1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінiң интернет-ресурсында жариялауға;
2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға;
3) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен конкурстық құжаттаманы алған тұлғаның орналасқан жерi, почталық және электрондық мекен-жайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ол туралы басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер табыс етуінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті.
Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.
Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы күніне дейін кемінде күнтiзбелiк он күн бұрын, мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін жариялауға міндетті.
19-бап. Конкурстық құжаттаманы табыс ету
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы қағаз жеткізгіште (бұдан әрi - конкурстық құжаттаманың көшiрмесi) не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы осы Заңның 18-бабының 3) тармақшасында белгiленген талаптарды ескере отырып, тапсырыс берушінiң интернет-ресурсында жариялау арқылы мүдделi тұлғаларға ұсынады.
Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу өткізілген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бекітілген конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялау арқылы конкурстық құжаттаманы мүдделі тұлғаларға ұсынады.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін мүдделі тұлғаларға олар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың көшірмесін табыс ету туралы өтініш жасаған күні табыс етуге міндетті.
Егер конкурстық құжаттаманың көшірмесі ақылы негізде табыс етілген болса және бұл туралы сілтеме тиісті хабарламада қамтылса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оны мүдделі тұлғаларға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға аталған ақыны енгізгенін растайтын құжатты ұсыну шартымен өздері өтініш жасаған күні табыс етеді.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін табыс еткені үшін ақы мөлшері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама көшірмесінің данасын әзірлеумен тікелей байланысты шығыстарынан аспауға тиіс.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс еткен тұлғалар туралы мәлiметтердi, сол сияқты тапсырыс берушінің интернет-ресурсынан не мемлекеттік сатып алу веб-порталынан бекiтiлген конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзуге тиiс.
Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға тілек білдірген, мемлекеттік сатып алу веб-порталынан конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғалар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркеледі.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Конкурстық құжаттаманы конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін жарияланғанға дейін табыс етуге жол берілмейді.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру
1. Тiркеу журналына өздері туралы мәлiметтер енгiзiлген немесе мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес, бірақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, ал конкурс тәсілімен өткізілетін электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша кемінде күнтiзбелiк он күн бұрын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалмен жүгінуге құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетiлген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға жiберiлуге тиiс.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап- үш жұмыс күнi iшiнде, ал конкурс тәсілімен өткізілетін электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша екі жұмыс күні ішінде оған жауап қайтаруға және сауалдың кiмнен келiп түскенiн көрсетпестен:
1) осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздері туралы мәлiметтер енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiрудi жiберуге;
2) конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға;
3) конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізген жағдайда конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін жариялауға міндетті.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы күні өткенге дейін - күнтiзбелiк бес күн мерзiмінен кешiктiрмей, ал электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша күнтiзбелiк үш күн мерзiмінен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес өздері туралы мәлiметтер тiркеу журналына енгізілген не мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалардың сауалына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгiленген тәртіппен бекiтiледi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға өтемсiз негiзде жiберуге;
2) енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінiң интернет-ресурсында жариялауға;
3) конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізген жағдайда, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғаларға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жіберуге міндетті.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк он күн мерзiміне ұзартылуға тиiс.
3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғалардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттамада көрсетілген белгiлi бiр жерде және тиiстi уақытта кездесу өткiзуге құқылы. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мүдделi тұлғалармен аталған кездесу өткiзiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, олардың дереккөздерiн көрсетпей, ұсынылған конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалдар, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптар қамтылуға тиісті хаттаманы ресiмдейдi және оған қол қояды.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы хаттама ресiмделген және оған қол қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) конкурстық комиссияға, сондай-ақ осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға аталған хаттаманың көшiрмесiн жiберуге;
2) көрсетілген хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.
Осы тармақтың талаптары конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
21-бап. Конкурсқа қатысуға өтінім
1. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды беруді, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады.
2. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің:
1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтың болмағандығы туралы;
2) өзінің және тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен осы Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісімі туралы растауды қамтуға тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiсті мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.
3. Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.
22-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс ету
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтiнiмдi табыс етудің конкурстық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткенге дейiн оны мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға - мөр басылған конвертте, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында табыс етедi.
Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті не конкурсқа қатысуға өтінімнің құрамдас бөлігі болып табылатын құжаттарды және (немесе) материалдарды оларды табыс етудің конкурстық құжаттамада көрсетілген соңғы мерзімі өткеннен кейін табыс етуге жол берілмейді.
Белгіленген мерзім өткеннен кейін табыс етілген конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі:
1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;
2) конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік сатып алу веб-порталына осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
3) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталының автоматты түрде қабылдамауына жатады.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін табыс еткен әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілер берген өтінімдер мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркеледі.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс ету мерзімі аяқталған кезден кешіктірмей:
1) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) конкурсқа қатысуға өзі енгізген өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi табыс етудің не конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді табыс етудің соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге, сол сияқты оны керi қайтарып алуға жол берiлмейдi.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдердің конкурстық құжаттамада белгіленген қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерден олардың қолданылу мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзартуды сұратуға құқылы. Әлеуетті өнім беруші:
1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
2) мұндай өтінімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, мұндай сауалды қабылдамауға құқылы.
5. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға өзінің қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді мойнына алмайды.
23-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, өзінің:
1) конкурсқа қатысуға өтінімін мұндай өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтіндігінің және (немесе) толықтырмайтындығының;
2) оны конкурстың қатысушысы деп таныған жағдайда, өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс ететіндігінің, ал кейіннен оны кері қайтарып алмайтындығының;
3) оны конкурстың жеңімпазы деп таныған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасатындығының және конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізетіндігінің кепілі ретінде енгізеді.
2. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде айқындалған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде енгізіледі.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті өнім беруші, егер ол:
1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
4. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 6 және 7-тармақтарында аталған іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
2) конкурсқа қатысушы болып танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;
3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың кірісіне есептеледі.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай конкурстың қатысушылары деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенде қайтарады.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
23-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
1. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді:
1) өзін конкурсқа қатысушы деп таныған жағдайда, өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде беретінінің, ал кейіннен оны кері қайтарып алмайтынының;
2) өзін конкурстың жеңімпазы деп анықтаған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасатындығының;
3) конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасатындығының, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) оны енгізу мерзімдері туралы талаптарды уақтылы және тиісті түрде орындайтындығының кепілі ретінде енгізеді.
2. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
3. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім берушінің енгізілген кепілдікті ақшалай жарнасына тұтастай не оның бір бөлігіне талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын іс-қимылдар жасауына жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
1) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде өзінің конкурстық баға ұсынысын бермеген не кері қайтарып алған;
2) конкурс жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда, конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде, конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есептеледі.
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады:
1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған жағдайда;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда.
24-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім салынған әрбір конвертті ашқан кезде конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылған құжаттар мен материалдар тізбесі туралы ақпаратты жариялайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімді табыс еткен әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі аудиожазба немесе бейнетүсірілім жүргізу құқығымен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатысуға құқылы.