Келiссөздер жүргiзудiң қорытындылары бойынша олардың нәтижелерi туралы комиссияның тиiстi шешiмi қабылданады.
Келiссөздер барысында конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлерi мен сипаттамасына өзгерістер енгiзуге жол берiлмейдi.
5. Егер концессиялық өтінімі үздiк деп танылған конкурсқа қатысушы комиссияның ескертпелерi мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімді және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары конкурс талаптары тұрғысынан пайдалануға келмейтiн болса, онда комиссия бұл концессиялық өтінімді қарамайды және концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу арқылы үздiк концессиялық өтінімді қайтадан таңдайды.
6. Концессионердi таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша комиссияның шешiмiмен концессиялық өтінім бекітіледi, ал өтiнiм берушi конкурстың жеңiмпазы болып танылады.
Комиссияның шешiмi хаттама түрiнде ресiмделедi.
7. Конкурсты ұйымдастырушы комиссияның шешiмi негiзiнде конкурс жеңiмпазымен концессия шартын жасасады.
8. Концессия шартын жасасу мерзiмi конкурстың қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен аспауға тиiс.
9. Ұйымдастырушы мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, концессионердi таңдау жөніндегі конкурстардың нәтижелерi туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерінде жариялайды.
4-тарау. КОНЦЕССИЯ ШАРТЫ
21-бап. Концессия шартының мазмұны
1. Концессия шарты:
1) концессия объектісі туралы мәліметтерді;
2) концессионердің концессия объектісіне құқықтары және (немесе) белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға құқықтары туралы шарттарды;
3) концессионердің көрсетілетін қызметтердің қажетті саны мен сапасын ұсынуы мақсатында объектіге қажетті жақсартулар жүргізудің шарттары мен көлемін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны (тарифтерді) және бағаларды белгілеу тәртібін;
5) 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) инвестициялардың, соның ішінде негізгі қорларға салынатын инвестициялардың мөлшері туралы шартты, концессиялық жобаны әзірленген бизнес-жоспарға (жұмыс бағдарламасына) сәйкес қаржыландырудың мерзімдері, көздері мен шарттарын;
7) қызмет түрлерін (шарт талаптары бойынша ұсынылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);
8) концессия шарты бойынша концессионер ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапа стандарттарын;
9) шарттың қолданылу мерзімін;
10) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
11) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды;
12) концессия объектісін, сондай-ақ концессия шартының орындалуына байланысты берілген жер учаскелерін мемлекетке берудің тәртібі мен шарттарын;
13) тараптардың жауапкершілігін;
14) шартты өзгерту және тоқтату талаптарын;
15) тараптардың орналасқан жерін және банктік деректемелерін;
16) концеденттің концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) концессионердің қабылданған міндеттемелерді орындауын бағалаудың өлшемін және олар орындалмаған жағдайда айыппұлдар салу тәртібін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша өзгертілді
17) осы Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік қолдау ұсынылған жағдайда, оның түрлерін, көлемін, мерзімдері мен ұсыну шарттарын;
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) жергілікті қамту жөнiндегi мiндеттемелердi;
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19) концессионердiң сатып алуды жүргiзу үшiн жоспарланатын жылдың 1 ақпанынан кешiктiрмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан мен мерзімдер бойынша оған сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлген қызметтер туралы ақпаратты жыл сайын беру жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтуға тиiс.
2. Концессия шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көзделуі мүмкін.
3. Шартқа тараптардың келісімі бойынша өзгерістер енгізілетін жағдайларды қоспағанда, шарттың талаптары концессия шартының барлық қолданылу мерзімінде күшін сақтайды.
4. Концессия шартында концеденттің қоғам мен мемлекет мүддесі үшін шарт талаптарын біржақты тәртіппен өзгерту немесе шартты бұзу талабы көзделуі мүмкін, бұл ретте шарт мұндай талаптардың, оның ішінде мұндай іс-әрекеттер ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды және адамгершілікті қамтамасыз ету мақсатында жасалса, толық тізбесін қамтуға тиіс.
5. Концедент осы баптың 4-тармағында аталған құқықты іске асырған жағдайда, концедент концессионерге концессия шарты талаптарының өзгеруіне байланысты қосымша шығындарды өтеуге, сондай-ақ концессия шартының бұзылуына байланысты концессионер шеккен залалдардың орнын толтыруға міндетті.
