Эмитент электрондық ақша иесінің алдында электрондық ақша жүйесіне санкциясыз енген, сондай-ақ эмитенттің тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысында (жұмыс істеуінде) қателесу орын алған немесе іркіліс болған жағдайларда электрондық ақша иесіне келтірілген зиян үшін олардың арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады.
4. Электрондық ақшаның иесі - сәйкестендірілген жеке тұлға жүргізетін бір операцияның ең жоғары сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауы тиіс.
Электрондық ақшаның иесі - сәйкестендірілмеген жеке тұлға жүргізетін бір операцияның ең жоғары сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауы тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары электрондық ақшаны өтеу жөніндегі операцияларға қолданылмайды.
5. Электрондық ақшаны өтеуді эмитент оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасын электрондық ақшаның иесі - жеке тұлғаның банк шотына аудару не оған қолма-қол ақша беру арқылы жүзеге асырады.
6. Егер эмитент пен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға арасында жасалған шартта өзге мерзім көзделмесе, эмитент дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жеке тұлғалардан азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде алған электрондық ақшаны өз пайдасына электрондық ақша түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеуді жүзеге асыруға міндетті.
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған электрондық ақша аудару кезінде ақшаны қайтару үшін осы Заңда көзделген негіздер бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәміле бұзылған жағдайда, оны ақы төлеуші - жеке тұлғаға қайтару кезінде өтеуге жатпайды.
Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар иелері болып табылатын электрондық ақшаны өтеу заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің банк шотына оның номиналдық құны бойынша тең ақшалай сомасын аудару жолымен жүзеге асырылады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
37-бап. Ақша төлемi мен (немесе) аударымын жүзеге асыру ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Ақша төлемi мен (немесе) аударымына қатысушылар ақша төлемi мен (немесе) аударымына байланысты мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған жағдайда, олар осы қатынастарға қатысушылар арасында жасалған шартта және (немесе) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негiздер бойынша, тәртiппен және мөлшерде жауап бередi.
2. Егер ақша аударымы аяқталмаған болса, осының алдындағы жөнелтушiнiң алынған нұсқауды орындамаған не тиiстi дәрежеде орындамаған банк (оның iшiнде делдал банк) оның алдында жауап бередi. Бұл орайда ақша жөнелтушi ақша аударымы жөніндегі мiндеттемелерiн орындаған күннiң өзiнде, егер ақша жөнелтушi мен бенефициар арасындағы азаматтық-құқықтық мәмiле шарттарында өзгеше көзделмеген болса, ақша жөнелтушiнiң азаматтық-құқықтық мәмiле жөніндегі төлем бойынша бенефициар алдындағы мiндеттерi тоқтатылмайды. Егер ақша аудару бенефициар банкінің кiнәсiнен аяқталмаған болса, ақша жөнелтушi азаматтық-құқықтық мәмiле жөніндегi төлем бойынша бенефициар алдында жауапты болмайды.
3. Егер ақша аударымын жасау ережелерiн бұзу ақша төлемi мен (немесе) аударымына қатысушының өзгенiң ақшасын заңсыз пайдаланумен, сондай-ақ акцептiң немесе нұсқаудың орындалу мерзiмiн бұзуымен байланысты болса, мұндай қатысушы кiмнiң ақшасын заңсыз пайдаланса сол адамға Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген айыпақы төлеуге мiндеттi.
4. Егер алушы банк төлем жасалған кезде қорғау iс-әрекетiнiң тәртібін сақтамаса, бірақ бенефициар ақшаны:
1) ақша аударымы туралы тапсырмада немесе талапта көрсетiлгендей;
2) бенефициар үшiн қолайлы мерзiмде;
3) ақша аударымы туралы бұйрықта көрсетiлген сомада алған жағдайда;
4) және бұл орайда ақша жөнелтушiге де, бенефициарға да залал (зиян) келтiрiлмесе, алушы банк ол үшiн жауап бермейдi.
ҚР 28.12.98 ж. № 336-I; 29.03.00 ж. № 42-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 08.05.03 ж. № 411-II (бұр. ред. қара); 09.07.03 ж. № 482-II (бұрынғы ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Белгiсiз мерзiмде орындалуға тиiстi нұсқаулар
1. Ақша жөнелтушiде банкте нұсқауды орындау үшiн қажеттi ақша сомасы болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, алушы банк:
1) ақша жөнелтушi мен алушы банктiң арасындағы шартта;
2) заң актілерінде және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда ғана алынған нұсқауларды қабылдауға және оларды орындау үшiн жеткiлiктi ақша сомасы ақша жөнелтушiнiң немесе алушы банктiң банк шотына түскенге дейiн бір жыл бойы сақтауға мiндеттi.
1-1. Бенефициар Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында көзделген қажетті құжаттар мен мәліметтерді беру жөніндегі іс-әрекеттерді жасамаған жағдайда алушы банк жөнелтушінің алынған нұсқауларын қабылдауға және 180 күнтізбелік күн бойы сақтауға міндетті.
Бенефициар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді орындамаған жағдайда, алушы банк күнтізбелік 180 күн ішінде мұндай нұсқауды оны жөнелтушіге орындамай қайтаруға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген нұсқауларды алушы банк Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген нұсқауларды орындау кезектiлiгiн сақтауды ескере отырып, олардың алушы банкке түсу тәртібінде күнтiзбелiк кезектiлiкпен орындайды. Күнтiзбелiк кезектiлiк алушы банкке нұсқаулардың түсу күнi мен уақытын көздейдi.
Алушы банк Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен ақша жіберушінің салық төлеу жөніндегі нұсқауын орындаумен қатар, міндетті зейнетақы жарналарын күнтізбелік кезектілік тәртібімен аударуға арналған нұсқауларды орындауға міндетті. Алушы банк салық органдарының міндетті зейнетақы жарналарын өндіріп алуға арналған инкассалық өкімдерін нақ осы тәртіппен орындайды.
3. Осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көзделген нұсқауларды орындаған кезде, акцептiң күнi мен уақыты алушы банктiң мұндай нұсқауларды орындау күнi мен уақыты болып табылады.
4. Егер осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін жөнелтушінің ұсынған нұсқауы жөнелтушіде ақшаның жетіспеуінен орындалмаса, онда алушы банк инкассалық өкімді қоспағанда, осындай нұсқауды орындамастан жөнелтушіге қайтаруға міндетті.
39-бап. Ақша төлемiне немесе аударымына тыйым салу
Төлем жасауға, ақша аударымы туралы нұсқау беруге, нұсқауды орындауға, банктiң бенефициарға ақша беруiне немесе бенефициардың ақша алуына Қазақстан Республикасының тиiстi заң актілерімен уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негiздемелер бойынша ғана тыйым салынуы мүмкiн.
40-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделген өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
41-бап. Осы Заңды iске асыру жөніндегі шаралар
Осы Заң күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасы Төрағасының республикада төлем және несие тәртібін нығайту мәселесi жөніндегі есебi туралы» 1993 жылғы 30 қаңтардағы қаулысының 6-тармағы, аталған Қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәртібін бұзғаны үшiн экономикалық санкциялар туралы» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық» нормативтерiн бұзғаны үшiн коммерциялық банктерге қолданылатын санкциялар туралы» Уақытша ережелер (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 4, 68-құжат, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 239-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының