3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген қызметке тыйым салынады.
24-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жерді резервте қалдыру
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту бағдарламаларына және бекітілген жаратылыстану-ғылыми негіздемелерге сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру туралы шешімдер қабылдайды.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін жерлерді резервте қалдыру жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерді алып қоймай жүргізіледі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құрамына бергенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен резервте қалдырылған жерлерді бұрынғы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелері пайдаланады, сондай-ақ олар жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.
3. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында резервте қалдырылатын аумақтағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешім қабылданғанға дейін шектелуі мүмкін. Бұл ретте жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың резервте қалдырылатын жер учаскелеріндегі шаруашылық қызметін шектеуге байланысты орын алған ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірістерінің залалдарына өтем алуға құқығы бар.
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға немесе кеңейтуге арналған резервте қалдырылатын учаскелердегі шаруашылық қызметті шектеуге байланысты орын алған залалдарды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
5. Қалалар шекараларының шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту кезінде жерлерді резервте қалдыру белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларды ескере отырып, не қолданыстағы бас жоспарларға, қала салу регламенттеріне және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала салу кадастрына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.
25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты
1. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдар әрбір осындай аумақ бойынша белгіленген үлгідегі паспортты толтырады және оны уәкілетті органда тіркейді.
Тіркелген паспорттың әрбір данасы түпнұсқа болып табылады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында:
1) түрі мен санаты көрсетілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі мемлекеттік орган актісінің атауы, нөмірі және қабылданған күні;
3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар мемлекеттік органның атауы;
4) заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жүктелген ұйымның атауы;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың туристік инфрақұрылымы, географиялық координаттары, шекарасының сипаттамасы, аумағының көлемі және күзет аймағы көрсетілген карта-схемасымен бірге орналасқан жері;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сандық және сапалық сипаттамасымен бірге олардың тізбесі;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақтары және олардың күзет режимі түрлері, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар, олардың күзет аймағындағы табиғат пайдалану жөніндегі міндеттемелері мен ауыртпалықтары туралы мәліметтер;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметтің рұқсат етілген және тыйым салынған түрлері, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлеріне қойылған шектеулер;
9) келіп көру ережесі, жұмыс режимі, рекреациялық жүктеме көрсетіледі.
3. Табиғат қорғау ұйымының паспорты табиғат қорғау ұйымында, өзінің қарауында осы табиғат қорғау ұйымы болатын мемлекеттік органда және уәкілетті органда болады.
Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорық аймақтарының паспорты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерін қорғау бекітіліп берілген ұйымда, өзінің қарауында осы ұйым болатын мемлекеттік органда және уәкілетті органда сақталады.
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың нысаналы мақсаты өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған, кеңейтілген жағдайларда оның паспорты қайта тіркеуден өткізіледі.
26-бап. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары
1. Табиғат қорғау ұйымдары өз қызметін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, олар қарауында болатын мемлекеттік орган бекітетін басқару жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес бесжылдық кезеңге жасалады.
2. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары:
1) табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың осының алдындағы кезеңдегі өзгерістеріне жасалған талдауды;
2) табиғат қорғау ұйымының осының алдындағы кезеңдегі қызметіне берілген бағаны;
3) табиғат қорғау ұйымының осыдан кейінгі кезеңдегі табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметінің әрбір түрі бойынша іс-шараларды;
4) мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін - өткен кезеңдегі орман шаруашылығын жүргізудің және орман пайдаланудың кешенді бағасы берілетін және алдағы кезеңге арналған осы орман учаскелерін күзету, қорғау, молықтыру және оларға күтім жасау жөніндегі іс-шаралар әзірленетін бөлімді;
5) басқару құрылымын, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, кадрлармен қамтамасыз ету және олардың біліктілігін арттыру, жергілікті халықпен және жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен бірлесіп іс-қимыл жасау арқылы басқару жоспарын іске асыру тетіктерін қамтиды.
3. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеуді ол қарауында болатын мемлекеттік орган қамтамасыз етеді.
27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры осындай аумақтардың құқықтық мәртебесі, олардың орналасқан жері, көлемі мен шекарасы, географиялық координаттары, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сандық және сапалық сипаттамасы, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық құндылығы, күзет режимінің түрлері, нысаналы пайдаланылуы және рұқсат етілген қызмет түрлері туралы мәліметтер жүйесін қамтиды.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік кадастрының деректері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту, экологиялық желіні қалыптастыру бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады және биологиялық саналуандықты, бірегей табиғи ландшафтарды сақтауды ескере отырып, жерлерді ұтымды пайдалану мен өңірлердің өндіргіш күштерін орналастыруды жоспарлау кезінде пайдаланылады.
