ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 716 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен қаулы біліктілік талаптарымен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 наурыздағы
№ 270 қаулысымен
бекітілген
Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:
1) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - лауазымды тұлғалар мен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың иерархиясы белгіленген құрылымның графикалық схема немесе мәтіндік сипаттама түріндегі өтініш берушінің ұйымдық құрылымының;
2) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік ғимараттар, инженерлік құрылыстар, машиналар, механизмдер, жабдықтар);
3) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - жұмыстың негізгі әдістерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың өтініш беруші бекіткен технологиялық регламентінің;
4) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есепке алу жүйесінің (үй-жайлар, аспаптар мен құралдар, өлшеу әдістері) немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылауды жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен жасалған шарттың;
5) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - жұмыс орнында радиациялық қауіпсіздікті және өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету қызметінің (қызмет туралы бұйрық пен ереже, радиациялық бақылау жүргізу кестесі, өлшеу құралдары);
6) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиациялық қауіпсіздік жөніндегі және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, ықтимал авариялардың алдын алу және жою жөніндегі нұсқаулықтар мен жоспарлардың;
7) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алуды, бақылауды және сақтауды қамтамасыз ету туралы (нұсқаулықтар, түгендеу актілері, беру, есепке алу және сақтау журналдары) құжаттамалардың;
8) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - тиісті білімі және мәлімделген жұмыстар бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес (өтініш берушінің бұйрығымен) мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жіберілген техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;
9) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;
10) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес радиациялық қауіпті жұмыстарға жіберілген персоналдың жеке қорғану құралдарының;
11) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға арналған санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының;
12) иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналық аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу үшін - иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғылардың жұмыс сапасына бақылау жүргізу туралы құжаттаманың (жүргізу кестелері мен хаттамалары, өлшеу құралдары) немесе жұмыс сапасына бақылау жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен жасалған шарттың;
13) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу туралы құжаттаманың (техникалық қызмет көрсету кестесі, жөндеу жүргізу хаттамасы, өлшеу құралдары) немесе техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен жасалған шарттың;
14) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың;
15) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.