302-8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, егер конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін конкурстық өтінім ұсынған және конкурстық өтінімінің бағасы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспайтын ең болмағанда бір әлеуетті өнім беруші бар болса, конкурс өткізілді деп таниды.
302-9. Тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссияның мүшелері осы тараумен реттелмеген жағдайларда Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың
ерекше тәртібі
303. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін (бұдан әрі - ерекше тәртіп) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын тапсырыс берушілер қолданады.
304. Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
305. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.13.03. № 329 Қаулысымен 305-1-тармақпен толықтырылды
305-1. Заңда және осы Ережеде көзделген талаптардан басқа, бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде конкурстық құжаттама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасының және оның қызметкерлері біліктілігінің сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар;
2) қызметтермен қамтылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың саны туралы ақпарат.
ҚР Үкіметінің 2012.13.03. № 329 Қаулысымен 305-2-тармақпен толықтырылды
305-2. Бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия, егер әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына, оның ішінде осы Ереженің 305-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, конкурстық өтінімді қабылдамайды.
ҚР Үкіметінің 2012.13.03. № 329 Қаулысымен 306-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
306. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қолданылмайды:
1) төлем қабілетінің болуы;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және қаржы ресурстарына ие болу.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген норма бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
307. Конкурстық комиссия отырысының конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі хаттамасының көшірмесі әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі, сондай-ақ тапсырыс берушінің интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың қол қойылған хаттаманың мәтіні жарияланады.
308. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде қарайды (күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктері бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда осындай өтінімдерді қарау мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап отыз күнтізбелік күнге дейінді құрауы мүмкін). Конкурстық комиссия өтінімдерді қарау қорытындыларын шығарады және жоғарыда көрсетілген мерзімде тиісінше конкурсқа қатысуға рұқсат ету хаттамасын жасайды.
ҚР Үкіметінің 2009.14.03. № 323 Қаулысымен 9-бөлім кіші бөліммен толықтырылды
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну бойынша
арнаулы әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекше тәртібі
309. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінде көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі - арнаулы әлеуметтік қызметтер) мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілер болып табылады.
310. Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу Заңға сәйкес конкурс тәсілімен, осы тарауда көзделген нормалар ескеріле отырып өткізіледі.
311. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтерді жыл басынан бастап үздіксіз көрсету үшін келесі жылға арнаулы әлеуметтік қызметтерді сатып алу бойынша конкурс ағымдағы жылы келесі жылға арналған бюджет бекітілгеннен кейін өткізіледі.
312. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлау Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
313. Конкурстық құжаттамада мынадай деректер:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
2) сатып алынатын қызметтердің тізбесі;
3) Үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы мен талап етілетін сапалық сипаттамасы;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың түпкілікті сапалы нәтиже алуға бағытталған шарттары көрсетілген техникалық айрықшалылығы;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуі қажет адамдардың (отбасылардың) саны;
6) қызметтер көрсетілетін орны;
7) қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
8) төлем шарттары мен елеулі жағдайлары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
9) өзінің (және өзі тартатын қоса орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттардың тізбесі;
10) жиынтығы шарт бойынша қызметтердің жалпы көлемінің 40 %-нан артығын қоса орындаушыларға беруге тыйым салу туралы ақпарат;
11) конкурсқа қатысуға берілген өтінім мен конкурстық баға ұсыныстары салынған конвертті ұсынудың тәртібі, тәсілі, орны және соңғы мерзімі, сондай-ақ конкурсқа қатысу өтінімдерінің талап етілетін қолданылу мерзімі;
12) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуетті өнім берушілер солардың көмегімен түсіндіру, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілетін орнын, күні мен уақытын сұрата алатын тәсілдері;
13) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер мен конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттің ашылатын орны, күні мен уақыты (жұмыс күнінің жергілікті уақыт бойынша он бір сағатынан кешіктірмей);
14) конвертті ашу рәсімінің, конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру сипаттамасы;
15) соның негізінде конкурс жеңімпазы анықталатын бағадан басқа, барлық өлшемдердің, оның ішінде осындай әрбір өлшемнің салыстырмалы мәні мен шартты баға есебі әдістемесінің сипаттамасы;
16) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысаны болып табылатын қызметтерді (әр лот бойынша) сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
314. Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы анағұрлым толық ақпарат алуына мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
315. Конкурстық құжаттамада заңды тұлғаның құқықтық нысанына нұсқамалардың және қызметтердің жеке әлеуетті өнім берушіге тиістілігін айқындайтын өзге де сипаттамалардың болуына жол берілмейді.
