Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы
Қазақстан Республикасының 1993 ж. 13 қаңтардағы № 1874-XII Заңы
(2011.10.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен Заңның тақырыбы және мәтін бойынша сөздер өзгертілді
Осы Заң Қазақстан Республикасы Шекара қызметiнiң құқылық негiздерiн, мақсатын, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет принциптерiн, құрылымын, құзыретiн, сондай-ақ олардың қызметiн бақылау мен қадағалау түрлерiн белгiлейдi.
I. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 19.05.95 ж. № 2283 Жарлығымен; ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен; 2007.19.12 № 11-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертiлдi
1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
Шекара қызметi
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi (бұдан әрi - Шекара қызметi) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауға, Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына және қол сұғылмауына қастандық жасалуының алдын алуға және жолын кесуге арналған.
2. Шекара қызметiнiң - туы, оның iшiнде әскери-теңiз туы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi пайдаланатын айырым белгiлерi, ал бiрлестiктердiң, құрылымдардың және жауынгерлiк бөлiмдердiң белгiленген үлгiдегi жауынгерлiк тулары болады.
ҚР Президентінің 19.05.95 ж. № 2283 Жарлығымен; ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 2-бап өзгертiлдi
2-бап. Қазақстан Республикасының Шекара қызметi туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының Шекара қызметi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
ҚР Президентінің 19.05.95 ж. № 2283 Жарлығымен; ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 3-бап өзгертiлдi
3-бап. Шекара қызметiнiң принциптерi
Шекара қызметiнiң қызметi заңдылыққа, iзгiлiкке, жариялылыққа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құпиялылықты сақтауға, дара басшылыққа, ұлттық қауiпсiздiк органдары жүйесiнiң бiрлiгiне, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен, ұйымдармен және халықпен өзара iс-қимыл жасауға негiзделiп құрылады. Шекара қызметiнде саяси партиялардың қызметiне тыйым салынады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен; 2007.19.12 № 11-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертiлдi
4-бап. Шекара қызметiнiң мiндеттерi
Шекара қызметiнiң мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын, оның аумақтық тұтастығын және қол сұғылмауын, Мемлекеттік шекарадағы экономикалық мүдделерiн күзету және қорғау;
Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңын күзету;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңдарының сақталуын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара тәртібі мәселелерi жөніндегі халықаралық шарттарынан туындайтын мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарадағы қорғанысы мен қауiпсiздiгi мiндеттерiн шешуге қатысу;
шекара өңiрiнде азаматтарды, табиғи байлықтарды және айналадағы ортаны қорғауда Қазақстан Республикасының құқық қорғау, табиғат қорғау органдарына жәрдемдесу.
Мыналарды:
егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе;
Шекара қызметін қамтамасыз ететін жекелеген күштер мен құралдар Шекара қызметі Директорының шешімі бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін тартылуы мүмкін болған жағдайларды қоспағанда, Шекара қызметін басқа мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
ҚР Президентінің 19.05.95 ж. № 2283 Жарлығымен; 15.07.96 ж. № 31-1; 10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертiлдi
5-бап. Шекара қызметiн басқару, қаржы және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
1. Шекара қызметiне тiкелей басшылықты және оны басқаруды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Шекара қызметiнiң Директоры жүзеге асырады. Шекара қызметiнiң Директоры Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасары болып табылады.
2. Шекара қызметiнiң құрылымы мыналардан тұрады: Шекара қызметiнiң Орталық аппараты, арнаулы бiрлестiктер, құрылымдар (шекара отрядтары, теңiз шекара дивизиясы), бөлiмдер (шекаралық бақылау отрядтары, жеке бақылау-өткізу пункттерi), бөлiмшелер (шекаралық комендатуралар, шекара заставалары, бақылау-өткізу пункттерi), авиациялық, теңiз және арнаулы бөлiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы құратын қамтамасыз ету бөлiмдерi мен бөлiмшелерi.
3. Шекара қызметi штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
4. Шекара қызметiнiң жұмысын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтуға көзделген бюджет қаражаты шегiнде жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен, Заң 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Шекара қызметiнiң мекемелерi
1. Шекара қызметiнде өзiнiң бұқаралық ақпарат құралдары, әскери-медицина, мәдени-тәрбие, спорт мекемелерi мен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылатын және таратылатын өзге де мекемелер болады.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әскери қызметшiлердiң, мекемелердiң жұмысшылары мен азаматтық қызметшілерінің штат санын Шекара қызметi штат санының лимитi шегiнде Шекара қызметiнiң Директоры белгiлейдi.
ҚР Президентінің 19.05.95 ж. № 2283 Жарлығымен; ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Шекара қызметiнiң жұмысына бақылау жасау
1. Шекара қызметiнiң жұмысына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жүзеге асырады.
2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
II. Шекара қызметiнiң мiндеттерi мен құқықтары
ҚР 15.07.96 ж. № 31-1; 10.07.02 ж. № 338-II Заңдарымен 7-бап өзгерді
7-бап. Шекара қызметiнiң мiндеттерi
Мемлекеттік шекараны күзете отырып, Шекара қызметi мыналарды орындауға мiндеттi:
Қазақстан Республикасының жер арқылы өтетiн Мемлекеттік шекарасын заңсыз өзгертуге тырысқан кез-келген әрекеттерге тыйым салу;
Әскери топтар мен бандылардың Қазақстан Республикасының аумағына қару қолданып басып кіруiне тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында қару қолданып және өзге де арандатушылық жасауды тыюға, халықты, мемлекеттік және жеке меншiктi аталған қылмысты қол сұғушылықтардан қорғауға;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттерiнен тыс немесе заңсыз әдiстермен адамдардың және көлiк құралдарының өтуiнен сақтандыру және оған жол бермеу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушыларды тауып алу және ұстау;
Тиiсiнше ресiмделген құжаттар болған жағдайда белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктi және тауарларды өткізудi жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасына әкелуге және одан әкетуге тыйым салынған жарылғыш, уландырғыш, радиоактивтi, есiрткi заттардың, қаруларды, оқ-дәрiлердi, мүлiктi және басқа заттарды, сондай-ақ контрабанды заттарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы әрi-берi белгiленген тәртiппен дербес немесе кеден органдарымен бiрлесiп тыйым салу;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара тәртібі мәселелерi бойынша халықаралық шарттарынан туындайтын мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету;
Дербес немесе iшкi iстер органдарымен бiрлесе отырып, шекара тәртібінiң сақталуын бақылау;
Дербес немесе iшкi iстер органдарымен халықаралық ұшу сапарлары үшiн ашық әуежайлардың (аэродромдардың), шекаралық темiржол станцияларының, теңiз және өзен порттарының, халықаралық автомобиль тасымалдары қызметiнiң әкiмшiлiктерiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерiнде белгiленген тәртiптiң орындалуын бақылау;
Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде) және шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлiгіндегі iшкi суларда қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң жүзуi мен болуының белгiленген тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
шекаралық қызмет атқару аудандарында Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлдiк берiлген органдарының қоршаған ортаны қорғауға бақылау жасау, кәсiпшiлiк қызмет ережелерiн сақтау жөніндегі қызметiне қажеттi жәрдем көрсету.
15.07.96 ж. № 31-1 ҚР Заңымен; 10.07.02 ж. № 338-II ҚР Заңымен; 2007.19.12 № 11-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертiлдi
8-бап. Шекара қызметiнiң құқықтары
Шекара қызметінің шекара кеңістігі шегіндегі құқықтары мыналар:
шекаралық нарядтар қою, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жолдармен, соқпақтармен және маршруттармен жүрiп-тұруға, құжаттарды тексеру, көлiк құралдарын және оларға тиелген жүктер мен тауарларды тексерiп қарау, көлiк құралдарына еріп жүру және оларға шекаралық нарядтарды отырғызу;
қажеттi инженерлiк-техникалық ғимараттар салу, байланыс және коммуникация желiлерi құрылысын салу техника мен қару-жарақты орналастыру және пайдалану;
Қазақстан Республикасының қылмыстық iстi жүргiзу заңдарына сәйкес заң бойынша өз қарауына жатқызылған iстер бойынша тергеу жүргiзу;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жолмен ұстауды жүзеге асыру, хаттамалар жасау және өздерiнiң қарауына жататын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу;
әкiмшiлiк жолымен ұсталған адамдарды осы мақсатта арнайы жабдықталған орындарда ұстау;
өздерiнiң қарауына жататын құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн Шекара қызметiнiң бөлiмшелерiне адамдарды шақыру және заңмен белгiленген жағдайларда оларды сонда әкелу. Қажет болған жағдайларда аталған құқық бұзушылықтардың мән-жайын анықтау өзге жерлерде де жүзеге асырылуы мүмкiн;
қарсы күрес жүргiзу Шекара қызметiнiң құзыретiне жататын құқық бұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мүдделерi үшiн жедел-iздестiру жұмысын жүргiзуге, шекара маңындағы аудандардың құқық қорғау органдарының, ұйымдарының анықтамалық деректерiн пайдалану;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне немесе Қазақстан Республикасынан шығуына құқық беретiн құжаттарын тексеру, оларға тиiстi белгiлер соғу және қажет болған жағдайда оларды алып қою, шет елде немесе Қазақстан Республикасында болған кезiнде құжаттарын жоғалтып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдарды кiм екенi анықталғанға дейiн өткiзбей, режим аймағында немесе осы мақсаттар үшiн арнайы жабдықталған орындарда қалдыру;
Мемлекеттік шекара арқылы өтiп бара жатқан адамдардың көлiк құралдарын, жүктерi мен тауарларын дербес немесе кеден органдарымен бiрлесе отырып қарап шығуды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзiлетiн, Қазақстан Республикасынан әкетуге немесе әкелуге тыйым салынған заттарды, сондай-ақ контрабанда бұйымдарын белгiленген тәртiп бойынша алып қою;
шетелге бара жатқан көлiк құралдарының Мемлекеттік шекара арқылы өту пункттерiнде тоқтау (аялдау) орны мен ұзақтығын мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып анықтау;
Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi суларында жүзу кезiнде немесе кемелер Қазақстан порттарында тұрған кезде құқық бұзуға жол берген шетелдiк әскери емес кемелер экипаждары мүшелерiнiң және олардағы адамдардың жағаға шығуына және жағада болуына тыйым салу;
Қазақстан Республикасының мүдделерiне қатер төнген жағдайда, азаматтардың болуын, көлiктiң, жүрiсiн және түрлi жұмыстар жүргiзудi уақытша шектеу, бұған қорғаныстық маңызы бар жұмыстар, халықаралық мiндеттемелердi орындауға және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан туындаған зардаптарды жоюға байланысты жұмыстар қосылмайды;
Мемлекеттік шекараны бұзушыларды қуған кезде кез-келген жер және су айдыны учаскелерiмен жүру, ұйымдардың мекен-жайларына және азаматтардың тұрғын (тұрмайтын) жайларына кіру;
байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалану, ал Қазақстан Республикасының аумағына басып кіруге тойтарыс берген кезде, Мемлекеттік шекарадағы түрлi арандату әрекеттерiне тыйым салу кезiнде ұйымдардың, ал қажет болған жағдайда шығындарды кейiн өтейтiн болып азаматтардың көлiк құралдарын пайдалану;
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Заңда көзделген тәртiп пен реттерде қаруды, ұрыс техникасын, арнаулы құралдар мен қызмет иттерiн пайдалану;
шекара аудандарының елдi мекендерiнде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде Мемлекеттік шекараны күзетуге қатысу үшiн жергiлiктi тұрғындардан ерiктi құрамалар құру;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен, Шекара қызметiнiң құрамалары мен бөлiмдерiнiң қызметтiк-жауынгерлiк iс-әрекетiн қамтамасыз ету мақсатында арнаулы техника сатып алу;
Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөнiнде басқа да iс-қимылдарды жүзеге асыру.
Аумақтық сулар (теңiз) бен iшкi суларда, шекаралық өзендер мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде әскери емес кемелер жөнiнде Шекара қызметiнiң құқықтары мыналар:
- егер кеме сұрау салу дабылына жауап бермесе, жүзуге Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн жағдайлар мен тәртiп бойынша тыйым салынған ауданда жүрсе, Қазақстан Республикасының суларына кіру, оларда жүзу және болу тәртібін бұзса, ол кеменi тоқтату және оны қарап шығу. Кеменi қарап шығу кеме және жүзу құжаттарын, экипаж мүшелерi мен жолаушылардың құжаттарын, жүк құжаттарын, ал қажет болған жағдайда кеменiң iшiн тексерудi қамтиды. Кеменi қарап шығу нәтижелерi бойынша оған белгiленген ережелердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының суларында жүзудi (тұруды) жалғастыруға рұқсат берiлуi немесе Қазақстан Республикасының суларынан кету ұсынылуы мүмкiн, немесе ол қылмыстық iстер жүргiзу және әкiмшiлiк заңдарына сәйкес ұсталуы мүмкiн;
- құқық бұзған және Қазақстан Республикасының заңдары бойынша қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартылуға тиiстi адамдарды кемеден түсiрiп, ұстау, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, ол адамдарды алдын ала тексеру және тергеу немесе әкiмшiлiк органдарына беру;
- егер iзiне түсу кеменiң дабылы көруiне немесе естуiне мүмкiндiк беретiн қашықтықтан көру немесе дыбыс дабылы берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының шекаралық суларында басталып, үздiксiз жүргiзiлген болса, Қазақстан Республикасының шекаралық суларында Заңдарды немесе жүзу (тұру) ережелерiн бұзған кеменi ол кеме өз елiнiң немесе үшiншi бiр мемлекеттiң аумақтық суларына кiргенге дейiн қуу және ұстау.
