3-тармақтың 10) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 635-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегі банктердегі банк шоттарына валюталық түсімнің түсуi жөніндегі талаптары осы Кодекстiң 245-бабының 1-1-тармағында аталған салық төлеушiлерге қолданылмайды.».
4. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж, № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат):
4-тармақтың 1) тармақшасы 2012 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
1) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның күшi табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай:
1) қызметі тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты болатын;
2) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызмет:
осындай қызметтен түскен кірістер күнтізбелік бір жыл ішінде барлық қызметтен түскен кірістің бір пайызынан аспауға тиіс;
табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтерге 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған тарифтің деңгейін ұстау шарттарының жиынтығы сақтала отырып, жүзеге асырылатын жағдайлардың бірінде қолданылмайды.»;
2) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тәртібі «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;».
5-тармақ 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 10-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мәміле бағасының осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 3) тармақшаларына сәйкес белгіленген және (немесе) қалыптастырылған бағадан ауытқуы кезінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету осы Заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
2) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Жекелеген жағдайларда нарықтық бағаны айқындау және салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету
1. Мәміле бағасы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 30 маусымға дейін бекіткен жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау тәртібіне (әдістемесіне) сәйкес қалыптастырылған құқықтық қатынастар субъектілеріне осы Заңда белгіленген нарықтық бағаны айқындау әдістері қолданылмайды.
Мәміле бағасы жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау тәртібіне (әдістемесіне) сәйкес қалыптастырылған бағадан ауытқыған кезде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету осындай тәртіпке (әдістемеге) сәйкес айқындалатын бағаға дейін жүргізіледі.
2. Осы бап өнімді бөлу туралы келісім күшіне енген күннен бастап жасалған мәмілелерге қолданылады.».
6. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат):
6-тармақтың 1) тармақшасы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 428-бабы 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңiнде көрсетiлген баптың 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсiн:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептеме берудiң төменде көрсетiлген тәртiптерiнiң бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
2) бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимi;
3) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
4) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.
Осы Заңның 36-бабының 1-тармағында көрсетілген, дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептеме берудiң төменде көрсетiлген тәртiптерiнiң бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
1) бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимi;
2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
6-тармақтың 2) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 25-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі жөніндегі талаптары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 245-бабының 1-1-тармағында аталған салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
6-тармақтың 3) тармақшасы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 36-баптың 1, 3, 7, 9, 10, 12 және 13-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимiн:
1) қызметi ауық-ауық сипатта болып, қызметтiң мынадай түрлерiн:
газеттер мен журналдар, тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдарын, саяжай және үй маңындағы учаскелерде өсiрiлген табиғи гүлдердi, қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерi өнiмдерiн, жануарлар мен құстардың жемдерiн, сыпыртқыларды, сыпырғыларды, орман жидектерiн, балды, саңырауқұлақтар мен балық өткізуді (стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтердi қоспағанда);
жер учаскелерiн өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерiнiң көрсететiн қызметiн;
үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар;
2) нарық аумағындағы дүңгiршектердегi, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) өткізуді қоспағанда, нарықтарда тауарлар өткiзу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар қолданады.
Осы тармақта көрсетілген, дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар патент немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданған жағдайда біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес.»;
«3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар дара кәсiпкерлер ретiнде тіркелмеуге құқылы.»;
«7. Бiржолғы талондарды жергiлiктi атқарушы органдар айқындаған органдар қызметтi жүзеге асыруды бастағанға дейiн бередi.
Салық төлеушiнiң қалауы бойынша бiржолғы талон бiр күнге немесе одан да ұзақ мерзiмге, бiрақ күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзiмге берiлуі мүмкін.
Бiржолғы талон бiр күннен асатын мерзiмге берілген жағдайда, оның құны жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмiмен белгiленген құнды бiржолғы талон қолданылатын күндер санына көбейту жолымен айқындалады.
Бiржолғы талондарды беру:
2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн - салық төлеушiнiң куәлiгiн;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкестендiру нөмiрi бар құжатты көрсеткенде жүргiзiледi.
Бұл ретте, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғалар салық органдарының патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану туралы осы тұлғаларға берген шешімдерін ұсынған жағдайда, біржолғы талондар берілмейді.
Бiржолғы талонның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн қызметі тоқтатылған, қызметі уақытша тоқтатыла тұрған немесе оны жүзеге асыру шарттары өзгерген кезде бiржолғы талон құнының төленген сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды.
Бiржолғы талон бiржолғы талонда көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру орны бойынша жарамды.
