2. Қазақстан Республикасының аумағында туристік жолдамалармен, жеке және қызметтік істермен келген, Қазақстан Республикасы аумағында тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктердің азаматтық қаруды өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасынан оны иемденіп алған күннен бастап жеті күн ішінде әкететін жағдайда жалпы негіздерде иемденіп алуға құқығы бар.
3. Қазақстан Республикасында тіркелген елшіліктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлеріне азаматтық қаруды мемлекетаралық шарттарда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша әкелуге, иемденіп алуға және әкетуге рұқсат етіледі. Бұл орайда қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті органда аталған қару міндетті түрде тіркелуге тиіс.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Шетелдіктер азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына аңшылыққа келісім-шарт жасасқан немесе спорттық шараларға қатысуға шақырылған және қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті органның тиісті рұқсаты болған жағдайда әкеле алады. Әкелінген қару келісім-шартта немесе шақыруда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасынан әкетілуге тиіс.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасына шақыру бойынша немесе өздерінің қызметтік тапсырмаларын орындауға байланысты келетін шетелдік құқық қорғау органдарының, арнаулы қызметтер мен әскерилендірілген ұйымдар қызметкерлерінің жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі және Қазақстан Республикасынан әкетуі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тиісті органдар басшыларының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген қару Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасынан қару мен оның патрондарын әкету мерзімдерін бұзуы мәселе заңда белгіленген тәртіппен шешілгенге дейін оны алып қоюға әкеп соғады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8. Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шетелдіктердің өздері әкелген азаматтық қаруды сыйға тарту немесе сату құқығы сақталады.
27-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау, алып жүру, тасу, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою
1. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсатын алған заңды және жеке тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат етіледі.
2. Заңды және жеке тұлғаларға өздері тауып алған немесе оларға Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып, иесі болып табылмайтын адамдар берген атыс қаруын сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Мұндай қару дереу ішкі істер органдарына тапсырылуға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қаруды коллекциялауға және экспонаттауға ішкі істер органдарынан тиісті лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Азаматтық және қызметтік қаруды, олардың патрондарын есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою тәртібін қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
6-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ішкі істер органдарының қару айналымы саласындағы өкілеттігі
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қару айналымы саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі қару айналымы саласында:
1) қару мен оның патрондарының айналым тәртібін белгілейді;
2) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау тәртібін белгілейді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының Мемлекеттік кадастрын әзірлеу, басып шығару және жүргізу тәртібін белгілейді;
5) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құру тәртібін белгілейді;
6) қаруды иеленушілер мен пайдаланушыларды бастапқы даярлау ісін ұйымдастыру тәртібін белгілейді;
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
8) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістерін бекітеді.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру тәртібін белгілейді;
12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-11 Заңымен ; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы құзыреті
1. Қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасаудың бірыңғай ережелерін әзірлейді, қаруды абайлап ұстау ережелерін білетіндігіне тексеру жүргізетін ұйымдар үшін бағдарламалар дайындайды;
2) азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3) мыналарға:
азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау құқығына;
азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, иемденіп алу құқығына;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтік қару иемденіп алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Бас Прокуратура қызметкерлерінің, қызметтік қару иемденіп алу (алу) құқығына, сондай-ақ аталған адамдардың қаруды сақтау құқығына, сақтау мен алып жүруіне рұқсат береді;
4) ұйымдарға - азаматтық және қызметтік қаруды, ал шетелдіктерге азаматтық қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат береді;
5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының Мемлекеттік кадастрын әзірлейді және бекітеді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістерін әзірлейді;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылау жасауды жүзеге асыратын аумақтық және көліктегі ішкі істер органдарының өкілеттігі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының қару айналымын регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
7-тарау. Қорытынды ережелер
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
30-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау
Қазақстан Республикасы аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, арнаулы органдардың қару-жарағындағы қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды аталған органдардың басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырады.
Азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының:
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1) қаруды ол әзірленген, өндірілген, жөнделген, сатылған, коллекцияланған, экспонатталған, сақталған, пайдаланылған және жойылған жерде тексеруді жүргізуге;
2) осы Заң күшіне енгізілгенге дейін иемденіп алынған және заңды негіздерде иеленушілердің қолындағы қаруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынған қаруды белгіленген тәртіппен тегін алып қоюға және жоюға;
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
3) заңды және жеке тұлғалардан азаматтық және қызметтік қарудың және оның патрондарының айналымымен байланысты құжаттар табыс етуді талап етуге;
4) белгіленген ережелердің бұзылуы анықталған жағдайда осы тәртіп бұзушылықты жою туралы заңды және жеке тұлғалар орындау үшін міндетті нұсқамалар беруге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқығы бар.
31-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын қадағалау
Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі осы Заңның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын жоғары деңгейде қадағалауды Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдары жүзеге асырады.
32-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдардың бұзылғаны үшін жауапкершілік
Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы заңдардың бұзылғаны үшін заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
33-бап. Нормативтік құқықтық актілерді осы Заңға сәйкес келтіру
Осы Заң күшіне енгізілген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және ол күшіне енгізілген күннен бастап үш ай ішінде соған сәйкес келтірілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының