14) Қор немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты айқындау;
15) Қордың облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығарудың және Қордың меншікті капиталы мөлшерінің бір пайызынан аспайтын сомаға Қордың өзге де қарыз тарту шарттарын айқындау;
16) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 20) тармақшасында көзделгендерді қоспағанда, Қордың ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту;
17) осы Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес орталықтандырылған қызметтер құру;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) жыл сайынғы негізде компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдау және Қордың директорлар кеңесіне компаниялар қызметінің нәтижелері туралы есептер беру;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қалыптастыру мақсатында сатып алу ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграциясын қамтамасыз ету мәселелері;
19) осы Заңда және (немесе) Қордың жарғысында Қордың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелер жатады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қор басқармасы осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген, олар бойынша шешімдерді Қордың басқарма төрағасы қабылдай алатын мәселелер тізбесін, сондай-ақ осындай шешімдерді қабылдау тәртібін айқындауға құқылы.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-тармағының 3) және 9) тармақшаларында, 2-1-тармағында көрсетілген, Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компаниялар қызметінің мәселелері бойынша шешімдерді компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі үшін акционер (қатысушы) ретінде Қордың ұстанымын айқындау мақсатында Қордың басқармасы немесе басқарма төрағасы қабылдайды.
4. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мәселелермен қатар Қор басқармасы төрағасының құзыретіне:
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) компанияларда және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде компаниялар иеленетін өзге де заңды тұлғаларда тексерулер (ревизиялар) тағайындау туралы шешімдер қабылдау;
2) барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі компанияларға олардың қызметі мәселелері бойынша орындауы үшін тікелей (жедел) тапсырмалар беру;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өздеріне қатысты Қор жалғыз акционер немесе барлық дауыс беретін акцияларын иеленетін тұлға, жалғыз қатысушы не заңды тұлғаның мүлкіне құқығы бар жалғыз тұлға болып табылатын заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) Қордың интернет-ресурсында орналастырылатын Қор қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы жария есепті дайындау;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) Қор қызметінің мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастықпен және шетелдік инвесторлармен тұрақты негізде кездесулер өткізу;
4) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатады.
5. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде компаниялардың акцияларын (қатысу үлестерін) Қор сенімгерлік басқаруға берген жағдайда осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген өкілеттіктерді Қор (оның органдары мен лауазымды адамдары) және сенімгерлік басқарушы іске асырмайды.
11-бап. Қордың ішкі аудит қызметі
1. Қордың ішкі аудит қызметін Қордың қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, ішкі бақылау саласында, тәуекелдерді басқару жүйесін, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын бағалауды және Қор қызметін жетілдіру мақсатында консультация жасауды жүзеге асыру үшін Қордың директорлар кеңесі құрады.
2. Қордың ішкі аудит қызметі Қордың директорлар кеңесіне тікелей бағынады және оның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.
2021.03.01. № 406-VІ ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды; 2023.02.10. № 31-VIII ҚР Заңымен 11-1-бап өзгертілді (2024 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-1-бап. Қордың Қоғамдық кеңесі
Азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, Қор мен Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялар қызметінің есептілігін және ашықтығын арттыру мақсатында Қор консультативтік-кеңесші орган - Қордың Қоғамдық кеңесін құрады.
Қоғамдық бақылау «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
3-тарау. ҚОР ТОБЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
12-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың өзара іс-қимылы
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың өзара іс-қимылы осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісім:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың өзара іс-қимылының негізгі қағидаттарын;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қорға оның қызметі мәселелері бойынша қоятын талаптарын;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қор акцияларының меншік иесі ретінде Қорды оның органдарының тиімді басқаруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету арқылы Қордың Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуіне ықпал етеді.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билік органдары жүйесін басқаратын алқалы орган ретінде, заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қордың жедел (ағымдағы) қызметіне араласпайды.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционердің осы Заңда және (немесе) Қордың жарғысында көзделген өкілеттіктерін іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің Қордың директорлар кеңесіндегі өкілдігі арқылы ғана Қорды басқаруды жүзеге асырады.
Қорға жалпы басшылық жасауды және оның ағымдағы қызметіне басшылық жасауды өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын директорлар кеңесі және басқарма тиісінше жүзеге асырады.