Бiржолғы талонның нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
«9. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде кiрiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге және жалпыға бірдей белгiленген тәртiппен не Салық кодексінің 62 және 63-тарауларында көзделген тәртіппен қызметтiң көрсетiлген түрлерi бойынша салықты есептеу мен төлеудi жүргiзуге мiндеттi.
Бұл ретте аталған салық төлеушілер нарықта тауарларды өткiзуден, жұмыстарды орындаудан және қызметтерді көрсетуден түскен кiрiстер мен шығыстарды, Салық кодексінің 62-тарауында көзделген тәртіппен салықты есептеу мен төлеу жағдайларынан басқа, салық салынатын кірісті айқындау кезінде есепке алады.
Көрсетiлген жағдайларда жеке немесе корпоративтiк табыс салығының есептелген сомасы бiржолғы талон бойынша төленген жеке табыс салығының сомасынан төмен болмауға тиiс.
10. Нарықта біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсiпкерлердің немесе заңды тұлғалардың қызметкерлерi тауарлар өткiзген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда, бiржолғы талон дара кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға берiледi.
Көрсетiлген жағдайда қызметкер бiржолғы талонды алу үшiн:
2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн - дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның сәйкестендiру нөмiрi бар құжатының көшiрмесiн қоса берiп, бiржолғы талонды алу құқығына нотариат куәландырған сенiмхатты ұсынуы қажет.
Дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясын тапсырмайды.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген, біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсiпкерлер осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясын тапсырмайды.»;
«12. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiлер біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданған жағдайда, сатып алушының талап етуі бойынша берiлген және тауарды өткiзу, жұмысты орындау, қызметті көрсету фактiсiн растайтын құжатта нарықтың атауын, бiржолғы талонның сериясы мен нөмiрiн, бiржолғы талонның берiлген күнiн көрсетуге мiндеттi.
13. Қосылған құн салығын төлеушiлердi қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiлер біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданған жағдайда, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 77-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында белгiленген салық тiркелiмiн жүргiзуге мiндеттi.».
7. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 1-бапта:
63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«63) магистральдық құбыр - өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөлік пен объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сай келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;»;
64) және 65) тармақшалар алып тасталсын;
2) 16-баптың 50) тармақшасы алып тасталсын;
3) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қажеттілік болған жағдайда, ішкі нарықтың жанар-жағармай материалдарына қажеттіліктерін жабуға қажетті көлемде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тысқары жерлерде өңдеуге арналған мұнай мөлшерін кестелермен (жылдық және ай сайынғы) айқындау;»;
4) 10-тарау алып тасталсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат):
көрсетілген Заңға қосымшада:
1-тармақта:
35) тармақша алып тасталсын;
96) тармақшадағы «саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 97) тармақшамен толықтырылсын:
«97) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың 16) тармақшасындағы «саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүзеге асырылады.».
9. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мұнай беруші - осы Заңда белгіленген шарттармен өздері өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 7-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестелерін жер қойнауын пайдаланушыларға арнап бекітеді;»;
3) 18-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінімдер ескеріле отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай берушілерге арнап шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестесін бекітеді, онда мұнайды өңдеу жоспарын қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру көлемдері мен мерзімдері көрсетіледі. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің алдағы күнтізбелік жылға арналған кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 15 желтоқсанға дейін бекітеді және бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің назарына жеткізеді. Мұнай берушілер шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беруді шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.».
10. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат):
1) 15-баптың 14-тармағы 7) тармақшасындағы «газды иелiктен шығару жағдайларына қолданылмайды.» деген сөздер «газды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 308-1-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығын иеленетін, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген шикі және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығару жағдайларына қолданылмайды.»;
2) 20-баптың 9-тармағы 3) тармақшасындағы «алынған тауарлық газды өткiзу жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.» деген сөздер «алынған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 308-1-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығын иеленетін, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген тауарлық газды өткiзу жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.»;
3) 26-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы «иелерi жүзеге асыруға құқылы.» деген сөздер «иелері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) газ желісі ұйымдары жүзеге асыруға құқылы.»;
4) 27-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «иелеріне» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы баптың 6-тармағы екінші бөлігінің ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «иелеріне» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы баптың 6-тармағы екінші бөлігінің ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарына сәйкес өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына газ желісі ұйымдары ие болады.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарына сәйкес сатып алынған сұйытылған мұнай газының көлемін газ желісі ұйымдары тек қана Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізеді.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының екінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 10) тармақшасын, 5-тармағын, 6-тармағының 2) тармақшасын;
2) 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын;
3) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының алтыншы, жетінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын, 4) және 5) тармақшаларын;
4) 2011 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасын;
5) 2012 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасын;
6) 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) және 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшалары 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы маусымның 22-і.
№ 21-V