Тұтыну кооперативтерi бiрiккен жағдайда мемлекеттік тiркеудi бiрiктiрушi тұтыну кооперативi орналасқан жердегi тiркеушi орган жүргiзедi.
Тұтыну кооперативтерi бөлiнген, бөлiп шығарылған жағдайда мемлекеттік тiркеудi қайта ұйымдастырылушы тұтыну кооперативi орналасқан жердегi тiркеушi орган жүргiзедi. Бұл тiркеушi орган жаңа тұтыну кооперативтерiн мемлекеттік тiркеу мәлiметтерi туралы жаңадан пайда болған тұтыну кооперативтерi орналасқан жердегi заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарлайды.
3. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болатын тұтыну кооперативiн мемлекеттік тiркеудi заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын орган кредиторларға тұтыну кооперативтерiн қайта ұйымдастыруды талап етiп арыз беру үшiн берiлген мерзiм өткен соң жүзеге асырады.
4. Егер бiр жыл iшiнде, тұтыну кооперативiн қайта ұйымдастыруға қатысушылардың соңғысының жалпы жиналысында қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылданған күннен бастап, мемлекеттік тiркеу туралы арыз берiлмеген болса не қажеттi дәлелдемелер табыс етiлмесе (осы баптың 3-тармағы), қайта ұйымдастыру жасалмаған болып есептеледi.
5. Қосып алу және бөлiп шығару нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, қайта ұйымдастыруға қатысушы тұтыну кооперативтерi жаңадан пайда болған тұтыну кооперативтерi мемлекеттік тiркеуден өткен кезден бастап тоқтатылады және заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмiнен шығарылады. Қосып алынатын тұтыну кооперативi оның басқа тұтыну кооперативiне қосылуы тiркелген кезден бастап өз қызметiн тоқтатады және заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмiнен шығарылады.
40-бап. Тұтыну кооперативiн тарату
1. Тұтыну кооперативі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалпы жиналыстың шешімі бойынша немесе сот шешімі бойынша таратылуы мүмкiн.
2. Тұтыну кооперативiнiң оны тарату жөнiнде шешiм қабылдаған жалпы жиналысы тарату комиссиясын тағайындайды және тұтыну кооперативiн таратудың тәртібі мен мерзiмiн белгiлейдi.
3. Тұтыну кооперативі таратылған жағдайда кооператив мүшесінің кооператив мүлкіндегі үлесін өзінің мүліктік (пайлық) жарнасына бара-бар бөліп алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының