156-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қызметтік міндеттерін басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда) атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері;».
7. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 2-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттік және өзге объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алынған және сотталған адамдарды алып жүру, кепілге алынған адамдарды босатуға қатысу;»;
2) 5-2-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«құрылымында пробация қызметтері жұмыс істейтін қылмыстық-атқару инспекциялары;».
8. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру ерекшелiктерi
1. Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері мемлекеттік мекеме болып табылады және Заңның 1-1-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді ғана күзетуді жүзеге асырады.
2. Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Тізбеге енгізілген жеке тұлғаларға шарттық негізде күзет қызметтерін көрсетеді.».
9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат):
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
16-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқарады;»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
14-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқарады;»;
3) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;».
10. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 жылғы 14 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың 2-тармағының он төртінші абзацындағы «адамдар жатады.» деген сөздер «адамдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады.»;
2) 7-баптың 5-5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;».
11. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат):
18-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жіберуге тыйым салынған және шектеу қойылған бұйымдар мен заттарды почта арқылы жіберуге кінәлі почта байланысы қызметін пайдаланушылар, егер осылай жіберудің салдары қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылықта болады.».
12. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат):
5-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне жәрдемдесу;».
13. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
6-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;»;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы ақпанның 15-і.
№ 556-IV