53) 202-баптың 2-тармағында:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«жұмыстардың тізбесін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ оны берудің тәртібін» деген сөздермен толықтырылсын;
54) 203-баптағы «шартын» деген сөз «тәртібін» деген сөзбен ауыстырылсын;
55) 204-баптың екінші бөлігінде:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«жұмыстардың тізбесін» деген сөздерден кейін «, еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін жұмысты, сондай-ақ оны берудің тәртібін» деген сөздермен толықтырылсын;
56) 210-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «қамтамасыз етуге» деген сөздерден кейін «және олардың тамақтануын ұйымдастыруға» деген сөздермен толықтырылсын;
57) 212-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күннен аспауға тиiс.
Жекелеген объектілерде вахтаның ұзақтығы қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек және (немесе) ұжымдық шартқа сәйкес күнтiзбелiк отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
Теңіз кемелері экипаждарының мүшелері үшін қызметкердің келісімімен вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк бір жүз жиырма күнге дейін ұзартылуы мүмкін.»;
58) мынадай мазмұндағы 23-1-тараумен толықтырылсын:
«23-1-тарау. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері
221-1-бап. Қашықтықтан жұмыс істеу
Қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық және комммуникациялық технологияларды пайдаланып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың айрықша нысаны болып табылады.
221-2-бап. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек жағдайлары
1. Жұмыс беруші қызметкерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Қызметкер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі қызметкермен келісім бойынша белгіленеді.
Тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерге жұмыс беруші үшін жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және т.б.) өтелуі мүмкін.
2. Қызметкердің жұмыс берушімен жұмыс істеу байланыстарының тәсілдері мен кезеңділігі еңбек шартында айқындалады.
221-3-бап. Жұмыс уақытын және демалыс уақытын есептеу, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жағдайлары
Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлерге осы Кодексте белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады.
Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылаудың ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады.
Жұмыс уақыты режимінің сақталуын бақылаудың ерекшеліктері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және қызметкер үшін осы жағдайларды сақтау жөніндегі шарттар еңбек шартында айқындалады.»;
59) 222-бапта:
1-тармақтағы «оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы» деген сөздер «Медициналық қорытынды» деген сөздермен ауыстырылсын;
60) 239-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі» деген сөздер «жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік «жыл сайынғы» деген сөздерден кейін «негізгі» деген сөзбен толықтырылсын;
61) 27-тараудың тақырыбы «мүшелерінің» деген сөзден кейін «және мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;
62) 252-баптың екінші бөлігі «айқындалатын мөлшерде» деген сөздерден кейін «, жағдайда және тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
63) 254-бапта:
тақырыбы «мүшелерінің» деген сөзден кейін «және мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктегі «, құрылтай құжаттарында» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.»;
64) 266-бапта:
1-тармақтағы «, осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкілдерінің пікірі ескеріліп немесе солардың келісімі бойынша шығарылуы жүзеге асырылатын жұмыс беруші актілерінің жобаларын талқылау үшін» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «аудара алады» деген сөздер «аударады» деген сөзбен ауыстырылсын;
65) 275-баптың 2-тармағындағы «тиісті атқарушы органдар» деген сөздер «тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 276-баптың 6-тармағы «танылады» деген сөзден кейін «және қолданылмауға тиіс» деген сөздермен толықтырылсын;
67) 278-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Келісімдердің күші өкілдері келісімге қол қойған тиісті атқарушы органдарға, қызметкерлер мен жұмыс берушілерге қолданылады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган республикалық деңгейде, тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар салалық деңгейде және жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейде келісім жасасуға қатыспаған жұмыс берушілер бірлестіктеріне, жұмыс берушілерге, қызметкерлер бірлестіктеріне тиісті деңгейде келісімге қосылуға ұсыныспен келісімді ресми жариялауға міндетті.»;
68) 282-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі «әзірлеудің» деген сөзден кейін «және жасасудың» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың үшінші бөлігі «қызметкерлер» деген сөзден кейін «шарттық негізде» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жұмыс беруші тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзім ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мониторинг үшін ұсынуға міндетті.»;
69) 283-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұжымдық шарт ұйымдарда да, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінде де жасалуы мүмкін.»;
