42. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері стратегиялық жоспарларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес келтіреді және ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттік өтінімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
7-тарау. Маслихаттың ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджеті туралы шешімінің жобасын әзірлеу
43. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті атқарушы орган мақұлдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлердің болжамы және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері пысықтаған стратегиялық жоспарлардың жобалары негізінде жоспарлы кезеңге арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей аяқталады.
44. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетінің жобасы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасын әзірлейді және оны ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.
45. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 73-бабында көзделген талаптарды ескере отырып әзірленеді.
46. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетінің жобасын жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамын;
2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.