8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобаларын ұсынады.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобаларын ұсынады.»;
18) 74-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;»;
19) 75-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;»;
20) 85-баптың 9-тармағының екінші бөлігіндегі «бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасында, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
21) 88-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) қаржылық ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі мөлшерде қалыптастыру кезінде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген ақшаны есепке жатқызумен және оны инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланумен (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты) байланысты операцияларды есепке алуға арналады.»;
22) 97-бапта:
1, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер бойынша төлемдері төлеуге берілетін шоттар негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негізінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік мекеменің төлеуге берілетін шоты және республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектісінің төлем тапсырмасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі үшін ақша алушының пайдасына төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыруға негіз болып табылатын құжаттарды білдіреді.
3. Мемлекеттік мекемелердің төлемдері мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қалдықтар шегінде, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарлы мақсаттылығы сомасының және шартты тіркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегінде жүргізіледі.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.»;
5-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына төлеуге берiлетiн шоттардың сәйкестiгiн тексеруге саятын төлемдердi төлеу кезiндегi ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдерін жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: тауарларды жеткізу туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі көшірмелерінің бар-жоғына;
2) бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган куәлігінің не квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударған жағдайда басқару органдарының тиісті шешімінің бар-жоғына;
3) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестiгіне төлем тапсырмаларын тексеруден тұрады.»;
6-тармақтың алтыншы абзацындағы «және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған жауапты болады» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі:
1) төлем тапсырмаларын табыс етудің заңдылығы мен негізділігін;
2) төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
3) ақша алушының пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;
4) жасалған операциялардың дұрыстығын;
5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың табыс етілуін қамтамасыз етеді.»;
23) 98-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«98-бап. Инкассолық өкім
1. Инкассолық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, кеден органдары алдындағы берешекті өтеуге байланысты атқарушылық парақты немесе бұйрықты республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.
Салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім сот шешімі (үкімі, ұйғарымы, қаулысы) бойынша берілген атқару парағы немесе бұйрық немесе ақша өндіріп алу туралы сот бұйрығы негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да негіздер бойынша жасалады.
2. Инкассолық өкім ұсынылатын, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызмет көрсетілу орны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне инкассолық өкім беріледі.
Салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім оны жасауға негіз болып табылған атқару парағының немесе бұйрықтың түпнұсқасы не осы құжаттың әрбір беті соттың елтаңбалық мөрімен куәландырылған көшірмесі қоса тіркеліп беріледі.
Инкассолық өкімде көрсетілген сома атқару парағында немесе бұйрықта көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс.
Инкассолық өкімде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды көрсетіледі, олар бойынша осы өкімнің орындалуы талап етіледі.
3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шотқа, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау және ақшаны уақытша орналастыру шоттарына ұсынуға жол берілмейді.
Инвестициялық жоба бойынша инкассолық өкімді орындау жөніндегі міндеттемелер туындаған жағдайда өзі бұл инкассолық өкім осы инвестициялық жобаны қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына ұсынылады.
Инкассолық өкімдерді ұсыну мемлекеттік мекеменің кодына, ақылы қызметтер мен демеушілік, қайырымдылық көмек шоттарына, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
5. Инкассолық өкімдерді орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
24) 99-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «кодына шетел валютасы айырбасталған» деген сөздер «шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған кодына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екінші деңгейдегі банктегі шетел валютасындағы шотына валюта түрлері бойынша есепке алынған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдаланылуға тиіс.
Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетілген мерзім өткен соң квазимемлекеттік сектор субъектісінің шетел валютасы айырбасталған шотына кейіннен ұлттық валютадағы соманы қалпына келтіре отырып қайта айырбасталуға тиіс.
3-2. Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасының шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған шотқа уақтылы қайта айырбасталуын және қайтарылуын қамтамасыз етеді.»;
25) мынадай мазмұндағы 100-1-баппен толықтырылсын:
«100-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұру
Инкассолық өкім ұсынылған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құжаттарын қабылдауды және төлемдерін жүргізу мен ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде тоқтата тұрады.»;
26) 104-бапта:
4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізбеуге әкеп соққан бюджет қаражатын игермегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
27) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«105-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жауаптылығы
Мемлекеттің қатысуы арқылы олардың жарғылық капиталдарына салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.»;
28) 111-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) осы Кодекстің 151-бабының 8-тармағында көзделген;»;
29) 133-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «заңнамасына сәйкес» деген сөздер «Үкіметі айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 136-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жұмыс жоспарларында көзделмеген тексерулер жүргізу үшін мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін тартуға жол берілмейді.»;
31) мынадай мазмұндағы 138-1-баппен толықтырылсын:
«138-1-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы
1. Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен келісім бойынша Бұзушылықтар сыныптауышын әзірлейді және бекітеді.