316. Біртектес немесе бір тектес арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірнеше түрін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тектес қызметтерді конкурстық құжаттамада арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың санаттары мен оларды ұсыну шарттары бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық бағалық ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ, конкурстың жеңімпазын анықтау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
317. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға арналған өтінім:
1) Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;
2) өзінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттардың тізбесін:
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігін (жеке тұлғалар үшін) растайтын, нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар сауда тізілімінің нотариалды куәландырылған заңды үзінді көшірмесін мемлекеттік және (немесе) орыс тіліне аудармасымен қоса ұсынуға тиіс;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін. Заңды тұлға өз қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғы негізінде жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтерді ұсынуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
төлем қабілеттілігін растайтын құжаттарды:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес (әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылып келе жатқан мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөртаңбасы бар анықтаманың түпнұсқасын. Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверт ашылған күннің алдындағы бір айдан асырылмай берілген болуға тиіс;
тиісті салық органының салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан артық берешегінің болмауы туралы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) не салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бір теңгеден кем берешегінің болуы туралы, конкурстық өтінімдер салынған конверт ашылатын күннің алдындағы бір айдан асырылмай берілген және мөртаңбамен бекітілген, белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
3) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) онымен қоса орындаушылардың арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысу үшін біліктілігі туралы, әлеуетті өнім берушінің және оның қоса орындаушыларының арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар көрсетілген арнаулы біліктілік және өзге де талаптардың егжей-тегжейлі тізбесін қамтитын мәліметтерді қамтуға тиіс.
Әлеуетті өнім беруші қызметтерді қоса атқарушыларды тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қоса орындаушылардың жалпы және арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылардың баға ұсынымына әсер етуші өлшемдер болған жағдайда, өтінімде оларды растаушы құжаттар да қамтылуға тиіс.
Сондай-ақ, өтінім конкурста сатып алу нысаны болып табылатын қызметтерді көрсету кезінде, әлеуетті жеткізушінің қоса орындаушыға жалпы жиынтығында қызметтер көлемінің 40 %-нан артығын беруіне тыйым салу шарты туралы мәліметтерді қамтуға тиіс;
4) көрсетілетін қызметтердің тізбесін (қатысатын лоттар көрсетілген), оның ішінде:
қызметтердің сапалық сипаттамаларының сипатын (техникалық айрықшалықтар);
көрсетілетін қызметтердің сандық көрсеткіштері;
қызметтерді көрсету орны, жағдайы мен мерзімдері (кезеңдері);
төлемнің балама шарттары (ондайлар бар болса);
көрсетілетін қызметтердің шығыстар бойынша толық жазылған бағасын;
5) мемлекеттік сатып алу туралы шарт заңды күшіне енген сәттен бастап, қызметтердің сапалық сипаттамасын және тиісті мемлекеттік және салалық стандарттар мен нормативтерді қоса алғанда, олардың конкурстық құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы міндеттемені;
6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға арналған өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына сенімхатты қамтиды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы әлеуетті өнім беруші - жеке тұлғаның өтінімі сондай-ақ тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілетінің болуын растау үшін) қамтуға тиіс.
318. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді.
319. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттер ашылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды. Конкурстық комиссия өтінімдерді қарау қорытындысын шығарады және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама жасайды.
Конкурсты ұйымдастырушы екінші жұмыс күнінің 16 сағатынан кешіктірмей жіберу хаттамасын барлық қатысушыларға жібереді және біліктілік талаптары бойынша іріктеуден өткен қатысушыларды конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің ұсынылу және ашылу уақыты туралы (үшінші жұмыс күнгі сағат 11-ден кешіктірмей) хабардар етеді.
Конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер ашылған күні конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізіледі және конкурс қорытындысының хаттамасына қол қойылады.
320. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінім ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына жауап беретін және сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспайтын бағаны ұсынған ең болмаса бір әлеуетті өнім беруші болса, конкурс өткізілді деп таниды.
321. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді сатып алудағы жеңімпазды анықтау кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арнаулы әлеуметтік қызметтерді алған тұлғалардың пікірі мен ұсынымдарын ескеруге құқылы.
322. Конкурсты ұйымдастырушылар бюджеттік бағдарлама әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражаттың шегінде, арнаулы әлеуметтік қызметтердің ұсынылған тізілімдерін салыстырып тексеру негізінде, орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес нақты көрсетілген қызметтер үшін, қызметтерді жеткізушілерге ай сайын шығындарды өтейді.
323. Осы тараумен реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен конкурстық комиссиялардың мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 2009.06.05 № 635 Қаулысымен 9 бөлім кіші бөліммен толықтырылды
Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Осы Ереженің 324, 325, 326, 327, 328, 329, 330 және 331-тармақтарының ережелері 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 324-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
324. Ерекше тәртіпті қолдана отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу, егер Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу осы Ережеде көзделген дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне не Заңда және осы Ережеде көзделген өзге де тәсілдерге де сәйкес жүзеге асырылады.
325. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерін және мерзімін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
326. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдерді түпкілікті берген күнге дейін кемінде он күнтізбелік күн ішінде Заңның 18-бабының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға міндетті.
327. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 19-бабына сәйкес береді.
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 327-1-тармақпен толықтырылды
327-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін міндетті шарттар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
328. Олар туралы мәліметтер Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірмей өтініш беруге құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуі тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінің ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпей:
олар туралы мәліметтер Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді жіберуге;
конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
329. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде жеке бастамасы бойынша немесе олар туралы мәліметтер Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғалардың сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Заңның 17-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
олар туралы мәліметтер Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін өтеусіз негізде жіберуге;
тапсырыс берушінің интернет-ресурсында енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы жариялауға міндетті.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі бес күнтізбелік күнге ұзартылуы тиіс.
330. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу, конкурсқа қатысуға жіберу туралы және конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде конкурстың қорытындысы туралы хаттамаларды жасайды.
331. Осы кіші бөлімде реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссиялар мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 2009.06.05 № 635 Қаулысымен Ереже 10 бөліммен толықтырылды
10. Өтпелі ережелер
Осы Ереженің 324, 325, 326, 327, 328, 329, 330 және 331-тармақтарының ережелері 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1 қосымша алып тасталды (бұр. ред. қара)
Ережеге
1-қосымша
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
номенклатурасы
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2 қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары
Жалпы мәліметтер
Тапсырыс берушінің БСН | Тапсырыс берушінің СТН | Мемлекеттік мекемелер үшін | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде) | Қаржы жылы |
ММ коды | Қор |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 5 | 7 |
| | | | | | |
Мемлекеттік сатып алу жоспары
№ | Жоспар тармағының түрі | Мемлекеттік мекемелер үшін | Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды (ЭҚТӨЖ сәйкес) |
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Ерекшелік | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| | | | | | | |
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы (мемлекеттік тілде) | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы (орыс тілінде) | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (суреттелуі) (мемлекеттік тілде) | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (суреттелуі)(орыс тілінде) | Сатып алу тәсілі | Сатып алу мәнінің түрі | Өлшем бірлігі (БӨЖС сәйкес) | Саны, көлемі |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Бір бірлігі үшін баға, теңге | Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге | Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге | Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай) | Тауарларды, орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізу мерзімі | Тауарларды, орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізу орны (ӘАОС сәйкес елді мекеннің коды) | Аванстық төлем мөлшері, % |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 3 қосымшада бүкіл мәтін бойынша «нысан бойынша» және «нысандар бойынша» деген сөздер алынып тасталды;«ашық/жабық» деген сөздер алынып тасталды (бұр. ред. қара)