5. Егер сараптама нәтижесінде өтінімнің өнертабыстар ретінде қорғалатын объектілерге жататыны, құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталса және өтінім осы баптың 1-тармағына сәйкес жергілікті жаңалық және өнеркәсіптік қолданымдылық шартына жауап беретін ұсынысты сипаттайтын болса, өтінім берушімен келісілген формуладағы инновациялық патентке сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы беріледі.
Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде уәкілетті орган өнертабысқа инновациялық патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
6. Сараптама жасау ұйымының инновациялық патентке теріс қорытындысы:
1) егер өтінім өнертабыс ретінде қорғалмайтын объектіге қатысты;
2) егер өтінім беруші ұсынылған формулада өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілердің болуы туралы немесе өнертабыс ретінде қорғалатын объектіден басқа, өнертабыс ретінде қорғалатын объектіге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын немесе өнертабыс бірлігі талаптары бұзылуына байланысты оған қатысты қарау өткізілмегені туралы хабарланғаннан кейін өнертабыс формуласын өзгертпеген;
3) егер өтінім осы баптың 1-тармағына сәйкес жергілікті жаңалыққа және өнеркәсіптік қолданылымдық шартына жауап бермейтін ұсынысты қамтыған жағдайларда беріледі.
Өтінім беруші сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысы жіберілген күннен бастап алты ай мерзімде оған қарсылығын уәкілетті органға бере алады. Қарсылықты апелляциялық кеңес ол түскен күннен бастап екі ай мерзімде қарауға тиіс.
7. Өтінім беруші өтінімді қараудың кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленуші және үшінші тұлғалар инновациялық патент беру туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін техника деңгейін айқындау үшін ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтінішхат бере алады, өнертабыстың патентке қабілеттілігін бағалау онымен салыстырыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Сараптама жасау ұйымы осы Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес өнертабыстар болып танылмайтын объектілерге қатысты ақпараттық іздестіру жүргізбейді, бұл туралы ақпараттық іздестіру туралы өтінішхат беруші адам хабарланады.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 8-трмақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Сараптама жасау ұйымы өтінім берушінің өтінімді қараудың кез келген сатысында немесе патент иеленушiнiң инновациялық патент берiлгеннен кейiн берілген немесе үшінші тұлғалардың инновациялық патент беру туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін берілген өтініш хаты бойынша, бірақ осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес инновациялық патенттің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда өтінім берілген күннен бастап үш жылдан кешіктірмей өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізеді. Мәні бойынша сараптама өтінімге мәні бойынша сараптамаға тиісті ақысы төленген жағдайда, сондай-ақ егер өтініш хатты өтінім беруші немесе патент иеленушi жасаған болса, инновациялық патенттің күшінде болуын қолдау кезінде жүзеге асырылады.
Мәні бойынша сараптама осы Заңның 22-бабының 7-10 және 13-тармақтарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
23-бап. Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге сараптама
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Сараптама жасау ұйымына келіп түскен өтінім бойынша осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1)-4) тармақшаларында көзделген құжаттардың бар екендігі тексеріледі, өтінім берілген күн белгіленеді. Егер өтінім осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1)-4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге бұл туралы хабарлайды және жетіспейтін құжаттарды (мәліметтерді) осындай хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде табыс етуді ұсынады. Өтінім беруші сұратылған құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.
Сараптама жүргізу барысында осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген қажетті құжаттардың бар екендігі және оларға қойылатын белгіленген талаптардың орындалуы тексеріледі, өтінімнің басымдық күні, мәлімделген ұсынысты пайдалы модель ретінде қорғалатын объектілерге жатқызу мүмкіндігі айқындалады, пайдалы модельдің бірлігі тексеріледі.
Мәлiмделген пайдалы модельдiң осы Заңның 7-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттілік талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге асырылмайды. Патент өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Пайдалы модельге өтiнiмнiң сараптамасын өткiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 2-4 және 13-тармақтарындағы ережелер қолданылады.
Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалатын объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталса, пайдалы модельге патент беруге сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi.
Сараптама жасау ұйымының қорытындысы он күн мерзімде патент беру туралы шешiм қабылдау үшiн уәкiлеттi органға жiберiледi, бұл туралы (мұндай шешiм қабылданған жағдайда) өтiнiш беруші хабардар етіледі.
Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган он күн мерзімде пайдалы модельге патент беру не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.
Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiш берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiш беруші сараптама жасау ұйымына патент беруге және жариялауға дайындағаны үшiн тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған жағдайда төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Олай болмаған жағдайда өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл туралы өтiнiш беруші хабардар етіледі.
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді
3. Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайтын объектiлерге жататыны анықталса, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi. Егер өтiнiм берушi ол ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер байқалса немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсыныстармен де сипатталса, немесе пайдалы модель бiрлiгi талаптарын бұзуға байланысты қаралмағандығы туралы хабарламадан кейiн формуланы өзгертпесе де, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.
Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Қарсылықты оның түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс.
4. Өтiнiм берушi өтiнім қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi мен үшiншi тұлғалар патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техникалық деңгейiн анықтау үшiн сонымен салыстыру арқылы пайдалы модельдiң патент қабiлеттілігiн бағалау жүзеге асырылатын ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiш беруi мүмкiн. Бұл жағдайда тиiсiнше осы Заңның 22-бабы 11-тармағының ережелерi қолданылады.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Өнеркәсіптік үлгіге берілетін өтінімге сараптама
1. Сараптама жасау ұйымы өнеркәсіптік үлгіге өтінім бойынша ресми сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізеді.
2. Ресми сараптама жасау сатысында осы Заңның 19-бабы 2-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтінім құжаттарының бар екендігі тексеріледі, өтінім берілген күн мен басымдық күні анықталады.
Өнеркәсіптік үлгіге берілетін өтінім құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып ресімделген өтінім бойынша өтінім берушіге сауал жіберіліп, онда сауал жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде түзетілген немесе жетіспейтін құжаттарды табыс ету ұсынылады.
Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде сұратылған құжаттарды немесе белгіленген мерзімді ұзарту туралы өтініш хатты табыс етпесе, өтінім берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.
Өнеркәсіптік үлгіге берілген өтінімге осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдар табыс етілген кезде олардың өтінім берілген өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертпейтіні тексеріледі.
Егер қосымша материалдарда өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілер болса, олар мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертеді. Өтінімді қарау кезінде қосымша материалдардың мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертетін бөлігі назарға алынбайды және оны өтініш беруші дербес өтінім ретінде ресімдей алады, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады.
Ресми сараптама аяқталғаннан кейін ресми сараптаманың нәтижесі туралы өтінім берушіге хабарланады.
3. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізеді.
Өтінімге мәні бойынша сараптама мәлімделген ұсыныстың өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалатын объектіге жатқызылуы мүмкіндігін анықтауды, көркемдік-конструкторлық шешім деңгейін айқындау үшін мәлімделген өнеркәсіптік үлгіге қатысты ақпараттық іздестіру жүргізуді, мәлімделген шешімнің осы Заңның 8-бабында белгіленген патентке қабілеттілік талаптарына сәйкес келетініне тексеру жүргізуді қамтиды және өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады.
Өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленгені туралы құжат ресми сараптаманың нәтижесі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде сараптама жасау ұйымына табыс етіледі.
4. Өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізу кезеңінде сараптама жасау ұйымы өтінім берушіден онсыз сараптама жасау мүмкін болмайтын қосымша материалдарды, оның ішінде елеулі белгілердің өзгертілген тізбесін сұратуға құқылы.
Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар сауал жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгінің мәні өзгертілместен табыс етілуге тиіс.
Қосымша материалдарға өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертетін бөлігінде осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіп қолданылады. Егер өтінім беруші сұратылған материалдарды немесе белгіленген мерзімді ұзарту туралы өтініш хатты белгіленген мерзімде ұсынбаса, өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі.
5. Сараптама жасау ұйымы, егер өтінімге мәні бойынша жүргізілген сараптама нәтижесінде өтінім беруші сұраған көлемдегі құқықтық қорғау мәлімделген ұсынысы осы Заңның 8-бабында айқындалған өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келетінін анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгіленген басымдықты көрсете отырып, өтінім берушімен келісілген елеулі белгілер жиынтығымен бірге патентке оң қорытынды береді.
Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде уәкілетті орган өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы не патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
6. Мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің өтінім беруші сұраған құқықтық қорғау көлемінде өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келмейтіні анықталған кезде сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысы беріледі.
Сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысы, егер өтінім өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалмайтын объектіге жататын болса және, егер өтінім беруші ол туралы хабарланғаннан кейін елеулі белгілердің жиынтығын өзгертпеген, елеулі белгілердің ұсынылған жиынтығында өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілер болған немесе өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалатын объектіден басқа, өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын немесе өнеркәсіптік үлгінің бірлігі талаптарының бұзылуына байланысты оған қатысты қарау жүргізілмеген жағдайда да беріледі.
Өтiнiш берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Апелляциялық кеңес қарсылық түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде оны қарауға тиiс.
7. Өтінім беруші сараптама қарсы қойған барлық материалдармен таныса алады. Сараптама жасау ұйымы өтінім берушінің сұратқан материалдарының көшірмелерін сұрау алынған күннен бастап бір ай мерзімде жібереді.
8. Сараптама жасау ұйымы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген және өтінім беруші өткізіп алған мерзімдерді дәлелді себептер болған және өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруге ақы төленгені туралы құжат табыс етілген жағдайда қалпына келтіруі мүмкін.