5-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету
және қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет қызметі мемлекеттік
инспекторларының құқықтық мәртебесi
28-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимінің түрлерi
Түріне және функционалдық аймақтарға бөлінуіне байланысты бүкіл ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе оның арнайы бөлінген аймақтары мен учаскелерінде мынадай күзет режимінің түрлері енгізіледі:
1) кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің табиғи жай-күйін бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейтін қорық режимі;
2) шаруашылық және өзге қызметтің жекелеген түрлеріне белгілі бір мерзімге немесе онсыз маусымдар бойынша толық тыйым салуды немесе шектеуді көздейтін қаумалдық режим;
3) табиғи кешендерді шектеулі пайдалануды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметтің дәстүрлі түрлерін мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілеріне зиянды әсер етпейтін тәсілдермен және әдістермен жүргізуін көздейтін шаруашылық қызметтің реттелмелі режимі.
29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау
1. Қоршаған ортаға зиянды әсерлердің алдын алу және оларды жою мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда күзету мен қорғау жүргізілуі мүмкін.
2. Күзету:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, оның ішінде жер және әуе көлігін қолданып қарауылдауды;
2) өрттердің алдын алуды, оларды байқауды және сөндіруді;
3) суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан күзетуді қамтиды.
3. Қорғау:
1) судың зиянды әсерінің алдын алуды және жоюды;
2) өсімдіктерді қорғауды, зиянды жәндіктер мен орман аурулары ошақтарын дер кезінде анықтауды және оларға қарсы күресуді, санитарлық және басқа мақсаттарда ағаш кесуді (жолдар салуға байланысты орман жолдарын тарту, өртке қарсы жыралар қазу кезінде орманды тазарту);
3) індеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен ветеринариялық мониторингті қамтамасыз етуді, жануарлар санын реттеуді;
4) жерді эрозиядан қорғауды қамтиды.
4. Өрттердің алдын алу, оларды байқау және сөндіру Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
5. Қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимінің түрлерін ескере отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде және қарауында осы аумақтар бар орталық атқарушы органдардың рұқсаты бойынша жүргізіледі.
30-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру мақсатында мынадай іс-шаралар:
1) бұдан бұрын бүлінген жерлерді рекультивациялау;
2) су айдындарының қолайлы режимін сақтау;
3) эрозиялық процестердің алдын алу және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ормандарды молықтыру және орман өсіру;
4) жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін табиғи ортада көбейту, өсіру және қалпына келтіру жүргізілуі мүмкін.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қалпына келтіру іс-шаралары күзету режимінің түрлерін ескере отырып, тиісті ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде уәкілетті органмен келісім бойынша жүргізіледі.
31-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін қорғау
1. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін қорғауды олардың штатына кіретін күзет қызметінің мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
2. Табиғат қорғау мекемелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар және бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары болып табылады.
Табиғат қорғау мекемелерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша аға мемлекеттік инспекторлар болып табылады, осы бөлімшелердің мамандары, ғылыми қызметкерлерді қоса алғанда, лауазымы бойынша табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
Осы бапта көрсетілген лауазымды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
32-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың және мемлекеттік қорық аймақтарының мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін қорғау
1. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың және мемлекеттік қорық аймақтарының мемлекеттік табиғи-қорық қорының мемлекеттік орман қорының жерлерінде және оларға іргелес жерлерде орналасқан табиғи кешендер мен объектілерін қорғауды мемлекеттік орман күзетінің қызметтері, басқа санаттағы жерлерде табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын қорғау мақсатында оларды мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелеріне, табиғат қорғау мекемелеріне бекітіп беру уәкілетті органның, өздерінің құзыреті шегінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының шешімдерімен жүргізіледі.
33-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары
1. Табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының өз аумағы мен күзет аймақтарының шекарасында:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүрген адамдардан осында болу құқығына берілген рұқсатты тексеруге;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуын бақылау мақсатында табиғат қорғау мекемесiнiң және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың объектiлерiне баруға;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұруға;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың қызметін тоқтату немесе оған тыйым салу туралы сотқа талап арыз беруге;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынның мөлшерін анықтауға және осының негізінде кінәлі тұлғаларға осы шығынды ерікті түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап арыз беруге;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайларда мемлекеттік инспекторлардың актілер жасауға және материалдарды шаралар қолдану үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның күзет аймағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған адамдарды ұстауға және оларды құқық қорғау органдарына жеткізуге;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның күзет аймағында көлік және суда жүзу құралдарын тоқтатуға, оларға тексеру жүргізуге;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен атыс қаруын, заңсыз олжалаған өнімді және оны олжалау құралын, көлік және суда жүзу құралдарын алып қоюға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы құралдар мен қызмет қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар.
2. Табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және олардың шешімдеріне жоғары тұрған мемлекеттік органдарға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.
3. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысанды киіммен (погонсыз), арнайы құралдармен және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.
4. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары өз құзыретіне сәйкес мынадай актілер:
1) тексеру өткізу нәтижелері бойынша акт;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы ұйғарым;
4) мынадай:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы;
сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін атыс қаруын, олжалау құралдарын, заңсыз олжаланған өнімді, көлік және суда жүзу құралдарын алып қою туралы қаулылар жасайды.
6-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру жүйесi
34-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру көздерi
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларының гранттары, қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары және қайырмалдықтары есебінен жүргізіледі.
35-бап. Табиғат қорғау мекемелерін дамыту және күтіп
ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Іс-шараларды қаржыландыру табиғат қорғау мекемелерін дамыту мен күтіп-ұстауға олардың санатына байланысты бөлінетін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және мыналарға:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту бағдарламаларын, осы аумақтарды құру мен кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту кезінде, сондай-ақ осы аумақтарды құру және кеңейту үшін жерлерді резервте қалдыру кезінде жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскелерінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу жөніндегі залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбелерін жүргізуге;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағының шекарасын нақтылы жерінде бөлу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
6) әкімшілік-шаруашылық, ғылыми, ақпараттық-ағартушылық, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер мен құрылыстарды салуға және қайта жаңартуға;
7) штат санын ұстауға;
8) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзетуге, қорғауға және қалпына келтіруге;
9) экологиялық-ағартушылық, ғылыми, оқу, туристік және рекреациялық қызмет жүргізуге жұмсалады.
36-бап. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
37-бап. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды оларға бекітіп берілетін табиғат қорғау мекемелері, орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері өздеріне осы мақсаттарға бөлінетін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
38-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты
1. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты олардың қызмет бағыты мен күзет режимінің түрлеріне байланысты олардың негізгі қызметіне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу:
1) жеке және заңды тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерін туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезінде оларға ақылы қызметтер көрсету, соның ішінде:
туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлік тұрақтарын, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотельдер, туристік базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желілерін, жолдарды (ортақ пайдаланылатын жолдардан басқа) орналастыру жөнінде қызметтер көрсету; туристік құрал-жабдықтар беру;
әуесқойлық (спорттық) аң және балық аулауды өткізу;
мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйістерінде болу және оларды зерделеу кезінде жолсеріктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерін көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсіру;
пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитарлық тазарту және абаттандыру жөнінде, сондай-ақ өзге де ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде қызметтер;
қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнім өндіру жөнінде қызметтер;
көлік қызметтерін көрсету;
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 2) тармақшасы өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) шектеулі шаруашылық қызметінен, соның ішінде:
кәдесый өнімдерін өндіруден;
аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесілген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізуден;
жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізу;
елді мекендерді көгалдандыру үшін көшет материалын өсіруден түсетін табыстар;
шектеулі шаруашылық қызметі тауарларын өткізуден, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлерде қорғаныштық және көгалдандыру екпелерін отырғызудан;
балық шабақтарын өсіруден;
жеке және заңды тұлғалармен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнім өндіруден және қызмет көрсетуден алынған табыстар;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәміздерін пайдаланғаны үшін төленетін ақы;
4) баспа, кәдесый және басқа да көбейтілген өнім өндіруден алынған табыстар;
5) жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымалдықтары есебінен құралады.
2. Табиғат қорғау мекемелерінің тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуінен алынған қаражаты Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
3. Табиғат қорғау мекемелері осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерінен табыс табу мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатыса алады.
2-бөлім. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерін, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін және экологиялық желіге енетін қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырудың, қорғаудың және олардың