2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың нормалары:
1) құрылысы мемлекеттік инвестициялар есебiнен не олардың қатысуымен қаржыландырылатын;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, сейсмикалық қауiптілігi жоғары не өзге де геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайлары ерекше аудандарда, сондай-ақ ерекше реттелетiн аймақтарда орналастырылатын (орналастырылған) объектiлерге қолданылмайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4. Объект иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау тәртібін, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
75-бап. Мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдайтын объектiлер
1. Мемлекеттік инвестициялар есебiнен не олардың қатысуымен салынып жатқан (салынған) барлық объектiлер мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдауына жатады.
2. Қаржыландыру көздерiне қарамастан, мемлекеттік қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын азаматтық (қоғамдық) және коммуналдық мақсаттағы жеке тұрған объектiлер. Техникалық жағынан күрделі емес, мемлекеттік инвестицияның қатысуынсыз қаржыландырылатын жеке тұрған объектілер пайдалануға осы Заңның 76-бабында белгіленген тәртіппен қабылданады;
2) шағын бизнес (жеке кәсiпкерлiк) кәсiпорындарын қоспағанда, өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер;
3) көп пәтерлi тұрғын үйлер (ғимараттар);
4) автомобиль жолдары мен темір жолдар;
5) көпiрлер, жол желiлерi, тоннельдер, азық-түлiк желiлерi мен инженерлiк құрылыстары бар электр беру желiлерi;
6) ғарыштық байланыс объектілерi;
7) атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика объектiлерi;
8) су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы объектiлер;
9) темір жол және автомобиль разъездерiнде, қорықтарда, заказниктерде, балық питомниктерiнде, орман, аңшылық және басқа алқаптарда тұруға арналған объектiлер (тұрғын және қосалқы үй-жайлар) жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз салынып жатқан (салынған), бiрақ мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қатысы бар объектiлердi мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауға тиiс.
Аталған талапты тапсырысшыға (құрылыс салушыға) сәулет-жоспарлау тапсырмасын берген кезде аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi және ол сол тапсырмада, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге берiлген рұқсатта көрсетiлуге тиiс.
76-бап. Қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдайтын объектiлер
1. Осы Заңның 74 және 75-баптарында көзделген нормалар қолданылатын объектiлердi қоспағанда, мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз салынып жатқан (салынған) объектiлер қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына жатады.
Осы Заңның 75-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған объектiлер санатын шығарылатын өнiмнiң және көрсетiлетiн қызметтiң жылдық көлемiне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз қаржыландырылатын объектiлер де, егер олар:
1) тұрғын және тұрғындық емес үй-жайларды тұрғын үйлер етiп қайта бейiндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) байланысты болса;
2) үй-жайлардың (үйдiң бiр бөлiгiн) тiреу және (немесе) қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертудi талап ететiн реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) байланысты болса;
3) салу және (немесе) пайдалану кезiнде басқа меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғаса;
4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) сейсмикалық қауiптілiгi жоғары не өзге де геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайлары ерекше аудандарда, сондай-ақ өзге де ерекше реттелетiн аймақтарда салынып жатса (салынса);
6) адамдар мен қоршаған ортаға ықтимал қаупi бар өндiрiстiк процестерге байланысты болса, қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына жатады.
Аталған шектеулердi тапсырысшыға (құрылыс салушыға) сәулет-жоспарлау тапсырмасын берген кезде жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi және олар сол тапсырмада, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге берiлген рұқсатта көрсетiлуге тиiс.
77-бап. Қабылдау және жұмыс комиссиялары
1. Қабылдау комиссиясы мен жұмыс комиссиясы тапсырысшының шешiмiмен тағайындалады және объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсiмiне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабар алынғаннан кейiн он бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей құрылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қабылдау және жұмыс комиссиясының өкілеттіктерін, міндеттемелерін, міндетті құрамын, объектіні қабылдау тәртібін, сондай-ақ бұл үшін қажетті комиссия қорытындысы мен актісінің нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Қайта қабылдауды қоса алғанда, қабылдау және жұмыс комиссияларының жұмыс процесiнде жасалған шығындарын тапсырысшы өтейдi.
78-бап. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы
1. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы - салынған объектiнi пайдалануға қабылдайтын уақытша немесе тұрақты алқалы орган.
Тұрақты мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамын, қажет болуына қарай, комиссияны тағайындаған мемлекеттік басқару органы өзгертедi.
