр телекоммуникациялық байланыс (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтік және пейджингтік байланыс қызметтері);
Байланыс саласындағы қызметпен айналысуға лицензия берудің, оның ішінде конкурстық негізде берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2. Мынадай қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алу талап етілмейді:
1) меншікті не жалға алынған желілік немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиісті лицензиялар негізінде әрекет ететін басқа байланыс операторларының қызметтерін ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі.
Мұндай тұлғалар мен байланыс операторының арасындағы қатынастар жасалған шарттармен реттеледі, олардың құрылымы лицензиармен келісілуге тиіс. Делдалдар қызметтерді шарт жасасқан байланыс операторының сауда маркасымен ұсынуға міндетті. Бұл ретте, тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердің сапасына және лицензияның қолданылу шарттарының орындалуына байланыс операторы жауап береді;
2) өндірісішілік қызметті және технологиялық процестерді, оның ішінде үшінші тұлғаларға байланыс қызметтерін ұсынбай радиожиілік спектрін пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес байланыс операторлары ұсынатын байланыс қызметтерін пайдаланбай, басқаруға арналған желілерді құру және пайдалану жөніндегі қызмет;
3) байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты емес, ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосылмаған және негізгі қызмет түрін жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желілерін құру және пайдалану (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтік және пейджингтік байланыс) жөніндегі қызмет.
Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жиілік, радиожиілік жолақтарын (радиожиілік арналарын) пайдалану үшін байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат береді.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (2007.09.08. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау
Білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
Қызметтің бұл түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары;
техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;
діни білім беру бағдарламалары.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
24-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензиялау
Теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Ауыл және орман шаруашылығы, геодезия және картография саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау;
2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;
3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;
4) геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
геодезиялық жұмыстар жүргiзу;
картографиялық жұмыстар жүргiзу.
2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) медициналық қызмет.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті, жедел медициналық көмек;
диагностика: радиологиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық, патологиялық анатомия;
зертханалық диагностика: бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы), жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер;
қан мен оның компоненттерін дайындау, консервациялау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу;
санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: халықты гигиеналық оқыту, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын өндіру, қайта өңдеу және өткізу, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлерін өткізу;
санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер: бактериологиялық; вирусологиялық зерттеулер, физикалық факторларды (шуды, дірілді, электр-магниттік өрісті және басқаларды) өлшеу, паразитологиялық зерттеулер, радиометрия және дозиметрия, санитариялық-химиялық, токсикологиялық зерттеулер;
ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:
акушерлік және гинекология;
педиатрия;
инфекциялық аурулар;
терапия: жалпы терапия, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсіптік патология, отбасылық дәрігер;
хирургия: жалпы хирургия, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бет сүйегі хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия;
дерматовенерология (дерматокосметология);
психиатрия: наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
фтизиатрия;
онкология;
стоматология;
дәстүрлі медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануалдық терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи текті құралдармен емдеу;
сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;
медициналық реабилитология: физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру;
спорттық медицина;
еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсіптік жарамдылық сараптамасы;
анестезиология және реаниматология;
2) фармацевтикалық қызмет.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
дәрілік заттарды өндіру;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру;
медициналық техниканы өндіру;
дәрілік препараттарды дайындау;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;
дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізу;
медициналық техниканы көтерме саудада өткізу;
дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу;
медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу.