2. Соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап соғыс уақыты басталады, ол соғыс қимылдарын тоқтату туралы хабарланған кезден бастап аяқталады, бiрақ соғыс қимылдары нақты тоқтатылғаннан бұрын аяқталмайды.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру
1. Соғыс жағдайы режимi, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасының тиiстi заңнамалық актілерiмен айқындалады.
2. Соғыс жағдайы кезеңінде Қарулы Күштер, сондай-ақ оның құрамына кiретін Ішкi iстер министрлiгінің ішкi әскерлерi, Ұлттық қауіпсіздiк комитетiнiң Шекара қызметі, Республикалық ұлан, төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерi және арнаулы құралымдар соғыс кезiнiң жариялануына қарамастан, агрессияға тойтарыс беру жөнiнде ұрыс қимылдары мен өзге де ic-қимылдарды жүргізе бередi.
30-бап. Азаматтық қорғаныс
1. Азаматтық қорғаныс халықты, шаруашылық жүргізу объектілерін және ел аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында ұйымдастырылады.
2. Азаматтық қорғаныстың міндеттерi және оны ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Аумақтық қорғаныс
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықты, объектiлер мен коммуникацияларды қарсы жақтың iс-қимылынан, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимін енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі аумақтық қорғанысты ұйымдастырады.
2. Аумақтық қорғаныстың жалпы міндеттерін және оны ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
2011.18.04. № 429-IV ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды
31-1-бап. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан
1. Тыйым салынған аймақ тыйым салынған ауданның бір бөлігі болып табылады және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
Тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, жеке адамдардың болуына, құрылыс салуға және қандай да болсын жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
2. Тыйым салынған аудан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
Тыйым салынған аудан аумағында атыс қаруының барлық түрінен оқ атуға, пиротехникалық құрылғыларды пайдалануға, сондай-ақ атыс тирлерін, стендтері мен атыс орындарын орнатуға жол берілмейді.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
1. Қазақстан Республикасының агрессиядан бiрлесіп қорғануды қамтамасыз ету, бейбiтшілiкті қолдау және қауіпсiздiк жөніндегі басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес құрылады.
2-тармақ 2003 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енді
2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Парламентінің Конституцияға сәйкес қабылдаған шешiмi негізінде бейбiтшiлiкті қолдау және қауіпсiздік жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындайды.
3-тармақ 2003 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енді
3. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде бейбітшiлiкті қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегі халықаралық міндеттемелердi орындауға тiкелей қатысқан және ұрыс қимылдарына араласқан Қарулы Күштер әскери қызметшілерiнiң осындай қатысу кезеңi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылықта болады.
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2003 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізiлетін 15-баптың 4-тармағын, 32-баптың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 8, 202-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; № 20, 120-құжат; № 22, 136-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 233-құжат; 2002 ж., № 3, 22-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 8, 203-құжат).
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
Астана, 2005 жылғы қаңтардың 7-сі. № 29-III ҚРЗ