3. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасымен директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылған мәселелерден басқа, ұйымның директорлар кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
1) ұйымның жылдық бюджетін бекіту;
2) ұйымның резервтік және өзге де қорларын пайдалану;
3) ұйымға төленуге тиісті жарналардың мөлшерлемесін бекіту.
Ұйымның директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.
4. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұйымға төленуге тиісті жарналарының мөлшерлемесін келіседі.
Ұйымға қойылатын осы Заңда белгіленген талаптарды орындау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұйымға төлеуге тиіс жарналары мөлшерлемесінің жеткіліксіздігі оны келісуден уәкілетті органның бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары төлеуге тиіс жарналар мөлшерлемесін келісуден бас тартқан жағдайда оның мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.
5. Сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша дерекқорды енгізу тәртібі:
1) осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы шарт жасасу;
2) дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру;
3) дерекқорды қалыптастыру жөніндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру;
4) олармен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеу кезеңдерінен тұрады.
Дерекқордың басқару жүйесін пайдалануға беру жөніндегі қажетті іс-шараларды орындауын тексеруді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп құрылған уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелері дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру актісінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша көрсетіледі.
Ұйымның қызметін жүзеге асыруға дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру актісі мен ішкі ережелері болған кезде ғана жол беріледі.
Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі ережелердің мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі олардың дерекқорды құруға және қорғауға қатысуы жөнінде ақпарат берушілер ретіндегі қызметіне қатысты бөлігінде осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің орындауы үшін міндетті.
6. Ұйым өз қызметінде:
1) ақпараттық жүйелерді, деректер базасын қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін онда техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
2) деректер базасын және ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын орналастыру үшін аталған ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға;
3) ұйым өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, ұйымды бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етудің жыл сайынғы аудитін жүргізуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
7. Ұйымның негізгі функциялары:
1) осы Заңның 81-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпаратты жинау;
2) сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру, осы Заңда және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде белгіленген оның мазмұнына қойылатын талаптар;
3) сақтандыру статистикасын қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын автоматты түрде есептеу болып табылады.
8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.
Ұйымның қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 80-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
80-бап. Дерекқор
1. Ұйым дерекқордың құрылымын осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушімен келісім бойынша осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, анықтайды.
2. Сақтандыру есебі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебі - қосарлы сақтандыру туралы, сақтандыру төлемдері туралы, төленген сақтандыру сыйлықақылары туралы, сақтандыру сомасының мөлшерлері туралы мәліметтерді және сақтанушының, сақтандырылушының немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де мәліметтерді құрайтын сақтандыру есебі;
2) қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі - сақтандыру жағдайлары туралы, сақтандыру объектісі туралы, сақтандыру құпиясына жатпайтын өзге де мәліметтерді құрайтын сақтандыру есебі.
3. Дерекқорды қалыптастыру үшін:
1) ұйыммен ақпарат беру туралы жасалған шарттар негізінде сақтандырушылар;
2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
3) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де адамдар ақпарат берушілер болып табылады.
4. Мыналар:
1) уәкілетті орган;
2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
3) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарттар негізінде сақтандырушылар;
4) дерекқор субъектілері (сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы);
5) сақтандыру және актуарийлік есептер саласында консультациялық қызметтер көрсетуді ұсынатын консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдары;
6) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен өзге де адамдар;
7) сақтандыру омбудсманы;
8) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 830-бабы 5-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.
Осы тармақта көрсетілмеген өзге де адамдарға ақпарат беруге жол берілмейді.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушыларға дерекқордан сақтандыру есептерін беру қолжетімділік деңгейлеріне және сақтандыру есептерінің түріне қарай жүзеге асырылады:
1) осы баптың 4-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар дерекқордың барлық субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар тек өзі туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есебін алуға құқылы;
3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) бойынша жиынтық ақпаратты қамтитын қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
4) осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген ақпаратты қамтитын сақтандыру есептерін алуға құқылы;
5) осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мәселелерді реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы.
Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар өздерінің функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың сауал салуы сақтандыру есебін беруге негіз болып табылады.
Дерекқорға сауал салу үшін жауапты уәкілетті адам сауал салуды осы баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың атынан береді, ол туралы ақпарат дерекқор алушылардың тізілімінде болады.
Ұйымның осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген алушыларға сақтандыру есебін табыс етуі олардың қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында сауал салуы негізінде жүзеге асырылады.
Дерекқор субъектісіне сақтандыру есебі оның қағаз жеткізгіштегі немесе Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сауал салуы негізінде беріледі.
81-бап. Дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін ақпарат
1. Осы Заңның 80-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімде және көлемде әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері туралы, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) ақпарат береді.
2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің дерекқорға беретін ақпаратының мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында тізбеленген ақпаратты осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық түрде береді.
82-бап. Дерекқорды қалыптастыруға және жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
1. Ұйым:
1) сақтандыру есептерін қалыптастыруды жүзеге асыруға;
2) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен сақтандыру есептерін беруге;
3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептерінде қамтылған ақпараттың ашылуына жол бермеуге;
4) егер алушыға берілген сақтандыру есебінде ұйым қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан ақпарат берушілердің ұйымға берген ақпаратына сәйкес келмейтін ақпаратты қамтыған жағдайда, аталған сәйкессіздік анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беруге міндетті.
Ақпарат берушінің ұйым берген сақтандыру есебінің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беру мерзімін есептеу ұйымның ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған сәтінен бастап осы баптың 3-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады;
5) дерекқор субъектісінің өтініші бойынша дерекқор субъектісі дауласатын ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтерді беруге;
6) сақтандыру есебін беру туралы сауал салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жасалса, оны беруден бас тартуға;
7) сақтандыру есептерін беру және берілген сақтандыру есептерінің есебін жүргізу туралы сауал салудың есебін жүргізуге;
8) қайта ресімдеуге немесе нақтылауға жататын тиісті негіздер болған кезде түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушіге өтініш жасауға;
9) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
10) осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің дерекқордың ақпараттық ресурстарын құруға және қол жеткізуге қатысуының тең жағдайларын қамтамасыз етуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзінің өкілеттіктерін іске асыру мақсатында уәкілетті органның сұратқан ақпаратын, оның ішінде:
берілуі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттармен талап етілетін осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің ақпарат бермеуі, уақтылы бермеуі не толық көлемде бермеуі туралы ақпаратты;
Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарын бұза отырып, осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер есептеген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері туралы ақпаратты беруге;
12) уәкілетті органға дерекқордың қол жеткізуіне рұқсат беруге;
13) дерекқор субъектісі өтініш жасаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған, сақтанушының міндетті сақтандыру шарты бойынша дерекқорға мәліметтер енгізу міндетіне кіретін сақтандырушымен (ақпарат берушімен) жасалған міндетті сақтандыру шарты туралы дерекқорда мәліметтердің бар екендігі туралы ақпарат беруге;
14) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, жәбірленушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің өліміне байланысты зиянның өтеміне құқығы бар адамның жазбаша өтініші алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру полисінің бар не жоқ екендігі туралы жазбаша мәліметтер беруге;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
2. Ұйым:
1) ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алушылармен сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;
2) ақпаратты берушілерден дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін толық және дұрыс ақпаратты талап етуге;
3) ақпарат берушінің ұсынған ақпаратын оның дұрыс немесе толық ресімделмеуіне, ақпарат беруші, сақтандыру есебін алушы, дерекқор субъекті деректерінің ақпараттық жүйеде пайдаланылатын талаптарға сай келмеуіне байланысты оны дерекқорда пайдаланбай қайтаруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
3. Ақпарат берушілер:
1) ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;
2) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда айқындалған көлемде, тәртіппен және мерзімде оны қалыптастыру үшін дерекқорға ақпарат беруге;
3) дерекқор субъектісінің талабы бойынша ұйымға берілген ақпаратқа түзетулер енгізуге;
4) ұйымға дерекқор субъекті туралы қолда бар мәліметтерге дәл сәйкес келетін ақпарат беруге;
5) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
6) өз қаражаты есебінен ақпаратты алу мен өңдеудің тиісті талаптарын қамтамасыз етуге;
7) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда ұйымға үш жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.
4. Ақпарат беруші:
1) берілетін ақпаратты осы Заңға сәйкес пайдалануды ұйымнан талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) ақпарат алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
5. Осы Заңның 80-бабы 4-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар:
1) ақпарат алушы ретінде тіркеу кезінде өздері берген мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға;
2) алынған ақпаратқа қатысты оның жабықтығын сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
3) алынған ақпаратты осы Заңда көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;
4) дерекқор субъектісін оның талабы бойынша ақпараттың мазмұнымен таныстыруға не оған ішкі құжаттарға сәйкес осы ақпараттың көшірмесін беруге;
5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметке сақтандыру есептерін беру және (немесе) алу туралы шартта айқындалған тәртіппен, мөлшерде және мерзімде ақы төлеуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа сәйкес өзге де міндеттерді мойнына алуға міндетті.
6. Ақпарат алушы сақтандыру есебін алуға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
7. Дерекқор субъектісі:
1) осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес өзі туралы сақтандыру есебін алуға;
2) сақтандыру шартын жасасу кезінде осы Заңның 80-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушыдан сақтандыру есебімен таныстыруды не осы алушының дерекқордан алған сақтандыру есебінің көшірмесін беруді талап етуге;
3) ақпарат беруші туралы ақпаратты алысымен сақтандыру есебінде қамтылған ақпаратпен келіспеушілігін мәлімдеуге;
4) ақпарат берушіге және ұйымға дұрыс емес ақпаратты түзету туралы талаппен өтініш жасауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
83-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың міндетті талаптары
Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт:
1) тараптардың толық атауын, олардың орналасқан жері мен банк деректемелері туралы мәліметтерді;
2) шарттың осы Заңға сәйкес келетін нысанасы туралы нұсқаманы;
3) дерекқордан берілетін сақтандыру есептерінің тізбесі мен нысанын;
4) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттерін;
5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібін;
6) дерекқорды қалыптастыру үшін ақпараттың түрлерін, көлемін, мерзімін (кезеңділігін), оны беру тәртібін;
7) сақтандыру есептерінде қамтылатын ақпараттың түрлерін, мерзімін (кезеңділігін), көлемін және сақтандыру есептерін алу тәртібін;
8) шарттың қолданыс мерзімін, осы Заңда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тарту кезінде оны өзгертудің, бұзудың негізі мен тәртібін, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді орындамағандығы немесе тиісінше орындағандығы үшін тұрақсыздық төлемінің мөлшерлерін;
9) ұйымға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ақпарат берушінің міндеттемесін;
10) алынатын барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ұйымның міндеттемесін;
11) шартты бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі туралы талаптарды қамтуға тиіс.
Ақпарат беру туралы шартты орындаудан біржақты бас тарту өз еркімен қайтарған, сондай-ақ сақтандыру ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы лицензиясынан айырған жағдайларда ғана мүмкін болады. Бұл ретте сақтандыру ұйымы осы Заңның 81-бабында көзделген қолданыстағы сақтандыру шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін ұйымға ақпарат беруге міндетті.
Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасу кезінде ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа:
1) осы Заңның 81-бабының 2-тармағында көзделген ақпараттың тізбесі мен нысандары;
2) дерекқорды құру және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдары үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдық, техникалық іс-шаралар мен технологиялық талаптарды бірлесіп іске асырудың міндеттілігі туралы талаптар міндетті түрде енгізілуге жатады.
84-бап. Ұйымға тіркелу
Осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілер ұйымға тіркелу үшін мынадай құжаттарды:
1) ұйымға тіркеу туралы өтінішті;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
3) ұйым белгілеген тәртіппен дерекқорға сауал салуды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) туралы ақпаратты табыс етеді.
Қажет кезінде көрсетілген ақпарат аталған адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 85-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
85-бап. Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату
Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ұйымды қайта ұйымдастыру кезінде дерекқор бөліну, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына берілуге жатады.
Ұйымды тарату кезінде дерекқор осы Заңның 79-бабының талаптарына сәйкес өтеусіз негізде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі басқа ұйымға беруге жатады.
Қазақстан Республикасының