13-бап. Мемлекеттік органдардың Қормен және Қордың тобына кіретін ұйымдармен өзара іс-қимылы
1. Мемлекеттік органдар мен Қордың, Қордың тобына кіретін ұйымдардың арасындағы Қордың жалғыз акционері қызметінің, мемлекеттік органдар басшыларының Қордың директорлар кеңесіндегі мүшелігінің шеңберіндегі өзара іс-қимылға жатпайтын өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен реттеледі.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қордың қызметі туралы сұратылатын кез келген ақпарат беріледі.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қордың, Қордың тобына кіретін ұйымдардың жедел (ағымдағы) қызметіне мемлекеттік органдар тарапынан араласуға жол берілмейді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде тікелей көзделген есептілікті қоспағанда, Қордың және Қор тобына кіретін ұйымдардың мемлекеттік органдарға есептілік ұсынуы Қордың интернет-ресурсына тиісті ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысанын және орналастыру кезеңділігін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
14-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алғанда бір саласын дамытуға әсерін талдау тәртібі
1. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алғанда бір саласын дамытуға әсерін кешенді және объективті талдау (бұдан әрі - талдау), олардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, республикалық бюджеттің қаражатын, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдалануға байланысты мәселелерді қоспағанда, Қордың директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитеттің қызметі шеңберінде жүзеге асырылады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі Қордың директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитеттің тұрақты мүшесі - дауыс беру құқығы бар сарапшы болып табылады, ол Қордың бюджетіне салынған қаражат шегінде Қордың тобына кіретін ұйымдардың сыртқы аудитінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгілеген мәселелер қойылатын талдаудың міндетті түрде жүргізілуіне бастамашылық жасайды.
Қордың тобына кіретін ұйымдарға жүргізілген сыртқы аудиттің нәтижелері Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынылады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Директорлар кеңесі басқарма төрағасына құрамына Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі кіретін талдау жүргізу жөніндегі тексеру тобын құруға не Қордың тобына кіретін ұйымдардың сыртқы аудитін жүргізу туралы тапсырма беруге құқылы.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қордың тобына кіретін ұйымды талдаудың нәтижелері Қордың директорлар кеңесіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынылатын актімен ресімделеді.
5. Қордың тобына кіретін ұйымның тиімсіз қызмет жасау жағдайлары анықталған кезде, Қордың органдары осындай ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін қажетті шаралар қолданады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, Қордың директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитеттің жұмысы барысында алынған ақпаратты өз қызметінде пайдалануға құқылы.
15-бап. Қордың әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруының ерекшеліктері
1. Қор және Қордың тобына кіретін ұйымдар Қор қызметінің бағыттары бойынша өнеркәсіптік-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатыса алады.
2. Қордың немесе Қордың тобына кіретін ұйымдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық жасайтын рентабельділігі төмен болып табылатын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда толық немесе ішінара бюджеттік қаржыландыру және (немесе) мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қор немесе Қордың тобына кіретін ұйымдар іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қор немесе Қордың тобына кіретін ұйым өнеркәсіптік-инновациялық қызметті жүзеге асырған кезде оларға Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 16-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Қордың және Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарлары
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қордың даму жоспары Қор қызметінің бағыттары бойынша өнеркәсіптік-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары ескеріле отырып, он жылға әзірленеді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Даму жоспарын іске асыру мақсатында Қордың бес жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленеді. Қордың іс-шаралар жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен оның мазмұнына қойылатын ең төменгі талаптардың негізінде Қордың директорлар кеңесі айқындайды. Компаниялар өз қызметінің саласы шегінде Қордың даму жоспарын әзірлеуге тартылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Компанияларда Қордың даму жоспары негізінде компаниялардың он жыл мерзімге арналған даму жоспарлары әзірленеді. Компанияның даму жоспарын оның директорлар кеңесі бекітеді.
Компаниялардың директорлар кеңестері өздерінің даму жоспарларын іске асыру мақсатында бес жыл мерзімге әзірленетін іс-шаралар жоспарларын бекітеді.
17-бап Қордың тобындағы басқару қағидаттары
1. Қордың тобындағы басқару корпоративтік басқарудың ең озық тәжірибесіне сәйкес және мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) компаниялар активтерінің нарықтық құнын ұлғайту;
2) корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігі;
3) дивидендтік саясаттың тиімділігі;
4) ақпаратты ашу және ашықтық.
4-тарау. ҚОР ТОБЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
18-бап. Қордың ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз етуге арналған ерекше өкілеттіктері
1. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыру, ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету мақсатында Қордың мынадай ерекше өкілеттіктері:
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мәміле жасасуға ниет бiлдiрген, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге қойылған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттан тыс тәртiппен өткізген, не стратегиялық объектiге сот актiсiнің негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша стратегиялық объектiлерге ие болуға басым құқығы;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) акцияларының пакеттерi (жарғылық капиталда қатысу үлестері, пайлары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдар немесе республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша мүліктік массаны сатып алуға басым құқығы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен банктердің акцияларын иемденуге құқығы бар.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тәртіппен және шарттарда жер қойнауын пайдалану құқығына және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге ие тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару ниеті болған жағдайда мемлекет Қор, ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган арқылы иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеленудің басым құқығына ие болады.
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.08.06. № 48-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
Қордың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын Қор тікелей немесе жанама түрде иеленетін ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
20-бап. Ақшаны басқару
1. Қордың және барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі заңды тұлғалардың ақшасын басқару жөніндегі Қордың директорлар кеңесі бекітетін бірыңғай саясатты Қор іске асырады.
2. Қордың тобына кіретін ұйымдар өзге ұйымдарға, оның ішінде Қордың тобына кіретін ұйымдарға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер (қарыздар) беруге құқылы.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кредиттерді (қарыздарды) беру тәртібі мен шарттары Қордың директорлар кеңесі бекітетін ішкі кредит саясатында айқындалады.
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қор және Қордың тобына кіретін ұйымдар Қордың директорлар кеңесі бекітетін, қайырымдылық көмек көрсету мөлшерінің лимиті көзделетін қайырымдылық бағдарламасына сәйкес қайырымдылық көмек көрсете алады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Жалғыз акционердің шешімі бойынша және ол айқындайтын тәртіппен Қор жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға Қордың таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөледі.
21-бап. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелер
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелер Қордың тобына кіретін ұйымдар арасында олар қолданылмай, Қордың директорлар кеңесі айқындайтын тәртіппен жасалады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдардың өзге заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иемденуі
1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында акционерлік қоғамдардың дауыс беретін акцияларының отыз және одан көп пайызын иемденудің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртібі Қорға немесе дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.
2. Дербес немесе өздерінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызы тиесілі, Қордың тобына кіретін ұйым қоғамның қалған акционерлерінен өздеріне тиесілі осы қоғамның дауыс беретін акцияларын өзіне сатуды талап етуге құқылы. Басқа акционерлерге тиесілі дауыс беретін акцияларды сату туралы мұндай талап қоғамның дауыс беретін акцияларының барлық түріне қатысты мәлімделуі мүмкін.
Акционерлерге тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларын сату туралы оларға қойылатын талапта аттарын (атауларын), тұрғылықты жерін (тұрған жерін), оған (оларға) тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, осы талапты мәлімдеген тұлға (тұлғалар) туралы және қоғамның дауыс беретін акцияларын иемденудің осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалатын, ұсынылып отырған бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс.
3. Акционерлік қоғам осы баптың 2-тармағында көрсетілген талапты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді. Қалған акционерлер өздеріне тиесілі қоғам акцияларын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында талап орналастырылған күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде сатуға міндетті. Акционерлердің осы тармақта көрсетілген мерзім ішінде қоғам акцияларымен өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуына тыйым салынады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың талап етуі бойынша акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды сату бағасы талап қойылған күнге төменде келтірілгендерден ең жоғары баға ретінде айқындалады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:
нәтижесінде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болатын мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болатын мәміле бойынша акциялардың бағасы;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған акциялардың нарықтық бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болатын мәміле бойынша акциялардың бағасы.
5. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым қалған акционерлерден сатып алынатын қоғамның дауыс беретін акцияларын осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалатын, иемденудің ұсынылған бағасы бойынша төлеуге міндетті.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым қалған акционерлерден сатып алатын қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде өзекті деректемелері бар осы акционерлердің банктік шоттарына аударылады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, иемденген қоғам акцияларына ақы төлеуге арналған ақша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.