Өтінім беруші мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш хатты өткізіп алынған мерзім аяқталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей бере алады. Мұндай өтінішхат сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған материалдарымен немесе апелляциялық кеңеске жасалған қарсылықпен бір мезгілде ұсынылады.
25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және қорғау құжатын беру
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттік тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдер мемлекеттік тiзiлiмiне немесе Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп үлгiлерi мемлекеттік тiзiлiмiне тиiсiнше өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiп үлгiсiн енгiзедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Уәкiлеттi орган патенттi беру туралы мәлiметтердi бюллетеньге жариялай отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi.
Атына қорғау құжаты сұралған адам бiрнешеу болған жағдайда оларға бiр қорғау құжаты берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қорғау құжаты мен автор куәлiгiнiң нысанын, оларда көрсетiлген мәлiметтер құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
26-бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi жариялау
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сараптама жасау ұйымы өнертабысқа патент беру туралы мәліметтерді өтінім берілген күннен бастап он сегіз ай, ал өнертабысқа инновациялық патент, пайдалы модельге патент, өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы мәліметтерді он екі ай өткен соң бюллетеньде жариялайды. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша сараптама жасау ұйымы мәліметтерді көрсетілген мерзімнен ерте жариялайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Автордың қорғау құжаты туралы жарияланған мәлiметтерде автор ретiнде аталынудан бас тартуға құқығы бар.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Жарияланатын мәлiметтердiң толық құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
5. Қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген тұлға өтінiмнiң материалдарымен және сараптама жасау ұйымы дайындаған ақпараттық iздестiру туралы есеппен танысуға құқылы.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы бюллетеньде қорғау құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер, сондай-ақ тиiстi мемлекеттік тiзiлiмдердегi жазбалардың өзгерістерi туралы мәлiметтер жариялайды.
27-бап. Өтiнiмдi қайтарып алу
Өтінiм берушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне берген өтiнiмiн Қазақстан Республикасының тиiстi Мемлекеттік тiзiлiмiне тiркелгенге дейiн қайтарып алуға құқылы.
28-бап. Өтiнiмдердi қайта өзгерту
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Өнертабысқа өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымының тиiстi қорытындысы берiлгенге дейiн өтiнiм берушi оны тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтiнiм етiп өзгертуге құқылы.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Пайдалы модельге өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымының қорытындысы берiлгенге дейiн тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтінiмдi өнертабысқа өтiнiм етiп өзгертуге болады.
3. Аталған өзгертулер кезiнде алғашқы өтiнiмнiң басымдығы және берiлген күнi сақталады.
6-тарау. Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және қалпына келтіру
29-бап. Қорғау құжатына дау айту
1. Қорғау құжатына бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде оны беруге қарсы қарсылық бойынша мынадай жағдайларда:
1) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi осы Заңда белгiленген патент қабiлеттілiгi талаптарына сәйкес келмесе;
2) өнертабыстың, пайдалы модельдiң формуласында немесе өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерi жиынтығында өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер болса;
3) қорғау құжаты өтiнiм берушiнiң осы Заңның 37-бабының ережелерiн бұзуы жағдайында берiлсе;
4) қорғау құжатында авторы (авторлары) немесе патент иеленуші дұрыс көрсетiлмесе дау айтылуы және толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкін.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қорғау құжатын беруге қарсылық уәкiлеттi органға берiледi. Қарсылық оның түскен күнiнен бастап алты ай мерзiмде шағым кеңесiнде қаралуға тиiс. Қарсылық берген тұлға патент иеленушiнi қарсылықпен таныстыруға мiндеттi.
30-бап. Қорғау құжатының күшi жоқ деп танылуы және оның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Шағым кеңесi шешiмiнiң немесе сот шешiмiнiң негiзiнде қорғау құжаты толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
2. Қорғау құжатының қолданылуы:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) бюллетеньде қорғау құжаты қолданылуының мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап уәкiлеттi органға патент иеленушi берген арыз негiзiнде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады. Егер қорғау құжаты бiр топ өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне берiлген болса, ал патент иеленушiнiң өтiнiшi осы объектiлер тобының бiр бөлiгiне ғана қатысты берiлсе, қорғау құжатының күшi тек өтiнiште көрсетiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қатысты ғана тоқтатылады;
2) белгiленген төлем мерзiмiнiң өткен күнiнен бастап қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн белгiленген мерзiмде төлем төленбеген жағдайда мерзiмнен бұрын тоқтатылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Сараптама жасау ұйымы бюллетеньде толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылған, сондай-ақ қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған қорғау құжаттары туралы мәлiметтер жариялайды.
