Қазақстан Республикасының
Заңы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003ж., № 15, 131 құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., 1, 7-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
10-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзінің мәртебесі бойынша айрықша ерекшілік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық қаһарманы» (Народный герой) атағының иегері болады.».
2-бап. Осы Заң қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 2-і
№ 525-IV
____________________
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Заңға Қазақстан Республикасының Президенті қол қоймаған, бірақ оған «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 19-бабына сәйкес қол қойылған деп есептелді, соған байланысты ол күшіне енді және қолданысқа енгізілді.
Конституциялық заң Парламент Сенатының Төрағасы және Премьер-Министрдің қолдарымен бекітілген, бұл Конституцияның 45-бабының 3-тармағына сәйкес аталған Конституциялық заңның заңдық дұрыстығы және осы лауазымды тұлғалардың оның заңдылығы үшін заңдық жауапкершілігі туралы куәландырады.