70) 284-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жалақыны индекстеудің тәртібі туралы, жәрдемақы және өтемақы, оның ішінде жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдер туралы;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) саламатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы ережелер енгізілуге тиіс.»;
7) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) қызметкерлерді және олардың отбасыларын медициналық сақтандыру кепілдіктері туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;»;
3-тармақ «танылады» деген сөзден кейін «және қолданылмауға тиіс» деген сөздермен толықтырылсын;
71) 285-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қосылу тәртібі ұжымдық шартта айқындалады.»;
72) 287-бапта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкерлердің өкілді органдарының ұжымдық келіссөздерге қатысатын мүшелерімен келіссөздер жүргізу кезеңінде (ұйымды тарату жағдайларынан басқа) тиісті өкілді органның келісімінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылмайды.»;
73) 288-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұжымдық еңбек дауы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағына сәйкес ресімделген келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкерлердің талаптары туралы жұмыс беруші жазбаша хабардар етілген күннен бастап немесе жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі өз шешімдерін хабарламаған жағдайда осы Кодекстің 290-бабында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап туындаған деп есептеледі.»;
74) 289-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді белгілеу және өзгерту, қызметкерлер мен жұмыс берушінің, жұмыс берушілер бірлестігінің арасындағы ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасасу, өзгерту және орындау мәселелері жөніндегі талаптары қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) қалыптастырылады және бекітіледі.
Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.
Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешімі дауыс берушілердің көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі. Қызметкерлер жиналысын (конференциясын) өткізуге мүмкіндік болмаған кезде, қызметкерлардің өкілді органы өздері ұсынған талаптарын қолдайтын қызметкерлердің жартысынан астамының қолын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар.»;
2-тармақтағы «жалпы жиналыс (конференция) өткізілген күннен бастап» деген сөздер алып тасталсын;
75) 290-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс беруші қызметкерлердің қойған талаптарын оларды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, жұмыс берушілердің бірлестігі бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға және оларды шешу үшін шаралар қолдануға, ал көрсетілген мерзімде шешуге мүмкіндік болмаған кезде туындаған келіспеушіліктерді одан әрі қарау үшін өз өкілдерін көрсете отырып, өздерінің шешімдері мен ұсыныстарын қызметкерлерге жазбаша түрде жеткізуге міндетті.»;
76) 292-баптың 3-тармағында «күнтізбелік жеті күннен» деген сөздер «үш жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
77) 298-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ереуіл өткізу жөніндегі шешім қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) жиналысында (конференциясында) қабылданады.
Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.
Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешімі дауыс берушілердің көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі. Қызметкерлер жиналысын (конференциясын) өткізуге мүмкіндік болмаған кезде қызметкерлердің өкілді органы ереуілді өткізуді қолдайтын қызметкерлердің жартысынан астамының қолын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар.»;
78) 299-бапта:
1-тармақтағы «күнтізбелік он бес күннен» деген сөздер «бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «, оның ұзақтығы және» деген сөздер алып тасталсын;
79) 301-баптың бірінші бөлігіндегі «бітімгерлік рәсімдер» деген сөздер «келіссөздер» деген сөздермен ауыстырылсын;
80) 303-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот жұмыс берушінің немесе прокурордың өтініші бойынша қабылдайды.
Сот шешімі қызметкерлерге ереуілді басқаратын орган арқылы жеткізіледі, ол ереуілге қатысушыларды сот шешімі туралы дереу хабардар етуге міндетті, ал ереуілді басқаратын орган болмаған кезде - тікелей жұмыс беруші жеткізеді.
Жұмыс беруші сот шешімінің мәтінін көпшілікке көрінетіндей қолжетімді жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
Ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімі дереу орындалуға, ал ереуіл тоқтатылуға тиіс.
Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда прокурор немесе сот тиісті шешім қабылданғанға дейін ереуілді тоқтата тұруға құқылы.»;
81) 305-бап «қатысуына байланысты» деген сөздерден кейін «, осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
82) 308-баптың 1-тармағындағы «өлшемдерді» деген сөз «нормативтерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
83) 313-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өндірістік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мерзімді, үш жылда кемінде бір рет кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтуге міндетті.