31-бап. Патенттің қолданылуын қалпына келтіру. Соңынан пайдалану құқығы
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған негiзде тоқтатылған патенттің қолданылуы, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша патенттi күшiнде сақтау үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi бiткен күннен бастап үш жыл iшiнде патенттiң қолданылуын қалпына келтiруге төлем туралы құжат берiлген жағдайда, қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
Сараптама жасау ұйымы бюллетеньде патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мәлiметтер жариялайды. Жарияланым күнi патенттiң қолданылуы қалпына келтiрiлген күн болып табылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
2. Патенттiң қолданылуы тоқтатылған күн мен қалпына келтiрiлген күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында патентпен қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана бастаған немесе оған қажеттi дайындық жасаған кез келген адам оны одан әрi осындай пайдаланудың көлемiн ұлғайтпай, тегiн пайдалану құқығын сақтап қалады (соңынан пайдалану құқығы).
Соңынан пайдалану құқығы басқа адамға өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану орын алған немесе оған қажеттi дайындық жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын қорғау
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32-бап. Апелляциялық кеңес
1. Апелляциялық кеңес осы Заңның 22-бабының 10-тармағына, 22-1-бабының 6-тармағына, 23-бабының 3-тармағына және 29-бабының 2-тармағына сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау жөнiндегi уәкiлеттi органның бөлiмшесi болып табылады. Апелляциялық кеңес туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
2. Апелляциялық кеңеске мынадай:
1) өнертабысқа инновациялық патентті, өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патентті беруден бас тарту туралы уәкілетті органның шешімдеріне (сараптама жасау ұйымының қорытындысына);
2) өнертабысқа инновациялық патентті, өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патентті беруге қарсы қарсылықтар берілуі мүмкін.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қарсылықты өтiнiш берушi немесе оның құқықтық мұрагерi тiкелей өзі не өкiл арқылы бере алады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген қарсылықты кез келген мүдделi тұлға тiкелей өзі не өкiл арқылы бере алады.
Қарсылық қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға тiкелей берiледi немесе пошта арқылы жiберiледi. Қарсылыққа қоса берілетін материалдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Егер қоса берілетін материалдар басқа тілде ұсынылса, онда қарсылыққа олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариаттық түрде куәландырылған аудармасы қоса беріледі.
Егер қарсылық факсимильдiк байланыс немесе электрондық пошта арқылы берiлсе, ол осындай қарсылықты алған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасымен расталуға тиiс.
Қарсылық осы Заңда көрсетілген мерзiмдер iшiнде берiледi.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген қарсылықтарды берудiң өтiнiш берушi өткiзiп алған мерзімі дәлелдi себептер болған жағдайда және өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiш берушi осы Заңда белгіленген мерзімдер ішінде беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш апелляциялық кеңеске қарсылықпен бiр мезгілде ұсынылады.
3. Қарсылықты патенттiк сенiм бiлдiрілген өкіл немесе өзге өкiл арқылы берген жағдайда, сенімхат қазақ және орыс тілдерінде беріледі, егер сенімхат басқа тілде (шетел тілінде) берілсе, онда ол қазақ және орыс тілдеріне аударылуға тиіс, сенімхаттың аудармасы нотариаттық түрде куәландырылады. Қарсылық материалдарына нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы қоса беріледі немесе ол нотариат куәландырғанын растау үшін апелляциялық кеңестің хатшысына көшірмесімен бірге ұсынылады.
4. Берілген қарсылық апелляциялық кеңес алқасының отырысында осы Заңда көрсетілген мерзім ішінде қаралуға тиіс. Қарсылықты қарау мерзiмi қарсылықты берген тұлғаның, сондай-ақ патент иеленушінің өтiнiшi бойынша, бiрақ қарсылықты қарау үшiн белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап алты айдан асырмай ұзартылуы мүмкін.
5. Қарсылық берген тұлға, патент иеленуші апелляциялық кеңестің шешiмiне осы шешім шығарылған күннен бастап алты ай iшiнде сотқа шағым жасауға құқылы.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері
1. Егер:
1) қарсылық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес апелляциялық кеңесте қаралуға жатпаса;
2) қарсылыққа қол қойылмаса не оған қол қоюға өкiлеттiгi жоқ тұлға қол қойса;
3) қарсылық белгiленген мерзiмдi бұза отырып берiлсе және көрсетілген мерзiмдi ұзарту мен қалпына келтiру мүмкiндiгi жоқ болса;
4) өтiнiш берушi қарсылықты беруді ресiмдеуге, мазмұндауға және рәсiмдеуге қойылатын талаптарға қатысты кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоймаса, қарсылықты қарауға қабылдаудан бас тартылады.
Көрсетілген мән-жайлар болған жағдайда, қарсылық берген тұлғаға алынған қарсылықты қарауға қабылдауға болмайтыны және ол берiлген жоқ деп есептелетiнi туралы хабарлама жiберiледi.