20-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының аудитi
1. Астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру және растау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жыл сайынғы мiндеттi аудиторлық тексерулер жүргiзiп отырады.
2. Егер кәсiпорынның басқару органы астық қабылдау кәсіпорнының жылдық қаржылық есебiне, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiне аудиторлық тексеру жүргiзуден жалтарса, кез келген мүдделi тұлғаның арызы бойынша қабылданған сот шешiмiмен тексеру тағайындалуы мүмкiн.
3. Тексеру комиссиясының (ревизордың) астық қабылдау кәсiпорны басқару органының қызметiн тексерудi жүзеге асыруы астық қабылдау кәсiпорнын аудит жүргiзу мiндетiнен босатпайды.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының есеп жүргiзуi және есеп беруi
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Астық қабылдау кәсіпорындары және астық нарығына басқа да қатысушылар алғашқы статистикалық деректерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етуге міндетті.
2. Астық қабылдау кәсiпорындары уәкiлеттi органның жазбаша сауалы бойынша, өздерiнiң негiзгi қызметiне байланысты ақпарат беруге мiндеттi.
22-бап. Астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
Астық қабылдау кәсiпорындары жылдық балансты және пайда мен залал туралы есептi, оның салық органдарына тапсырылатын мерзiмi келгеннен кейiн күнтiзбелiк бiр ай iшiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
23-бап. Құжаттардың есепке алынуы және сақталуы
1. Астық қабылдау кәсiпорындары өздерiнiң астықпен жасаған операцияларын көрсететiн құжаттардың қатаң есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмдерi заңдармен белгiленедi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13.10.03 ж. № 488-II ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред . қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 24-1-бап өзгертілді
24-1-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының жауапкершiлiгi
1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөніндегі, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылғаны байқалған, астық қабылдау кәсiпорындарының лауазымды адамдарының сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiне қатер төндiруi мүмкiн заңсыз әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнына мынадай жауапкершiлiк түрлерiнiң бiрiн қолдануға:
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;
2) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) осы Заңның 28-бабында белгiленген жағдайларда астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгізуге құқылы.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметтi тиiстi лицензиясыз жүргiзген жағдайда, осы операциялардан (қызметтен) түскен табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиiстi бюджетке алынады.
3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред . қара) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-бап. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру
Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республиккасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
27-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару
1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында олар жөнiнде әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдықтехникалық және басқа да iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу болып табылады.
2. Уәкiлеттi органның дербес қабылдаған шешiмi бойынша не астық қолхаттарын ұстаушылардың жолданымы бойынша астық қабылдау кәсiпорны мынадай негiздемелердiң бiрi бойынша:
1) астық сақтау жөніндегі шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы;
2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етiлген астық мөлшерiнiң астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерiнен асып кетуі бойынша ғана уақытша басқаруға берiлуi мүмкiн.
3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды уақытша басқару жөніндегі комиссия мен уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.
4. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорнының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Уақытша басқару кезеңiнде заңсыз әрекеттермен астық қабылдау кәсiпорнына келтiрген залал үшiн уақытша басқару жөніндегі комиссияның мүшелерi, уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.
29-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгізу
1. Уәкiлеттi органның астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмi бұйрықпен ресiмделедi және онда мыналар:
1) астық қабылдау кәсiпорнының атауы, оның орналасқан жерi мен мекен-жайы;
2) уақытша басқаруды енгізу үшiн негiздеме;
3) уақытша басқарудың қолданыла бастауы және мерзiмi;
4) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау мақсатында астық қабылдау кәсiпорнының қызметiне қойылатын шектеулердiң тiзбесi;
5) уақытша басқару жөніндегі комиссияның адам құрамы;
6) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару режиміндегі астық қабылдау кәсiпорнының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы жөнiнде есеп дайындап, бұл құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке табыс ету туралы және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушыларға уақытша басқарудың енгiзiлуi жөнiнде мiндеттi түрде хабарлау туралы нұсқама болуға тиiс.
2. Мүдделi тұлғалар уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмге сот тәртібімен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым жасау уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтатып қоймайды.
3. Уәкiлеттi органның уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган осы Заңның 28-бабының 4-тармағында аталған қаражат есебiнен үш жұмыс күнi iшiнде кемiнде екi газетте мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жариялайды.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Уақытша басқару жөніндегі комисия
1. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының, астық қабылдау кәсіпорнының, сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) өкілдерінен тұрады.
2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданғанға дейін уәкілетті орган астық қабылдау кәсіпорнына, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) және сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың бәріне үш күн мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына кандидатуралар ұсыну туралы ұсыныс жібереді.