егер ту көтерілмесе, кемеге өз туын көрсету жөнінде ұсыныс жасау;
егер кеме жүзуге тыйым салынған ауданға жүзіп бара жатса немесе басқа да жүзу режимін бұзушылықтарға әкеп соқтыруы мүмкін болса, кемеге бағытты өзгерту жөнінде ұсыныс жасау.
Шекара қызметiнiң өзге де құқықтары:
1) шектес мемлекеттердiң шекара өкiлдерiмен Мемлекеттік шекара тәртібін сақтау, шекарадағы жанжалдарды реттеу, ақпарат алмасу мәселелерi бойынша хат алысуды жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шекара мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзу үшiн өзара уағдаластық бойынша Қазақстан Республикасының аумағына шектес мемлекеттердiң өкiлдерiн шақыру және шектес мемлекеттердiң аумағына өту;
2) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қатысты құқық бұзушылықтар жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізу;
3) өзiнiң жеке ақпараттық деректер базасын құру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өтеусiз негiзде және басқа да мемлекеттердiң мемлекеттік органдарымен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен ақпарат алмасуды жүзеге асыру.
2007.19.12 № 11-ІV ҚР Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) 3-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Шекара қызметінде әскери қызмет өткеру, азаматтық персоналдың
(жұмысшылар мен азаматтық қызметшілердің) жұмысы және әскери қызмет өткеру ерекшеліктері
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
9-бап. Шекара қызметінің жеке құрамы және онда әскери қызмет өткеру ерекшеліктері
Шекара қызметінің жеке құрамы әскери қызметшілерден және азаматтық персоналдан (жұмысшылар мен азаматтық қызметшілерден) тұрады.
Шекара қызметінде әскери қызмет өткеру осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Шекара қызметі әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне арналған бірыңғай әскери атақтары мен айырым белгілері болады. Шекара қызметі әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілерін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді, олармен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Шекара қызметінің офицерлері - белгіленген үлгідегі куәліктермен, солдаттар (матростар) мен сержанттар (старшиналар) әскери билеттермен қамтамасыз етіледі.
Шекара қызметі шақыру бойынша әскери міндеттілік негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери қызметке ерікті түрде келу жолымен (келісімшарт бойынша) әскери қызметшілермен жасақталады.
Шекара қызметі үшін кадрлар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының жоғары, орта кәсіптік және әскери оқу орындарында, оқу отрядтарында, орталықтарында (мектептерінде), сондай-ақ келісімдер (шарттар) бойынша басқа мемлекеттерде жүзеге асырылады.
Шекара қызметіндегі қызмет мемлекеттік қызметтің ерекше түрі болып табылады.
Шекара нарядтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау жөніндегі қызметті атқару жауынгерлік кезекшілік (жауынгерлік қызмет) болып табылады.
Шекара қызметінің әскери қызметшілері қызметтік міндеттерін атқарған кезде билік өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады: заң бойынша уәкілетті лауазымды адамдардан басқа ешкімнің де Шекара қызметіне араласуға құқығы жоқ.
10-бап. Шекара қызметіндегі азаматтық персоналдың (жұмысшылар мен азаматтық қызметшілердің) жұмысы
Шекара қызметіндегі азаматтық персоналдың (жұмысшылар мен азаматтық қызметшілердің) еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
IV. Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң әлеуметтiк
қорғалуы және жауапкершiлiгi
ҚР Президентінің 19.05.95 ж. № 2283 Жарлығымен; ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 11-бап өзгерді
11-бап. Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң құқылық жағдайы және әлеуметтiк қорғалуы
Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң құқылық жағдайы және әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықталады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң жауапкершiлiгi
Шекара қызметiнiң әскери қызметшiлерi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен белгiленген өз өкiлеттiгi шегiнде өз бетiнше шешiмдер қабылдайды. Құқыққа қарсы әрекетi үшiн олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
Қазақстан Республикасының