22-бап. Концессия шартының нысаны
1. Концессия шарты жазбаша нысанда жасалады.
2. Концессия шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.
23-бап. Концессия шартының қолданылу мерзімi
1. Концессия шарты отыз жылға дейінгі мерзімге жасалады.
2. Концессионер өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындаған жағдайда, концессия шарты тараптардың келісімімен белгіленетін қосымша кезеңге жаңа шарт жасасу арқылы ұзартылуы мүмкін.
Өз міндеттерін тиісінше орындаған концессионерге конкурссыз негізде жаңа келісім жасасу құқығы беріледі.
3. Жаңа мерзімге концессия шартын жасасу кезінде тараптар келісімі бойынша шарт талаптары өзгертілуі мүмкін.
24-бап. Концессия шартын тоқтату
Концессия шарты міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздемелерімен қатар:
1) концессия шартының бұзылуына немесе қолданылу мерзімінің өтіп кетуіне;
2) концессионердің таратылуына;
3) 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе концессия шартында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
25-бап. Концеденттің құқықтары мен міндеттерi
1. Концедент:
1) концессия шартының талаптары туралы концессионермен келіссөздер жүргізуге;
2) концессионердің кінәсінен концессия объектісінің жай-күйі нашарлаған жағдайда, концессионерден залалдарды өтеуін талап етуге;
3) концессионердің жедел қызметіне және концессия шартын іске асыру барысына араласпастан, концессионердің қаржы-шаруашылық қызметін тәуелсіз аудиторлық ұйымды тарту арқылы тексеруді жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының, концессия шарты талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және жол берілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;
5) концессионер концессия шартының талаптарын бұзған жағдайда шартты бұзуды талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына және концессия шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Концедент:
1) концессия шартында көзделген жағдайларда және мерзімдерде концессионерге концессия объектісіне құқықтарды беруге;
2) концессия шарттарының жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге;
3) концессия шартында көзделген және концессионердің концессия объектісіне құқығын растайтын құжаттарды уақтылы беруге;
4) жасалған концессия шарттары туралы тізілім жүргізуді жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органға жыл сайын есептік ақпарат беріп отыруға;
5) концессия шартында көзделген талаптарды сақтауға;
6) концессия объектілерін үшінші тұлғалардың құқықтарынан еркін етіп беруге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
26-бап. Концессионердің құқықтары мен міндеттерi
1. Концессионер:
1) концессия объектісіне қатысты құқықтарды концессия шартында көзделген жағдайларда жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес берілетін инвестициялық преференциялардың субъeктici болуға;
3) концессия шартын орындауға байланысты келтірілген шығындардың өтемін алуға;
4) концедент концессия шартының талаптарын бұзған жағдайда, концессия шартын бұзуды және міндеттемелерді бұзудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге;
5) егер концессия шартына енгізілген өзгеріс концессионердің шығынға ұшырауына әкеп соқтырған жағдайда, шығынның орнын толтыруды талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Концессионер:
1) концессия объектілерінің бейінін сақтауға;
2) шартта көзделген жұмыстарды жүргізуге (қызметтерді көрсетуге);
3) концессия объектісінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік сала объектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржыландыруға;
4) Қазақстан Республикасының еңбек, жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;
5) концессия шарты жасалған мерзім аяқталғаннан кейін шарттың талаптарына сәйкес концедентке концессия объектісін тиісті техникалық қалпында және үшінші тұлғалардың құқықтарынан еркін етіп беруге;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңдарында және концессия шартында белгіленген өзге де талаптар мен жағдайларды сақтауға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) осы Заңның 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау түрлері ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылған қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.».
5-тарау.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
27-бап. Дауларды шешу
1. Мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беруге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында және концессия шартында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Концессия шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және концессия шартында келісілген дауларды шешу рәсімдеріне сәйкес келіссөздер арқылы шешіледі.
2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешілмейтін болған жағдайда, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық коммерциялық төрелік туралы заңнамалық актісіне сәйкес халықаралық төрелікке жүгіну арқылы шешуге құқылы.
28-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар
туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
29-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған концессия шарттары осы шарттарда белгіленген мерзім өткенге дейін өзінің күшін сақтайды.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.
№ 167-III ҚРЗ