Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiсiне оның жеке басы мен өкiлеттiгiн растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi.
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң қызмет бабындағы жұмысына төте және тiкелей бастықтарынан өзге ешкiмнiң де араласуға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi. Олардың қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, абыройы мен қадiр-қасиетiн қорлау, оларға қарсылық көрсету, Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiне қатысты қоқан-лоққы жасау немесе күш көрсету, қызмет бабындағы жұмысын жүзеге асыруына байланысты олардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне қол сұғу заңда белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.
Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған ретте Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiсi заңды басшылыққа алуға мiндеттi.
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi партияларда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде тұруға, сондай-ақ қандай да бiр саяси партияны қолдап шығуға тиiс емес.
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң өзгедей ақылы жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға хақысы жоқ.
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен ; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгерді
18-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерi мен құқықтары
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi:
- алдарында қойылған мiндеттердi біліктiлiкпен және дәлме-дәл шеше бiлуге;
- кәсiптiк және құқықтық білімнiң, дене дайындығының, арнайы және әскери даярлықтың қажеттi деңгейiн ұстануға мiндеттi.
Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi өздерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн атқарған кезде қолданылып жүрген заңдарда көзделген шектерде және тәртiппен:
- күзет шараларын жүргiзу орындарында азаматтар мен лауазымды адамдардан белгiленген тәртiптiң сақталуын талап етуге;
- қылмысты, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтауға, олардың алдын алуға және тыйып тастауға;
- қажет болған жағдайда азаматтар мен лауазымды адамдардың олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;
- азаматтар құқық бұзған немесе қылмыс жасаған жағдайда оларды ұстап, iшкi iстер органдарына әкелуге;
- ұйымдардың, ал шұғыл жағдайларда азаматтардың иелiгіндегі байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға;
- қылмысты болғызбау, қылмыс жасаған немесе оны жасады деп күдiк туғызған адамдардың iзiне түсiп, ұстау үшiн, жедел медициналық жәрдемге зәру адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ оқиға болған жерге бару үшiн қызмет мақсатында ұйымдардың көлiк құралдарын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнiң иелiгіндегі көлiк құралдарынан басқа) пайдалануға;
- күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге қатер төндiретiн қылмыстарды тыю кезiнде, сондай-ақ егер кешеуiлдеу күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге анық қатер төндiретiн болса, осындай қылмыс жасады деп күдiк туғызған адамдардың iзiне түскен кезде азаматтардың иелiгіндегі тұрғын үйлер мен өзге де жайларына, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнiң иелiгіндегіден басқа) аумақтары мен жайларына кедергiсiз кiруге;
- күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгi мақсатында Қазақстан Республикасының «Жедел iздестiру қызметi туралы» заңына сәйкес жедел-iздестiру жөнiнде iс-қимыл жасауға;
- күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң көшелер мен жолдардағы қозғалысын уақытша шектеуге немесе бұған тыйым салуға, азаматтарды кейбір жерлердiң жекелеген учаскелерi мен объектiлерiне жiбермеуге, олардың кейбір жерлердiң нақты учаскелерiнде немесе объектiлерiнде қалуын немесе бұл учаскелер мен объектiлерден кетуiн талап етуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiнiң күш жұмсауы, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдану осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн олардың қызмет бабындағы мiндеттерiне қатысы жоқ функцияларды орындау үшiн тартуға тиым салынады.
19.06.97 ж. № 134-I; 10.10.01 ж. № 247-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi
19-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң жеке басының қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалуының кепiлдiктерi
Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiсi қызмет бабындағы мiндетiн атқарған кезде оны әкiмшiлiк тұрғысынан ұстауға, сондай-ақ оны тiнтуге, оның өзiмен алып жүрген заттарын, пайдаланатын көлiк құралдарын тiнтуге жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi әскери қызметшiлерiне ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтi өтеудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
Әскери қызметшiлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және әскери атағы бойынша айлықақыдан тұрады.
Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi Республика Үкіметі бекiткен норма бойынша заттай мүлікпен тәртiппен өзгеше көзделмесе, әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғау туралы заңдар қолданады.
Қызмет өткерген жылдары бойынша, науқастануына немесе жасына байланысты қызметтен босатылатын Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң жеңiлдiктерге құқығы сақталады.
Қызмет бабындағы мiндетiн атқаруына байланысты Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң мүлкiне келтiрiлген залал, сондай-ақ Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залал кейiннен Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес кiнәлi адамдардан сот арқылы толық көлемiнде өндiрiлiп алына отырып, бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеледi.
Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысының айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен 20 -бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі әскери қызметшілерінің жауапкершілігi
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің әскери қызметшілері қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің әскери қызметшілерін әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту тәртібі әскери жарғылармен белгіленеді.
6 тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің
Күзет қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
21-бап. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң жұмысын қаржыландыру
Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң жұмысы бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
22-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Республика Президентінің Күзет қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық жабдықтау органдары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Президенттiң Әкiмшiлiгiнiң жанындағы Шаруашылық басқармасы арқылы, сондай-ақ кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен әрi соның iшiнде шетелдiк ұйымдармен тiкелей шарттар бойынша жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қарауындағы жер учаскелерi, үй-жайлар, ғимараттар, жабдықтар мен басқа да мүлiк мемлекет меншiгi болып табылады.
7 тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 23-бап өзгерді
23-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің жұмысына бақылау жасау
Президенттiң Күзет қызметiнiң жұмысын Қазақстан Республикасының Президентi бақылайды, ол тексерушi органдарды тағайындайды, олардың мақсатын, мiндеттерi мен өкiлеттiгiн айқындайды, бақылау нысандары мен оларды жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi.
Президенттiң Күзет қызметi мен оның жұмысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Президентiне табыс етiледi.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгерді (бұр.ред.қара)
24-бап. Прокурорлық қадағалау
Президенттiң Күзет қызметiнiң жұмысында Қазақстан Республикасы заңдарының қолданылуын қадағалауды бас прокурор мен ол арнайы уәкiлдiк берген прокурорлар жүзеге асырады.
25-бап. ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен алып тасталды
Қазақстан Республикасының