2. Бұзушылықтар сыныптауышы мынадай бұзушылықтар топтарын қамтиды:
1) бюджетке (кіріс бөлігі) қаражат түсуі кезінде - тиісті бюджетке салықтық, салықтық емес міндеттемелерді орындамау, негізгі капиталды сатудан түсімдерді және (немесе) олардың орындалуын қамтамасыз етпеу, сондай-ақ бюджетке түсімдерді уақтылы, толық аудармау, түсімдердің артық төленген сомаларын бюджеттен қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың тәртібін бұзу;
2) бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде - бюджет қаражатын, трансферттерді, кредиттерді, бюджеттік инвестицияларды, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын бұза отырып пайдалану;
3) бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау кезінде - бастапқы құжаттаманың белгіленген нысандарына сәйкес бастапқы есеп жүргізуді сақтамау салдарынан бухгалтерлік есеп деректерінің бастапқы құжаттарға сәйкес келмеуіне жол беру, тауар-материал құндылықтары мен ақшалай қаражаттың жетіспеуі, активтерді, материалдарды, құндылығы төмен тез тозатын заттарды негізсіз есептен шығару;
4) мемлекетке және бюджет қаражатын алушыларға залал (зиян) келтіруге әкеп соқпаған және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайтын, бюджеттік рәсімдерді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының рәсімдерін орындаудың белгіленген мерзімдерін, тәртібін сақтамау.
Осы тармақта көзделген бұзушылықтар топтары түрлерге сыныпталады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалпына келтірілуге жататын, бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар сомалары жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірілуге жатады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелуге жататын, бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар сомалары тиісті бюджет кірісіне қайтарылуға жатады.
Бюджетке қайтару мемлекеттік қаржылық бақылау органының шешімі және (немесе) сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген бұзушылықтарға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
32) 141-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын.
«8) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, оның ішінде тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша ұсынулар енгізеді, сондай-ақ лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға немесе оларды тағайындаған адамдарға ұсыныстар енгізеді;»;
24-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын олардың пайдалануының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігін бақылауды, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалауды, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігін бақылауды жүзеге асырады.»;
33) 142-баптың 4) тармақшасы «мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының» деген сөздерден кейін «, аумақтарды дамыту бағдарламаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
34) 143-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1), 6-1) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асырады;»;
«6-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын пайдалануының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады;»;
«12-1) жүргізілген бақылау іс-шаралары мен олар бойынша қолданылған шаралар жөнінде ішкі бақылау қызметтерінен есептер мен ақпарат алуға құқылы;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау іс-шараларының, оның ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептер береді;»;
35) 144-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:
«9-3) жүргізілген бақылау іс-шаралары мен олар бойынша қолданылған шаралар жөніндегі есептер мен ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға жібереді;»;
36) 151-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «капиталына қатысуы;» деген сөздер «капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
8-тармақта:
үшінші бөліктегі «бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестицияларды нақтылау және түзету кезінде республикалық бюджеттен алып тастайды» деген сөздер «бюджеттік инвестициялар нақтылау және түзету кезінде республикалық бюджеттен алып тасталады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154, 156-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан асып кететін жағдайда, онда бюджеттік инвестициялардың жалпы құны жоспарлы кезеңге арналған бюджетті белгіленген тәртіппен нақтылау жолымен жаңа бастамаларға бюджеттік бағдарлама шығыстары есебінен ұлғайтылуы мүмкін.
Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154, 156-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан аз болатын жағдайда, онда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалған соманы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шегінде түзету жолымен бюджеттік инвестициялар арасында қайта бөлуге не бюджетті нақтылау кезінде алып тастауға құқылы.»;
37) 154-баптың 1-тармағы «уәкілетті органмен» деген сөздерден кейін «және байланыс және ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органмен» деген сөздермен толықтырылсын;
38) 156-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға немесе қысқартуға әкеп соғатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың белгіленген қаржылық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамалар кейіннен жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін түзету жүргізіледі.
Бюджеттік комиссияның қарауынсыз және ұсынуынсыз бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін түзетуге жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялар жөнінде экономикалық қорытынды жасау нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.»;
7-тармақтағы «Қаржылық-экономикалық негiздеменiң мазмұнына, әзiрлену тәртiбi мен мерзiмiне қойылатын талаптарды» деген сөздер «Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оны әзiрлеу немесе түзету тәртiбi мен мерзiмдерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 156-1-бап алып тасталсын;
40) 159-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялар белгіленген тәртіппен бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемелерге сәйкес іске асырылады.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «мемлекеттiк органның» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Квазимемлекеттік сектор субъектісінің еншілес, тәуелді және өзімен үлестес ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға жарияланған акцияларды (бағалы қағаздарды) төлеуге ақша аударуы республикалық бюжет туралы заңда не мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде тиісті қаржы жылына көзделген ақша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
41) 183-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Тізбесін» деген сөз «Жергілікті атқарушы органдарға және тізбесін» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 28-2-баппен толықтырылсын:
«28-2-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жазалар қолдану мерзімдері
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.».
5. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат):
5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «дамуға арналған» деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы ақпанның 16-ы.
№ 557-IV