2009.08.12 № 225-IV ҚР Заңымен 154-1-баппен толықтырылды; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 154-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
154-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген мәміле (мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы), егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - келтірілген залал сомасының он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - келтірілген залал сомасының отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 155-бап өзгертілді
155-бап. Банкроттық кезіндегі құқыққа қайшы әрекеттер
1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл iс-әрекеттер банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншiк иелерiне не дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзiнiң iс жүзіндегі дәрменсіздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе дара кәсіпкердің, сондай-ақ конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциялары берілген тұлғаның басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсіз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншiк иелерiне не дара кәсiпкерлерге не конкурстық iс жүргiзу немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен 155-1-баппен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 155-1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
155-1-бап. Конкурстық, оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшісінің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын бұзуы
1. Конкурстық басқарушының Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:
кредиторлар комитетінің құрамын уақтылы қалыптастырмауы;
борышкер алдында берешегі бар адамдарға осы берешекті өтеу туралы талап қоймауы;
әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасасқан жарамсыз мәмілелер анықталған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы талаптар қоймауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;
кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, олармен есеп айырысулар жүргізуі;
сауда-саттық жүргізу туралы ақпараттық хабарды жариялау тәртібін бұзуы;
борышкердің мүлкін (активтерін) сату жоспарын бұза отырып, борышкердің мүлкін сатуы;
кредиторлар комитетімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамауы;
әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрінде бұзуы, -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Оңалтушы басқарушының Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасасқан жарамсыз мәмілелер анықталған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы талаптар қоймауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;
кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, олармен есеп айырысулар жүргізуі;
дәрменсіз борышкерді оңалту жоспарын орындамауы;
егер борышкердің оңалту рәсімін енгізгеннен кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы оңалту рәсімін енгізген кездегі кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма процентінен асса, борышкердің ақшалай жаңа міндеттемелерін тудыратын мәмілелерді, кредиторлар комитетінің келісімінсіз жасауы;
кредиторлар комитетімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамауы;
әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрінде бұзуы, -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сырттай байқау әкімшісінің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:
борышкердің негізгі құрал-жабдықтарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтіруге әкеп соғатын, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша басқа да мәмілелер жасауына қатысты іс-әрекеттерін кредиторлар комитетімен келіспеуі, қайта ұйымдастыру жүргізуі;
сырттай байқау рәсімінде әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына хабарламауы не борышкерге оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоймауы түрінде бұзуы, -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 155-2-баппен толықтырылды
155-2-бап. Көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар өткізудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзу
Мүлiк иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiге iрi зиян келтiріп, көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткізу тәртібін қасақана бұзу -
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға жеке тұлғаға келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал ірі залал деп танылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 156-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен 156-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 156-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
156-бап. Әдейі банкрот болу
Әдейі банкрот болу, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің өз мүдделерін немесе өзге адамдардың мүдделерін көздей отырып жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден сегіз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 157-бап өзгертілді
157-бап. Жалған банкроттық
Жалған банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсіздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпіске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз елуден жеті жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.09.11. № 197-ІV ҚР Заңымен мазмұн 157-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
157-1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу
1. Бағалаушының мүлікті бағалау туралы бұрыс есеп жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында тыйым салынған жағдайларда мүлікті бағалауды жүзеге асыруы, -
бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге - жетпіс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға - тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 158-бап өзгертілді
158-бап. Коммерциялық құпияны, банк құпиясын, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу
Коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келісімiнсіз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Меншiк иесiне немесе, заң актілеріне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды.
2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен кодекс 158-1 баппен толықтырылды
158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келісімiнсіз бұзуы, -
елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 158-2-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)
158-2-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау міндетін бұзу
Зейнетақы жинақтарының құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін кәсіптік немесе қызметтік міндетіне байланысты өзіне мәлім болған адамның олардың иесінің келісімінсіз бұзуы, —
айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 158-3-баппен толықтырылды (осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
158-3-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге саяхаттың ерекшеліктері, туристік қызметтер ұсыну ережелерінде көрсетілген саяхат жасау кезінде оларға тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәлімет ұсынбауы, уақтылы немесе толық ұсынбауы не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы -
дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі -
лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
лицензиясынан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпарат ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы -
лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
лицензиясынан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.11.01. № 385-IV ҚР Заңымен 158-4-баппен толықтырылды
158-4 бап. Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау
Егер оны ұсыну заңда көзделген жағдайда, сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау, -
лауазымды адамдарға - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 158-5-баппен толықтырылды
158-5-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін ірі кәсіпкерлік субъектісінің бұзуы, -
лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың біріншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 159-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 159- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 159-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
159-бап. Тұтынушыларды алдау
Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, кем есептеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып және үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер -
белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер -
белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан бір жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы залал - елеулі мөлшердегі залал деп, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасындағы залал ірі мөлшердегі залал деп танылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 160- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
160-бап. Қару-жарақ пен оқ-дәрi сату тәртібін бұзу
1. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты қорғаудың криптографикалық құралдарын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдарды қоспағанда, тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 161- бап өзгертілді
161-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасын бұзу
1. Сатып алушының өтініші бойынша тауар, оның шығарылған жері, дайындаушылары, тұтыну қасиеттері, кепілдік берілген міндеттемелер және талап қою тәртібі туралы қажетті ақпарат бермеу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа қайшы пайдалану,-
тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), -
тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен 161-1- баппен толықтырылды
161-1-бапқа өзгерістерді қара - 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңы (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тарту
Төлем карточкаларын пайдалана отырып, сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде оларды қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлемдердi қабылдаудан бас тартуы, -
жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта аталған сауда (қызмет көрсету) ұйымдарына санатын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 161-2-баппен толықтырылады (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 162-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
162-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау
Еркiн сауда жасауға заңдармен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, -