8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
Сәйкестiктi растау саласында:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, өтініш-декларацияның, тауар шығарылатын елді анықтау жөнінде сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды шығаруды ұйымдастырады;
3-1) өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;
5) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;
6) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөніндегі құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;
7) зертханааралық салыстыру сынақтары (салыстырмалар) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Уәкiлеттi орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы құзыретi
Мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:
1) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;
2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық регламенттерді әзiрлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгізудi;
3) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес техникалық регламенттерді және мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
4) техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;
5) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау ;
7) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды дайындауды және iске асыруды;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөніндегі органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiм жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8-1-бап. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-бап. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер
1. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, техникалық регламенттерді әзiрлеуге және қолдануға байланысты салада мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн құрылады.
2. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердiң құрамын және олар туралы ереженi мемлекеттік органдар бекiтедi.
Сарапшылық кеңестiң құрамына мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және басқа да мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.
10-бап. Ақпарат орталығы
1. Ақпарат орталығы мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сауал салуы бойынша:
1) техникалық реттеу саласындағы қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық актiлер, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерістер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөніндегі екi жақты және көп жақты сипаттағы халықаралық шарттарға мүшелiгі немесе қатысуы;
3) техникалық реттеу саласындағы әзiрленiп жатқан және қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың жобаларын немесе олар туралы ақпаратты жариялау көздерi туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.
2. Ақпарат уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде хабарлама түрiнде орналастырылады. Хабарлама нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
11-бап. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер
1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.
2. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құзыретiне:
1) бекiтіліп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
2) мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерістердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға белгiленген тәртiппен қатысу;
3) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламаларына техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.
3. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құрылу, жұмыс iстеу, таратылу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар
2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнімді (көрсетілетін қызметті) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілер мен тұтынушылардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бекiтіліп берiлетiн қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар.
Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс.
Сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөніндегі органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті міндетті растау мақсаты үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануға тиіс.
3. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi мiндеттi растау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге өтінімдерін қарайды, сәйкестiгiн растауға ұсынылған өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiредi;
2) сәйкестiктi мiндеттi растау жөнiнде жұмыстар жүргiзедi;
3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтiнiмдерi бойынша сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажеттi жұмыстар жүргiзедi;
4) сәйкестiк туралы декларацияларды және өтініш-декларацияларды тiркейдi;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық тексеру жүргiзедi, олардың белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданысын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданысын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;
6) берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестiк туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
4. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар:
1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;
2) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.
5. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар:
1) өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау ережелерi мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз қол жеткізуiн қамтамасыз етуге;
2) өтiнiм берушiге қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге;
3) тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы, сертификаттаудан және оларды беруден бас тартуы туралы деректердің электрондық есебін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға;
4) өнiм, көрсетiлетiн қызмет шығарылған елге қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау ережелерін бұзғаны және сәйкестік сертификатын заңсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияларды, өтініш-декларацияларды заңсыз тіркегені үшін, сондай-ақ өтініш-декларацияда көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
7. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және осы қызметтердi көрсететiн тұлғалармен аффилиирленген болуға тиiс емес.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Сәйкестікті растау жөніндегі органның меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы негізінде сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласында көзделген объектілеріне уәкілетті орган айқындайтын көлемде сынақ жүргізуді қамтамасыз ететін зертханасы болуға тиіс.
13-бап. Зертханалар
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Зертханалар сәйкестiктi растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында:
1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi;
2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектілігiн қамтамасыз етедi;
3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Зертханалар объектiлердiң сәйкестігін растау кезiнде оларға сынақтың дәйектемесiз нәтижелерiн ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
14-бап. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалар:
1) техникалық регламенттерді және мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу, оларға өзгерістер енгізу, күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды, техникалық регламенттердің, стандарттардың жобаларын дайындайды;
2) қажет болған жағдайда осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда стандарттау жөніндегі тиiстi бөлiмшелер мен қызметтердi құрады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмдi өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар осы Заңға сәйкес оның техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растауды қамтамасыз етедi.
15-бап. Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры
1. Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорын уәкiлеттi орган мен мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде құрады.
2. Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзiрленетiн және қабылданатын нормативтiк құқықтық актiлер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңiрлiк стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ көрсетiлген құжаттар пайдаланушыларға қолжетiмдi болуға тиiс.
3. Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтiк құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сiлтемелерiн басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Құжатты әзiрлеген тұлға әрбiр стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтiк құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бiр данасын уәкiлеттi органға бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын құру үшiн жiбередi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен (ағашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыретi
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар сәйкестiктi растау жөніндегі органның құрамында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiлi бiр түрлерiнiң сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге қатысады.
Жеке тұлғалардың сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретіндегі қызметін сәйкестікті растау жөніндегі бір органның немесе зертхананың құрамында ғана жүзеге асыруға құқығы бар.
Егер сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өтiнiм берушiнiң мүддесiн бiлдiрсе немесе онымен еңбек немесе өзге шарттық қатынастарда болса, олар нақтылы өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы емес.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ағашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен (ағашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптарын, оларды даярлау мен аттестаттау, сарапшы-аудитордың аттестатын беру, оның қолданылуын тоқтата тұру немесе оның күшiн жою тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен мазмұн 16-1-баппен толықтырылды (ағашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
16-1-бап. Сараптама ұйымы және тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор
1. Сараптама ұйымы тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың жасаған тауардың шығарылуы туралы сараптама актісін куәландырады және береді.
2. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор өз қызметін бір сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
3. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың құзыреттілігі тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқық беретін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы біліктілік аттестатымен расталады.
Біліктілік аттестатын алған тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар тізіліміне енгізіледі.
4. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкілетті орган құратын тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
5. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия кемінде бес адамнан құралуға тиіс. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, уәкілетті органның, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының және өзге де ұйымдардың өкілдері енгізіледі. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады.
6. Аттестаттаудан өту үшін тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияға мынадай құжаттар табыс етілуге тиіс:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;
4) жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын оқу орталығы куәлігінің не сертификаттың көшірмесі;
5) тауардың шығарылған елін айқындау жөнінде жұмыстар жүргізуге жеке тұлғаның қатысқанын растайтын, оның тағлымдамадан өткені туралы он есептің көшірмесі;
6) жалпы еңбек стажы кемінде екі жыл екендігін растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кітапшасынан үзінді көшірме.
7. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өз қызметін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
8. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тауардың шығарылуы туралы сараптаманың тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) дәйексіз болған актісін жасауына тыйым салынады.
2-тарау. Техникалық регламенттер
17-бап. Жалпы ережелер
1. Техникалық регламенттер осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.
2. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.
3. Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.
Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.
4. Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.
5. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.
6. Техникалық регламент мемлекеттік саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерістер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.
7. Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгізуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)
8. Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.
Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.
18-бап. Техникалық регламенттердің мазмұны
1. Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.
2. Техникалық регламентте:
1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;
2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.
Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткізу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.
3. Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.
4. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.
5. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.
6. Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:
1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;
2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;
3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.
19-бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi
1. Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.
2. Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады.