5. Уәкілетті орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайы мен олардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
57-бап. Соттарды қаржыландыру
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын , жергілікті және басқа соттарын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың бюджетi соттардың конституциялық өкiлеттiктерiн орындауын толық қамтамасыз етуге тиiс.
5-бөлiм. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
58-бап. Күшi жойылды деп танылған заң актілері
Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1. «Қазақ ССР-iнiң сот құрылысы туралы» 1990 жылғы 23 қарашадағы Қазақ ССР-ның Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 48, 443-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1992 ж., № 8, 206-құжат; № 11-12, 293-құжат; 1993 ж., № 8, 161-құжат; 1995 ж., № 23, 140-құжат).
2. «Қазақ ССР-iнiң сот құрылысы туралы» Қазақ ССР Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы» Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң 1990 жылғы 23 қарашадағы қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 48, 444-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қызметiнiң ұйымдық мәселелерi туралы» 1994 жылғы 7 ақпандағы № 1545 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағы, 1994 ж., № 6, 62-құжат).
4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы соттары судьяларының материалдық және әлеуметтiк қамсыздандырылу деңгейiн арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1994 жылғы 18 сәуірдегі № 1670 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағы, 1994 ж., № 18, 182-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының төменгi соттарын құру тәртібі туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2125 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағы, 1995 ж., № 10, 113-құжат).
6. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының соттары туралы» 1995 жылғы 20 қазандағы № 2581 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., № 21, 128-құжат; № 22, 134-құжат).
7. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2694 конституциялық заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 147-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 78-құжат; № 11, 156-құжат; № 13-14, 194-құжат; 1999 ж., № 4, 100-құжат; № 23, 915-құжат; № 10, 231-құжат).
59-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу және судьялар қызметiнiң онымен байланысты ерекшелiктерi
1. Осы Конституциялық заң тиiстi заңдардың қабылдануына қарай, бiрақ 2001 жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiлетiн 11 баптың 2-тармағын, 13-бапты, 18-баптың 2-тармағын, 19-бапты, 30-бапты және 36-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiн қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке тағайындалған немесе сайланған Республика соттарының қызмет етiп жүрген төрағалары мен судьялары өз өкiлеттiктерiн сақтайды.
3. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке сайланған немесе тағайындалған сот төрағаларының бесжылдық өкiлеттiк мерзiмi қызметке сайланған немесе тағайындалған сәттен бастап есептеледi.
4. Қазақстан Республикасы облыстық, оларға теңестірілген соттарының және Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңмен көзделген Қазақстан Республикасы соттарының алқалары құрылғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды.
Қазақстан Республикасының