Оқуы және білімі тексеруден өтуге тиіс адамдардың тізімі жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.»;
84) 317-баптың 1-тармағында:
6) тармақша «емдеу-профилактикалық тағамдармен» деген сөздерден кейін «, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өндірістік объектілерді ұйымдардағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау туралы ақпаратты қоса алғанда, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне, қызметкерлердің өкілдеріне олардың жазбаша сұрауы бойынша еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы қажетті ақпарат беруге;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен өндірістік объектілерде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаға сәйкес еңбек жағдайлары бойынша бес жылда кемінде бір рет мерзімдік аттестаттауды жүргізуге;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) бір ай мерзімде қағаз және электрондық жеткізгіштерде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне ұсынуға;»;
85) 318-баптың үшінші бөлігі «шартпен» деген сөзден кейін «немесе жұмыс берушінің актісімен» деген сөздермен толықтырылсын;
86) 319-баптағы «критерийлерді» деген сөз «нормативтерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
87) 320-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
88) мынадай мазмұндағы 320-1-баппен толықтырылсын:
«320-1-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
1. Өндірістік объектілер еңбек жағдайлары бойынша міндетті түрде мерзімдік аттестатталуға жатады.
2. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар немесе өзінің ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі және өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханалары бар жұмыс берушілер бес жылда кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізеді.
3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімдік міндетті аттестаттаудан өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу тәртібін бұзушылық анықталған кезде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау мен бақылау органының талап етуі бойынша өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау өткізіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша осының алдындағы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
5. Өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізудің уақтылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.»;
89) 321-бапта:
2-тармақ «онда тиісті» деген сөздерден кейін «техникалық паспорт (сертификат),» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «мүмкіндігінше» деген сөз алып тасталсын;
90) 322-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасындағы «болса, өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және есепке алынады.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің вахта кезіндегі жұмыс уақытының алдында немесе одан кейін жиналу орнынан (вахта кезеңінде тұратын жерінен) жұмыс беруші берген көлікпен жұмысқа бару немесе кері қайту жолында болса, өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және есепке алынады.»;
3-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де іс-әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс және тынығу мен тамақтануға арналған кезеңде, сондай-ақ алкогольдік мас болу, уытты және есірткі заттарды (олардың аналогын) пайдалану күйіне байланысты себеппен орындаған кезде;»;
4-тармақ «мемлекеттік органды» деген сөздерден кейін «екі жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;
91) 325-баптың 8-тармағы «қираудың» деген сөзден кейін «, өрттің» деген сөзбен толықтырылсын;
92) 326-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігі «еңбек инспекциясына» деген сөздерден кейін «қағаз және электронды жеткізгіште» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Тергеп-тексеру барысында жазатайым» деген сөздер «Жазатайым» деген сөзбен ауыстырылсын;
93) 328-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті лауазымды тұлғалар мемлекеттік еңбек инспекторына теңестіріледі және осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
94) 338-баптың 1-тармағы «Ішкі бақылау» деген сөздерден кейін «еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды және енгізуді,» деген сөздермен толықтырылсын;
95) 339-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«339-бап. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі
1. Қызметкерлерінің саны елуден асатын өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.
2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережені еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.
3. Қызметкерлерінің саны елуге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндетті басқа маманға жүктейді.
4. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында көрсетілген маман:
1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және қарауға;
2) қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларының әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шара қолдану туралы орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы.
5. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында көрсетілген маман:
1) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептерін талдауды жүргізуге және олардың алдын-алу іс-шараларын әзірлеуге;
2) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұйымның қызметкерлерін оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
3) ұйымдарда өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
96) 39-тарау мынадай мазмұндағы 339-1-баппен толықтырылсын:
«339-1-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия)
1. Жұмыс берушінің және (немесе) қызметкердің не олардың өкілдерінің бастамасы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) құрылады. Оның құрамына жұмыс берушінің өкілдері, кәсіподақ ұйымының өкілдері немесе қызметкерлердің уәкілетті өкілдері тең құқылы негізде кіреді.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) жұмыс беруші мен қызметкерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылын ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тексеру өткізуді және қызметкерлерді көрсетілген тексерулердің нәтижелері туралы хабардар етуді, ұжымдық шарттың (келісімнің) еңбекті қорғау туралы бөліміне ұсыныстар жинауды ұйымдастырады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы ақпанның 17-і.
№ 566-IV