«14-1) тарифті, оның шекті деңгейін және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржылық және техникалық сараптама қорытындыларын беруге;»;
18) тармақшадағы «табиғи монополиялар субъектiлерiнiң белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын)» деген сөздер «белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік «10),» деген цифрлардан кейін «14-1),» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) 7-2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Уәкілетті орган шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты қарайды және ол жыл қорытындысы бойынша орындалмаған жағдайда реттелетін нарық субъектісіне алынған және шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға пайдаланылмаған табысты қайтару туралы нұсқама енгізеді. Осы тармақта көрсетілген, реттелетін нарық субъектісіне енгізілген нұсқама туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
5) 7-3-бапта:
1) тармақша төртінші және бесінші абзацтардағы «табыс етуге» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«осы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынатын реттелетін нарық субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей беруге;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға;
3-2) алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтаруға;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтаруға міндетті.»;
6) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізеді;»;
7) 14-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітуге;»;
8) 14-1-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасында:
бірінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамау;»;
екінші бөлік «екінші» деген сөзден кейін «, үшінші» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Нақты қаржылық көрсеткіштері инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) бекітілгеннен төмен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамау деп түсініледі.»;
9) мынадай мазмұндағы 15-3-баппен толықтырылсын:
«15-3-бап. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оның орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу тәртібі
1. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті органға ұсынады.
2. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган және тиісті мемлекеттік орган өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
3. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) ол уәкілетті органға ұсынылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау нәтижелері бойынша осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасын (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып) жібереді не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы табиғи монополия субъектісін хабардар етеді.
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы табиғи монополия субъектісі ұсынған немесе уәкілетті орган түзеткен инвестициялық бағдарламаның (жобаның) бекітілуін көздейді.
Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларда және тәртіппен түзетеді.
Осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімді жібереді не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабарлайды.
4. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту үшін:
1) инвестициялық бағдарламаның (жобаның) экономикалық тиімділігінің болмауы;
2) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру көздерінің болмауы;
3) осы баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай ұсынылатын негіздеуші құжаттардың болмауы;
4) бұрыс ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну негіз болып табылады.
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден өзге негіздер бойынша бас тартуға жол берілмейді.
5. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекітеді.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылатын, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен бірлесіп бекітеді.
6. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім уәкілетті органның және осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен ресімделеді.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылатын, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бірлескен құқықтық актісімен ресімделеді.
7. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, уәкілетті органға:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемдері туралы ақпаратты;
2) пайдалар мен шығындар туралы есепті;
3) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшерлері туралы ақпаратты;
4) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындаудың нақты көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламада (жобада) бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;
5) қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің инвестициялық бағдарламада (жобада) бекітілген көрсеткіштерден ауытқу себептерінің түсіндірмесін қамтитын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.
8. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратты талдауды уәкілетті орган ол ұсынылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізеді.
9. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу мынадай кезеңдерді:
1) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру барысы туралы ақпарат жинау;
2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) қол жеткізілген нақты көлемін және нақты шығындарды талдау;
3) қол жеткізілген нақты қаржылық нәтижені инвестициялық бағдарламада (жобада) қабылданған көрсеткіштермен салыстыру;
4) тариф (баға, алымдар мөлшерлемелері) деңгейінің өзгеруіне, табиғи монополия субъектісі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) сұраныстың дамуына инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың әсерін бағалау;
5) табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратты талдау нәтижелері туралы қорытынды дайындау кезеңдерін қамтиды.»;
10) 17-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi орган:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн жалпы тәртiппен бекiту кезiнде кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде кемiнде күнтізбелік жетi күн бұрын жария тыңдауларды өткiзу күнi мен орны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға және мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi.»;
үшінші бөліктің 1) - 4) тармақшаларындағы «ставкаларының», «отыз күн», «ставкаларын», «он бес күн», «жеті күн», «бір күн» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерінің», «күнтізбелік отыз күн», «мөлшерлемелерін», «күнтізбелік он бес күн», «күнтізбелік жеті күн», «күнтізбелік бір күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«ставкаларының», «елу бес күн» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерінің», «күнтізбелік елу бес күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ставкаларының», «жүз алпыс бес күн», деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерінің», «күнтізбелік жүз қырық бес күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «ставкаларының», «он күн» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерінің», «күнтізбелік он күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 18-баптың 2-тармағы «ставкаларын» деген сөз «мөлшерлемелерін» деген сөзбен ауыстырылып, «отыз бес күн», «он күн» деген сөздердің алдынан «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
12) 18-1-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «процентінен», «ставкаларының» деген сөздер тиісінше «пайызынан», «мөлшерлемелерінің» деген сөздермен ауыстырылып, «әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң» деген сөздерден кейін «реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2), 2-1) 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген іс-әрекеттерді жасағанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің аталған іс-әрекеттерді жасауға ниеттенгені туралы ақпарат жіберуге міндетті.»;
4-тармақтағы «қабылдамауға құқылы» деген сөздер «қабылдамайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне өзі жүргізген тексерулер материалдарының негізінде, табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратын талдау нәтижелері бойынша, шешім қабылданған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, уақытша өтемдік тарифті белгілейді. Табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын тексеру, талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап уақытша өтемдік тарифті енгізу жүзеге асырылады.
Қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.».
4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат):
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) әзірлік паспорты - энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2-2) генерациялайтын қондырғы - электр энергиясын өндіретін құрылғы;»;
4-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жүйелiк оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;»;
4-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12), 13) және 14) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-1), 20-1) және 22-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) мемлекеттік техникалық инспектор - уәкілетті органның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;»;
4-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«20-1) орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;»;
«22-1) пайдаланылатын отын қорының нормасы - тәулікпен есептегенде энергия өндіруші ұйымдар пайдаланатын ең аз отын қоры;»;
4-тармақтың 1) тармақшасының он үшінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 31-1), 31-2), 31-3), 31-4), 31-5), 31-6) және 31-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«31-1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет - энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша жүйелік операторға көрсететін қызметі;
4-тармақтың 1) тармақшасының он алтыншы, он жетінші абзацтары 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
31-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тариф - электр қуатының нарығына қатысатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр қуатының (тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда) әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған, энергия өндіруші ұйымдар топтары бойынша бекітілген, өтемділіктің жеті жылға тең нормативтік мерзімі шегінде қолда бар өндірістік активтерді жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға салынған инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететін тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы;
31-3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсететін энергия өндiрушi ұйымдар тобы - мынадай өлшемдер: энергия өндiрушi ұйымдар типi, генерациялайтын жабдықтың бірлік қуаты бойынша қалыптасқан энергия өндiрушi ұйымдар жиынтығы;
31-4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет - белгіленген тәртіппен аттестатталған, генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;
4-тармақтың 1) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
31-5) электр қуатының нарығы - энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын жабдықты электр энергиясын өндіруге әзірлігі жағдайында ұстап тұруға, қолда бар өндірістік активтерді жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ оларды құруға байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі;
4-тармақтың 1) тармақшасының жиырмасыншы - жиырма төртінші абзацтары 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
31-6) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы - электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен жүйелік оператор арасында электр қуатының (тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда) әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға бағытталған процесс;
31-7) электр қуатының спот-сауда-саттығы - бір күн бұрын режимінде қысқа мерзімді негізде электрондық сауда жүйесінде электр қуатының (тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда) әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің ұйымдастырылған саудасы;»;
33) тармақшадағы «электр энергиясымен орталықтандырылған сауда операторы» деген сөздер «орталықтандырылған сауда нарығының операторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:
«33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф - энергия өндіруші ұйымдардың жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға арналған инвестицияларын қаржыландыру көзі ретінде инвестициялық құрамдасын ескермейтін, энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) бекітілген ең жоғары шамасы;»;
35) - 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
35) электр энергиясын беру - энергия берушi ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес көрсететiн қызметi;
35-1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі - өлшем құралдарының және электр энергиясын өлшеуге, жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және есепке алу деректерін беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы;
36) электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың тәулiктiк кестесi - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтiзбелiк әрбiр тәулiкте электр энергиясын өндiру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтiн, жүйелiк оператор бекiткен құжат;
37) электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың теңгерiлiмiн ұйымдастыру - электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыру бойынша жүйелiк оператор көрсететiн қызмет;
38) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектiлерi арасындағы шарттар (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетiлетiн қызметтер ұсыну) негiзiнде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс iстейтiн қарым-қатынастар жүйесi;
39) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектiлерi - энергия өндiрушi, энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар;
4-тармақтың 1) тармақшасының отыз төртінші абзацы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
42) тармақша алып тасталсын;
50) тармақшадағы «, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың 1) тармақшасының отыз алтыншы абзацы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
51) тармақша алып тасталсын;
2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) 7-бапта:
4-тармақтың 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтың 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін және 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды
4-тармақтың 4) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында және 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;»;
4-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды
7) тармақшадағы «12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында» деген сөздер «12-бабының 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын.
4-тармақтың 4) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін және 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында және 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады.»;
5) 9-1-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақта:
үшінші абзацтағы «кернеу жиiлiгiнiң ауытқуы;» деген сөздер «электр тогы жиілігінің ауытқуы электр энергиясы сапасының сипаттамалары болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Магистральдық және тарату құбырларындағы жылытуға арналған жылу энергиясының параметрлерi белгіленген температура кестесiне сәйкес болуға тиiс.»;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) 10-баптың 1-тармағында:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
4-тармақтың 6) тармақшасының жетінші абзацы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;
19) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді уәкілетті орган айқындаған баға бойынша, көлемде және мерзімде сатып алу туралы тендер жеңімпазымен шарт жасасады;
4-тармақтың 6) тармақшасының он бірінші абзацы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) көтерме сауда нарығының субъектісін көрсете отырып, электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналып жасалған шарттардың тізбесін жасайды және өзінің интернет-ресурсында орналастырады.»;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) 12-бапта:
3-тармақта:
4-тармақтың 7) тармақшасының төртінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтың 7) тармақшасының бесінші абзацы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді