9. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
18-баптың 2-тармағындағы «заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат):
1) 11-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған жағдайларда алты ай мерзімге тоқтатыла тұрады.
Көрсетiлген жағдайда лицензияның қолданысын лицензиар тоқтата тұрады. Қабылданған шешiм туралы адвокат, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етiледi.»;
2) 18-баптың 4-тармағындағы «заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
11-тармақтың 1) тармақшасының бірінші - бесінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Төлем карточкасы
1. Төлем карточкасын оның ұстаушысы төлемдi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ оның эмитентi айқындаған шарттарда қолма-қол ақшаны алу, валюта айырбастау және басқа операциялар үшiн қолданады.
2. Төлем карточкасының эмитентi болып табылатын банкпен немесе сондай эмитентпен шарт жасасқан банкпен не эмитентпен шартсыз төлем карточкаларына қызмет көрсететiн банкпен тиiстi келiсiм жасасқан дара кәсіпкерлермен немесе заңды тұлғалармен операциялар кезінде төлем карточкасы пайдаланылуы мүмкiн.
11-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы 2014 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болды
3. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегі тұлғаларды қоспағанда, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті.
11-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегі тұлғаларды қоспағанда, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті.
11-тармақтың 1) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Төлемге қатысушылардың төлем карточкаларын пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ұсынылған төлем карточкасын пайдалана отырып, жүзеге асырылатын төлемді қабылдау туралы келiсiм берген кезден бастап туындайды.
Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларына қызмет көрсету туралы дара кәсіпкермен немесе заңды тұлғамен келісім жасасқан банкке қатысты дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қабылдаған төлем сомасында ақша талап ету құқығы туындайды. Көрсетілген банкте дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақша талап етуін орындау міндеті туындайды.»;
2) 18-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді
3) 21-баптың 4-1-тармағындағы «4000 айлық есептiк көрсеткiштен» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 35-баптың 5-тармағындағы «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат):
21-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар):
43-баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасындағы, 51-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы және 4-тармағының 3-1) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
27-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
24-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) заңсыз жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру - ақшаны заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған жалған мәміле жасау кезінде құжаттарды пайдалану арқылы қолма-қол ақшаны алу мақсатында жеке немесе заңды тұлғалар жасайтын іс-әрекеттер;»;
2) 3-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) адвокаттар, заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге:
жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;
заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;»;
16-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді
3) 4-бапта:
1-тармақта:
үшінші абзацтағы «6), 7) және 9)» деген сөздер «6) және 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген операция үшiн - 6 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 6 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;»;
төртінші абзацтағы «2) - 5), 8), 10) - 17)» деген цифрлар «2), 3), 5), 11) - 14), 16) және 17)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«осы баптың 2-тармағының 10) және 15) тармақшаларында көрсетiлген операциялар үшiн - 30 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 30 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
осы баптың 2-тармағының 18) тармақшасында көрсетiлген операция үшiн - 150 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 150 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;»;
бесінші абзацтағы «18) және 19) тармақшаларында көрсетiлген операциялар» деген сөздер «19) тармақшасында көрсетiлген операция» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операция шетел валютасымен жүзеге асырылатын болса, теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бәс тiгу, ойын мекемелерiндегi құмар ойындар мен лотерея өткiзу нәтижелерi бойынша ұтысты алу, оның iшiнде электрондық нысанда алу;»;
4) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
12) тармақша «қолма-қол валютаны» деген сөздерден кейін «, талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді» деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақша «оның ішінде» деген сөздерден кейін «сейф ұяшықтарын мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша сейф қызметтерін көрсетуді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
3) тармақшадағы «жасау болып табылады.» деген сөздер «жасау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) - 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) заңсыз жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп жорамалдауға негіздер бар операция жасау;
5) резиденттің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, қорғалатын ақпаратты, зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды, мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті) импорттауын (экспорттауын) көздейтін шарт бойынша тарап болып табылмайтын резидент емес ақшаны не тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, қорғалатын ақпаратты, зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды, мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті) алушы болып табылатын операция;
6) тараптарының бірі терроризмдi және экстремизмдi қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тiзбесiне енгізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар` болып табылатын операция болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекітеді.»;
4) 5-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «жағдайларды қоспағанда)» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ заңды мекенжайын» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Тиiсiнше тексерудi жүргiзу кезiнде мәлiметтер жинау және құжаттық растау
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзу кезiнде тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган айқындайтын қаржы мониторингi субъектiлерiнiң түрлерi бойынша клиенттi тиiсiнше тексеру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесі негізінде клиент туралы мәлiметтердi құжаттап тiркеуге мiндеттi.
16-тармақтың 5) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтары ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді
2. Қаржы мониторингi субъектiлерi қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты уәкiлеттi органға мынадай бөлiмдердi: кiрiспе ақпаратты, қаржы мониторингi субъектiсi туралы мәлiметтердi, операция мен операцияға қатысушылар туралы мәлiметтердi, қаржы мониторингiне жататын операция жөнінде қосымша ақпаратты қамтуға тиiс нысан бойынша береді. Бұл нысан Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн қағидалармен айқындалады.
Осы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат құжатталып тiркеледi және оларды:
1) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5) және 10) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi, - ерекше қызметінің түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, бөлiнген байланыс арналары арқылы операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей электрондық тәсiлмен;
2) ерекше қызметінің түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар, - операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште;
3) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 6) - 9) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi, - операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште уәкiлеттi органға қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.
Күдікті операциялар бойынша мәліметтер мен ақпарат құжатталып тіркеледі және осы Заңның 13-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсынылады.
3. Қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтер мен ақпаратты:
1) адвокаттар, егер бұл мәлiметтер мен ақпарат анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда жеке және заңды тұлғалардың атынан өкiлдiк ету және оларды қорғау мәселелерi бойынша заң көмегiн көрсетуге байланысты, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін, талап арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазуды қажет ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер, кеңестер және жазбаша қорытындылар түріндегі заң көмегін көрсетуі кезінде алынған болса;
2) нотариустар, шешілуі кәсіптік заң білімін талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер түрінде заң көмегін көрсетуі кезінде ұсынбайды.
4. Клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзген кезде алынған қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға берумен байланысты шығыстарды қаржы мониторингiнің субъектiлерi көтереді.»;
16-тармақтың 6) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді
6) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді, қабылдайды әрі орындайды және осы Заңда көзделген ішкі бақылауды жүргізу кезінде қаржы мониторингі субъектісінің қызметіне қойылатын талаптардан басқа, олар мыналарды:
осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттарды;
осы Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялардың тізбесін;
күдікті операцияларды айқындау критерийлерін;
өз клиенттерін тиісінше тексеру үшін қажетті құжаттар тізбесін;
өз клиенттерін тиісінше тексеру шараларын;
корреспондент банктермен корреспонденттік қатынастар орнататын қаржы мониторингі субъектісінің оларды тиісінше тексеру шараларын;
осы Заңның 13-бабының 1-тармағында көрсетілген клиент операцияларын жүргізуден бас тарту негіздерін;
осы Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес клиенттің күдікті операциялары туралы уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ету жөніндегі шараларды;
қаржы мониторингі субъектілері лауазымды адамдарының сәйкестендіру деректеріне және өз клиенттерін тиісінше тексеру жөніндегі өзге де ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуді;
осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес алынған ақпаратты сақтау және қорғау тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында жұмылдырылған қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін даярлау және оқыту жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шараларды;
қаржы мониторингі субъектілерінің лауазымды адамдарын тағайындауға, олардың біліктілігіне және оларды даярлауға қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.»;
7) 12-бапта:
4-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын тізбесінде ұйымның немесе жеке тұлғаның болуы;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) террористік және экстремистік қызметке қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының деректері негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын тізімдері негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау оларды көрсетілген тізбеге енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың әрекеті тоқтатылғаны туралы ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
6. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ басқа да құзыретті мемлекеттік органдар уәкілетті органға ұсынатын ақпаратқа сәйкес жаңартылып отырады.»;
8) 13-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарламаны алысымен, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде, егер қаржы мониторингі субъектісі ұсынған күдікті операция туралы хабарлама уәкілетті орган жүргізген талдау нәтижелері бойынша негізді деп танылған болса, күдікті операцияның жүргізілуін күнтізбелік үш күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді және электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште күдікті операция туралы хабарламаны ұсынған қаржы мониторингі субъектісінің назарына жеткізіледі.»;
«5. Уәкілетті орган күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін ақпаратты дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына береді, ол уәкілетті органнан күдікті операцияны тоқтата тұру туралы хабарламаны алған кезден бастап сегіз сағат iшiнде ақпаратты арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін жібереді.
Тиісті арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары ақпарат алған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде тиісті шешім қабылдауға және ол туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының тиісті шешімін алған кезден бастап оны үш сағат ішінде қаржы мониторингі субъектісінің назарына жеткізеді.»;
9) 16-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынады;»;
5) тармақшадағы «құқық қорғау органдарына олардың құзыреттеріне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдауы үшін ақпарат жібереді» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына жіберу үшін өз құзыретіне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдауға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ақпарат береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 17-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру белгілері» деген сөздер «осы Заңның 4-бабының 4-тармағында белгіленген бір немесе бірнеше критерийлерге сай келетін күдікті операцияның белгілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 18-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын;