Қазақстан Республикасының
Заңы
Мемлекеттік сатып алу туралы
(2012.27.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2009.10.07 № 178-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «веб-сайттарда», «веб-сайттың», «веб-сайты», «веб-сайтында», «веб-сайтта», «веб-сайт», «Веб-сайтта», «веб-сайтынан», «веб-сайтын» деген сөздер тиісінше «интернет-ресурстарда», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурсы», «интернет-ресурсында», «интернет-ресурста», «интернет-ресурс», «Интернет-ресурста», «интернет-ресурсынан», «интернет-ресурсын» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2009.04.05. № 156-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ашық тауар биржалары» деген сөздер «тауар биржалары» деген сөздермен ауыстырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің арасында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті олардың жүзеге асыруы процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукцион адымы - аукцион нысанасының бағасы төмендетілетін ақшалай аралық;
2) аукциондық комиссия - осы Заңда көзделген аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
3) аукциондық құжаттама - аукционға қатысуға өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге берілетін құжаттама, онда аукционға қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің шарттары мен тәртібі қамтылады;
4) әлеуетті өнім беруші - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;
5) әлеуетті өнім берушінiң үлестес тұлғасы - аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
6) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер - бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
7) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары - дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік әрбір келесі үлестес тұлғаға өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызының тиесілі болатынын білдіреді;
8) демпингтiк баға - конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға болып табылады;
9) жергілікті қамту - мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегiне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудiң жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндiру критерийлерiне сәйкес тауарда (тауарларда) белгiленген қазақстандық шығарылым үлесi (үлестерi) құнының мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;
10) жұмыстар - шикiзат кен орындарының құрылысымен, жайластырылумен байланысты, заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге қызмет;
11) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi отандық берушілер - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және (немесе) жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес пайызын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын заңды тұлғалар;
12) конкурстық комиссия - осы Заңда көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу рәсiмдерiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
13) конкурстық құжаттама - конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмді әзiрлеу үшiн әлеуетті өнім берушіге табыс етiлетiн құжаттама;
14) көрсетілетін қызметтер - тапсырыс берушінің қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесi жоқ қызмет;
15) Қазақстан Республикасының резиденттерi - шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ тұлғалар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;
Қазақстан Республикасының өз шегiнен тыс жерлердегi дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;
16) қаулы - бақылау нәтижелерiн растайтын және ол жолданған мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдері бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;
17) мемлекеттiк кәсiпорындардың үлестес тұлғалары - еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар;
18) мемлекеттiк сатып алу - жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттiк тапсырманы орындау шеңберінде сатып алынатын қызметтердi, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгiзудi, оның iшiнде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгiзудi қоспағанда, осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тапсырыс берушінiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi тапсырыс берушілердiң ақылы негiзде сатып алуы;
19) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы - электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
20) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
21) мемлекеттiк сатып алу жүйесi - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң және олардың мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыру процесінде бiртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;
22) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi - мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
23) мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызмет - мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;
24) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт - осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында тапсырыс берушінiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларын не жарғылық қызметін атқару үшiн тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
25) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы - мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететiн құрылымдық бөлiмше;
26) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмi - әлеуетті өнім берушімен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, тиiстi комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті iс-шаралар кешенi;
27) отандық кәсiпкерлер - Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер;
28) отандық тауар өндiрушiлер - Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген тауарлар;
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткiлiктi қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi қайта өңделген тауарлар өндiретiн әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрi - отандық тауар өндiрушiлер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
29) өнім беруші - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiмшарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;
30) сараптама комиссиясы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу үшін және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
31) сарапшы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу үшін және (немесе) әлеуетті өнім беруші ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған жеке тұлға;
32) тапсырыс берушілер - ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
33) тауарлар - нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;
34) ұсыну - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшiн бақылау объектiлерiне жiберiлетiн уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қаржылық бақылау органының орындауға мiндеттi актiсi;
35) шартты баға - конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;
36) электрондық аукцион (бұдан әрі - аукцион) - тапсырыс беруші сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукциондық құжаттамаға сәйкес келетін және оларға баға төмендетілген кезде айқындалған ең төмен бағаны ұсынған әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келетін кездегі электрондық мемлекеттік сатып алу тәсілі;
37) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
38) электрондық мемлекеттiк сатып алу - ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;
39) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор -Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу принциптері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы:
1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) отандық кәсіпкерлерді қолдау принциптеріне негізделеді.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу
1. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкілетті органдардың оларды жүзеге асыру үшін:
жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді;
қызметтік үй-жайларды, көліктік және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті;
жасырын ұйымдар құру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алу;
4) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;
5) стратегиялық маңызы бар өнеркәсіптер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алуы;
7) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
8) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
9-1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
10) қызметкерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, егер жеке тұлға кредиттік (банктік) ұйымды өзі анықтаса, алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақыны есептегені үшін қызметтер көрсету бөлігінде, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлігінде қаржылық қызмет көрсетулерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалардың қызмет көрсетулерін сатып алу;
13) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін сатып алу;
14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) және жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу;
17) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
18) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды жасау, сақтау, жеткізіп беру жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындалуына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
19) мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметтері қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өтемсіз негізде ұсынатын грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келісімдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге рәсімдері көзделген жағдайларда осы гранттарды бірлесіп қаржыландыруға бөлінген ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) жеке тұлғалар үшін мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердi сатып алу (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өзі таңдаған жағдайда);
21) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесіне кіретін медициналық қызметтерді сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды
21-1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды; 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 21-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 21-2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу;
22) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрі олармен бірге жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;