Қазақстан Республикасының
Конституциялық Заңы
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламетінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзінің мәртебесі бойынша айрыша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық қаһарманы» (Народный герой) атағының иегері болады.».
2-бап. Осы Конституциялық заң қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 2-і
№ 526-IV
____________________
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заңға Қазақстан Республикасының Президенті қол қоймаған, бірақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 19-бабына сәйкес қол қойылған деп есептелді, соған байланысты ол күшіне енді және қолданысқа енгізілді.
Конституциялық заң Парламент Сенатының Төрағасы және Премьер-Министрдің қолдарымен бекітілген, бұл Конституцияның 45-бабының 3-тармағына сәйкес аталған Конституциялық заңның заңдық дұрыстығы және осы лауазымды тұлғалардың оның заңдылығы үшін заңдық жауапкершілігі туралы куәландырады.