2. Пайдалануға қабылданатын объектiнiң маңыздылығына немесе құрылыс құнына қарай мемлекеттік қабылдау комиссиясын:
1) орталық атқарушы органдардың немесе облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкiмдерi;
4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi тағайындайды.
3. Мемлекеттік қабылдау комиссиялары:
1) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн үш айдан кешiктiрмей;
2) тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей алдын ала тағайындалады.
Бұл орайда осы объект бойынша комиссия жұмысының басталу және аяқталу мерзiмдерi белгiленедi.
4. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының мiндетiне:
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жұмыс комиссиясы анықтаған шалағайлықтардың, жобадан, құрылыс нормалары мен ережелерiнен ауытқушылықтардың орындалуын белгілеу;
2) сәулет-құрылыс, инженерлiк және технологиялық шешiмдердiң, сондай-ақ тұтас алғанда объектiнiң iлгерiшiлдiгiн бағалау;
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қолданысқа енгiзiлетiн объектiнiң (кешеннiң) жобалық қуатының (сыйымдылығының) сәйкестiгiн белгілеу;
4) қажет болған жағдайда, технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылаушылық байқау және сынақ жүргiзу;
5) комиссияны тағайындаған инстанция объектiнiң пайдалануға жарамсыздығы туралы дәлелдi қорытынды берiп, жобалау-iздену және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасыз орындалуына жол берген лауазымды адамдарды заңдарда белгiленген тәртiппен жауапқа тарту жөнiнде ұсыныс жасау кiредi. Бұл орайда қорытындының көшiрмелерi тапсырысшыға (құрылыс салушыға) және бас мердiгерге жiберiлуге тиiс.
5. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектiнi пайдалануға қабылдау фактiсi Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген бiрыңғай нысандағы актiмен ресiмделедi.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне мемлекеттік қабылдау комиссиясының барлық мүшелерi қол қояды.
Мемлекеттік қабылдау комиссиясы мүшесiнiң объектiнi пайдалануға қабылдау жөнінде ерекше пiкiрi болған жағдайда ол актіге қол қоймайды және ерекше пікірін комиссия төрағасына жазбаша түрде ұсынады.
Ерекше пікірді мемлекеттік қабылдау комиссиясы пікір ұсынушы комиссия мүшесінің және комиссияны тағайындаған мемлекеттік басқару органы өкілінің қатысуымен қабылдау актісіне қол қойылғанға дейін қарауға тиіс.
7. Өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына:
1) комиссияны тағайындаған мемлекеттік басқару органының комиссия төрағасы тағайындайтын жауапты өкiлi;
2) комиссия төрағасының орынбасары тағайындайтын бас жобалау ұйымының өкiлi;
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының), пайдаланушы ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердің), бас мердiгердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, орындарының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өкілдерi кiредi.
8. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi қабылдаған кезде мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына:
1) жергiлiктi атқарушы органның комиссия төрағасы тағайындайтын жауапты өкiлi;
2) комиссия төрағасының орынбасары тағайындайтын мемлекеттік құрылыс инспекторы;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 3) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының), пайдаланушы ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердiң), бас мердiгердiң, бас жобалау ұйымының (жоба авторларын қоса алғанда), мемлекеттік өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерiнiң өкiлдерi енгiзiледi.
10. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Қайта қабылдауды қоса алғанда, мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмыс процесiнде жасалған шығындарын тапсырысшы өтейдi.
79-бап. Салынған объектілердi пайдалануға өткізуге және қабылдауға қатысушылардың жауапкершiлiгi
Салынған объектiлердi пайдалануға, өткізуге және қабылдауға қатысушылар, соның iшiнде тапсырысшылар (инвесторлар, құрылыс салушылар), iздену, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарына мердiгерлiктiң жауапты орындаушылары, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын дайындаушылар мен берушiлер, сондай-ақ құрылыстың және жабдықтарды монтаждаудың барысын оралымды қадағалау қызметтері, мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясының және жұмыс комиссиясының мүшелері, басқа да қатысушылар азаматтардың өміріне немесе денсаулығына төнген қауіп, сондай-ақ жіберілген жолсыздықтар не міндетті нормативтік талаптардан (ережелерден, шектеулерден) ауытқушылық салдарынан мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке мүдделерге келтірілген залал (зиян) үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленгендей жауапты болады.
Қазақстан Республикасының