2) конкурстық құжаттама жаңа орындаушының кредиторлармен келiсiлген олардың алдындағы мiндеттемелерiн орындауы жөніндегі талапты қамтуы тиіс.
3. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде кредиторлармен келісім бойынша тапсырыс беруші базалық шарт бойынша талаптарды орындауды уақытша орындаушыға жүктеуі мүмкін, оны таңдаудың тәртібі мен қызметін жүзеге асыру талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6-10-бап. Арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезінде облигациялар шығаруының ерекшеліктері
1. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығаруы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
3. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару проспектісі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көрсетілгендерден басқа, мынадай мәліметтерді:
1) ақшалай талап етулердің сипаттамасын, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімдерінің шарттары мен болжамды мерзімдерін;
2) арнайы қаржы компаниясының осы Заңның талаптарына сәйкес облигацияларды орналастыру нәтижесінде алған ақшасының нысаналы мақсатын;
3) облигацияларды ұстаушыларға базалық шарт бойынша түзілген мүліктің меншік иесінің ауысуы туралы, кредиторлардың өкілдерін арнайы қаржы компаниясының органдарына кіргізу және олардың өкілеттіктері туралы ақпарат берудің тәртібін;
4) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру мәмілесіне және активтерді инвестициялық басқаруға қызмет көрсетумен байланысты, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын шығыстар тізбесін қамтуы тиіс.
4. Облигациялық бағдарлама бойынша облигациялар шығаруды қоспағанда, арнайы қаржы компаниясы бір жобалық қаржыландыру мәмілесінің шеңберінде кейіннен облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы емес.
3-тарау. Секьюритилендіру мәмілелерінің ерекшеліктері
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Секьюритилендіру объектілері
1. Секьюритилендіру объектілері болып табылатын талап ету құқықтары біркелкі болуға тиіс.
2. Арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтер бойынша түсімдерді өзі шығарған облигациялар бойынша міндеттемелерін орындауға және бір секьюритилендіру мәмілесі шеңберінде көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуге, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда қаржы құралдарына инвестициялауға пайдаланады.
8-бап. 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты
Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты бойынша оригинатор өзінің дебиторлармен қатынастарынан туындайтын дебиторларға қойылатын болашақтағы немесе қазіргі талап ету құқықтарын береді немесе оны беруге міндеттенеді, ал арнайы қаржы компаниясы осы талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген облигацияларды орналастырудан алынған ақша қаражатын оригинаторға беру арқылы оларды сатып алуды жүзеге асырады.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, оригинатор дебиторлардан басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдер жинауды жүзеге асырады.
3. Секьюритилендіру мәмілесі бойынша басқаға беру нысаны болып табылатын талап ету құқықтары оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасындағы шартта шарт жасасу кезінде орын алған ақшалай талап, ал болашақ талап - ол туындаған кезден кешіктірмей белгілеуге мүмкіндік беретіндей болып айқындалуға тиіс.
4. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты Азаматтық кодекстің 346-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шартының жазбаша түрде жасалуын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соқтырады.
5. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы дебиторлардан талаптарды орындау үшін алынған талап ету құқықтары бойынша барлық түсімдерді алу құқығына ие болады.
Оригинатор талап ету құқықтары бойынша түсімдердің арнайы қаржы компаниясының осы құқықтарды алу үшін оригинаторға төлеген сомасынан кем болғаны үшін арнайы қаржы компаниясының алдында жауаптылықта болмайды.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
10-бап. 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру
1. Қазіргі талап ету құқығы, облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінен бастап жасасқан шарт бар болған жағдайда, арнайы қаржы компаниясына ауысқан болып есептеледі.
2. Болашақ талап ету құқығын басқаға берген кезде осы баптың 1-тармағында көзделген талап болған жағдайда, шартта көзделген басқаға беру талабының мәні болып табылатын ақша алу құқығының өзі туындағаннан кейін арнайы қаржы компаниясына ауысқан болып есептеледі. Осы құқық туындаған кезде болашақ талап ету құқығын кейіннен басқаға беруді қосымша ресімдеу қажет етілмейді. Егер ақшалай талап етуді басқаға беру белгілі бір оқиғамен байланысты болса, онда ол осы оқиға басталғаннан кейін күшіне енеді.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
12-бап. 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13-бап. Секьюритилендіру мәмілелері бойынша есепке алу және есептілік
1. Арнайы қаржы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есеп жүргізеді және арнайы қаржы компаниясының өз қаражаты мен бөлінген активтері, облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) бойынша бөлек қаржылық есептілікті ұсынады.
2. Уәкілетті орган осы облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті бекіткеннен кейін қалған облигациялар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер арнайы қаржы компаниясының кірісіне (залалына) жатқызылады.
3. Арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік есепті жүзеге асыру және қаржылық есептілік жасау тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
4. Кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясының активтерін, сондай-ақ облигациялармен жасалған мәмілелерді есепке алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру кезінде облигацияларды шығару ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарынан басқа, арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару (облигациялық бағдарлама) проспектісі мынадай мәліметтерді:
1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушы, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдер жинауды жүзеге асыратын тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
2) оригинатордың қызметінің нысанасын, секьюритилендіру мәмілесіндегі құқықтары мен міндеттерін;
3) талап ету құқықтарының сипаттамасын, бөлінген активтер құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсу шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібін;
5) секьюритилендіру мәмілесі бойынша көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуге байланысты шығыстарды және арнайы қаржы компаниясына бөлінген активтерден осы шығыстарды шегеруге құқық беретін шарттарды;
6) секьюритилендіру мәмілесі тараптарының аффилиирленгендігін;
7) оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесі бар екендігін;
8) секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтердің мөлшерін, құрамын және өсімінің болжамды талдамасын;
9) қосымша қамтамасыз ету туралы;
10) облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын өтеу шарттары мен тәртібін;
11) талап ету құқықтарының біркелкілік өлшемдерін;
12) осы облигациялық бағдарламаның шегінде шығарылған әр түрлі шығарылымдар облигацияларын өтеудің кезектілігін қамтуға тиіс.
13) 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Оригинатордың соңғы жылдағы аудиторлық есебі, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясының арасында жасасқан осы секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы кәсіпорнының облигациялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
3. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын орналастыру және өтеу нәтижелері туралы есептерді қарап, бекіту үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша секьюритилендіру мәмілесі мен арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды көрсететін қосымша есептілік ұсынылады.
4. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі оригинатордың аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
4-тарау. Қорытынды ережелер
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев | |
Астана, Ақорда, 2006 жылғы ақпанның 20-сы.
№ 126-III ҚРЗ