Кандидатуралар ұсынылмаған не ұсынудан бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган уақытша басқару жөніндегі комиссияны дербес құруға құқылы.
3. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретіне:
1) уақытша әкімшіліктің мүшелерін қызметке тағайындау (қызметтен босату);
2) уақытша әкімшіліктің қызмет нәтижелері туралы есебін бекіту;
3) уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау кіреді.
4. Егер астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) қатысушысы болмаса, уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді:
1) астық қолхаттарын ұстаушылар - елу процент;
2) астық қабылдау кәсіпорны - жиырма бес процент;
3) уәкілетті орган - жиырма бес процент.
5. Астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) қатысқан жағдайда уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді:
1) астық қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес процент;
2) астық қабылдау кәсіпорны - жиырма бес процент;
3) уәкілетті орган - жиырма бес процент;
4) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) - жиырма бес процент.
6. Уақытша басқару жөніндегі комиссия жалпы дауыс санының кемінде үштен екісіне ие өкілдер қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.
Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.
7. Уақытша басқару жөніндегі комиссияны құрудың, оның қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
31-бап. Уақытша әкiмшiлiк
1. Уақытша әкiмшiлiктi уақытша басқару жөніндегі комиссия тағайындайды.
2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару қолданылған кезеңде:
1) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөніндегі барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке көшедi;
2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
3) астық қабылдау кәсiпорнын басқару органдары мен оның басшы қызметкерлерiнің өкілеттiгi тоқтатыла тұрады;
4) уақытша әкiмшілiкке айтпай және оның жазбаша келісімiнсiз астық қабылдау кәсiпорнының атынан және соның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.
3. Уақытша әкiмшiлiк:
1) осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiмдер қабылдауға;
2) астық қолхаттарында көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма процентiне дейiнгi мөлшерiнде солардан туындайтын барлық талаптардың қанағаттандырылуын уақытша басқару кезеңiне тоқтата тұруға;
3) астық қабылдау кәсiпорнының ол берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;
4) астық қабылдау кәсiпорнының атынан және оның мүдделерi үшiн өкiлдiктi, соның iшiнде сотта да жүзеге асыруға;
5) астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын орындауға кепiлдiк беру қорына қатысқан жағдайда, аталған қорға сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша берешектi бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу туралы талап қоюға;
6) астықтың сақталуына байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;
7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.
4. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
32-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылау
Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшілiктiң қызметiн бақылауды уақытша басқару жөніндегі комиссия жүзеге асырады, ол:
1) уақытша әкiмшiлiкке астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңіндегі қызметтiң негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкiмшiлiктен оның қызметi және астық қабылдау кәсiпорнының қызметi туралы ақпарат берудi талап етуге;
3) уақытша әкiмшiлiктiң атқарылған жұмыс туралы есебiн тыңдап, бекiтуге;
4) уақытша басқару енгiзiлген себептер жойылмаған жағдайда оның мерзiмiн ұзартуға;
5) уәкiлеттi органға уақытша басқаруды аяқтау туралы ұсыныс енгізуге құқылы.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды тоқтату
1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай негiздемелер:
1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң өтуi;
2) уақытша басқарудың мерзiмiнен бұрын аяқталуы туралы уәкiлеттi органның шешiм қабылдауы;
3) соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша тоқтатылады.
2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды оның енгiзiлуiне әкеп соққан себептердiң жойылуына байланысты тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату да) уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк осы астық қабылдау кәсiпорнына қатысты белгiлеген барлық шектеулердiң күшi жойылуына әкеп соғады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Егер астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау қабiлетiн қалпына келтiруге жеткiзбесе, лицензиат заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылады және уәкілетті орган астық қабылдау кәсiпорнының таратылуына бастама жасай алады.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру
33-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру
1. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеруді уәкілетті орган өз бетімен не басқа да мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізеді.
2. Астықты экспортқа шығарушылар және астық қабылдау кәсіпорындары тексеруге берілген тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша тексеруді жүргізуге уәкілетті органға жәрдемдесуге, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
3. Уәкілетті органның қызметкерлеріне астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
4. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында алынған және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33-2-бап өзгертілді
33-2-бап. Мемлекеттік астық инспекторы және оның өкілеттігі
1. Уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымдарына «Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік астық инспекторы» және «Мемлекеттік астық инспекторы» деген қосымша арнайы атауларды беруге құқылы.
2. Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторы мынадай функцияларды:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мыналарды:
астықтың қауіпсіздігі мен сапасын;
астықтың мөлшерлік-сапалық, соның ішінде мемлекеттік ресурстар астығының жай-күйін;
астықтың сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін;
астықты экспорттаушылардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауы тұрғысынан бақылау;
2) астық қабылдау кәсіпорындарын олардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне жыл сайынғы тексеруді өткізуге қатысуды;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) лицензиядан айыру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізуді;
4) астық қабылдау кәсіпорынына уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар беруді;
5) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорынын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберуді;
6) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, астықты экспортқа шығарушылар мен астық қабылдау кәсіпорындарына нұсқама беруді;
7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуді;
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен графиктер негізінде тоқсан сайынғы жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректеріне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Уәкілеті органның мемлекеттік астық инспекторы астықты өсіру, сақтау және өңдеу орындарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен (қызметтік куәлігін және құқықтық статистика жөніндегі органда тіркелгені туралы белгісі бар тексеру тағайындалу туралы актіні көрсеткен кезде) кедергісіз баруға және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға құқылы.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 7-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
7-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарын тарату
және олардың астық қоймаларын (элеваторларды, астық қабылдау пункттерiн) иелiктен шығару тәртібі
34-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын таратудың түрлерi мен негiздемелерi
1. Астық қабылдау кәсiпорны:
1) құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) шешiмi бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда өз еркiмен таратылуы мүмкiн. Бұл орайда уәкiлеттi органға хабарлама жiберiледi;
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн (мәжбүрлеп тарату).
2. Астық қабылдау кәсiпорындары қызметiнiң тоқтатылуы банкроттық туралы заңдар мен осы Заңның талаптары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жүзеге асырылады.
35-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын мәжбүрлеп тарату негiздемелерi
Астық қабылдау кәсiпорындарын таратуды мына жағдайларда:
1) банкрот болған;
2) қызметтi тиiстi рұқсатсыз (лицензиясыз) не заң актілерінде тыйым салынған қызметтi, не заңдарды әлденеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
3) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда сот жүргiзедi.
36-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын банкрот деп тану
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Астық қабылдау кәсіпорны белгіленген тәртіппен тек қана сот шешімі бойынша банкрот деп танылуы мүмкін.
2. Астық қабылдау кәсiпорнының банкроттығы туралы iс бойынша тараптардың бiтiм келісімiн жасасу мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
37-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иелiктен шығару ерекшелiктерi
1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады және сатып алушының (алушының) оны астық сақтау мақсаты үшiн пайдалану шарты бойынша бiрыңғай кешенмен иелiктен шығарылады.
2. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сатуға кем дегенде екi ай қалғанға дейiн астық қабылдау кәсiпорны өзiне белгiлi астық қолхаттарын ұстаушыларды мүлiктік кешеннің иелiктен шығарылатыны туралы жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ республикалық баспа басылымдарында мемлекеттік тiлде және орыс тілінде бұл туралы хабарландыру беруге тиiс.
3. Астық қабылдау кәсiпорны мүлiктiк кешендi иелiктен шығарған жағдайда астық қолхаттарын ұстаушыда сақтау шартын мерзiмiнен бұрын бұзу және астықты белгiленген тәртiппен алу не астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) бұрынғы иесiмен жасасқан шарт талабымен бiрдей астық қоймасының жаңа иесiмен де қайта шарт жасасу құқығы сақталады.
4. Астық қабылдау кәсiпорнының осы баптың 1-3-тармақтарын бұза отырып жасаған астық қоймаларын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сату жөніндегі мәмiлелерiн астық қолхаттарын ұстаушылар мен өзге де мүдделi тұлғалардың талап-арызы бойынша сот заңсыз деп тануы мүмкiн.
5. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иеленген не оны сот (аралық сот) шешiмiн орындау тәртібімен алған тұлға бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелер бойынша астықты қабылдап-өткізу жөніндегі комиссия жасаған және уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiнiң мемлекеттік астық инспекторы бекiткен астық қалдықтарын түгендеу актiсiмен белгiленген мөлшерде жауапты болады.
Егер астық қалдықтарын түгендеу актiсi жасалмаған болса, астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) жаңа иесi бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген барлық астық қолхаттары бойынша жауапты болады.
38-бап. Мәжбүрлеу тәртібімен таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігi
1. Мәжбүрлеп таратылатын, соның iшiнде банкроттығына байланысты таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптары осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.
2. Таратудың жүргiзiлуiне байланысты, соның iшiнде астық қабылдау кәсiпорнын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шығындар, сондай-ақ таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының негiзгi мiндеттерiн қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайтын шығындар кезектен тыс және тұрақты жүргiзiледi.