2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)
19) порттың теңіз әкімшілігі жүргізетін, теңіз кемелерінің қатысуымен болған авариялық жағдайларды сыныптауды, тексеру жүргізуді және есепке алуды бақылау және қадағалау;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)
20) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау;
21) кеменің атауы (немесе оған атау беруден бас тарту) туралы шешім қабылдау;
22) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)
23) порттық құрылыстар мен жасанды аралдардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылау және қадағалау;
24) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)
25) Қазақстан Республикасының теңіз порттарының арасындағы қатынастардағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды иелігіндегі жүк тиеу портынан (пунктінен) жүк түсіру портына (пунктіне) дейінгі тасымалдаулар мен сүйретулерді бақылау және қадағалау;
26) су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;
27) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
28) кемеде кеме құжаттарының болуын тексеру;
29) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
30) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
31) шағын көлемді кемелерді басқару құқығын беретін куәліктер беру;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 32) тармақша өзгертілді
32) жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылау және қадағалау, оларды бұзушылықты анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау;
33) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)
34) тасымалдаушы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуын мемлекеттік бақылау және қадағалау;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)
35) сыныптау органдарының теңіз кемелеріне техникалық қадағалау жүргізуін және оларды сыныптауын мемлекеттік бақылау және қадағалау;
36) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
37) жеке және заңды тұлғалардан уәкілетті органның құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша қажетті ақпарат, материалдар, анықтамалық деректер сұрату;
38) су көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына қатысты тексеру;
39) лицензиялаудың біліктілік талаптарының сақталуын тексеру;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 40) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды
40) тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде актілер жасау және су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттар мен нормаларды бұзушылық анықталғанда оларды жою туралы нұсқамалар енгізу;
41) хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда теңіз және шағын көлемді кемелерді әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, теңіз және шағын көлемді кемелерді тексеріп қарауды жүргізу;
43) заңды тұлғаға тиесілі, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болған, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, көлік құралдарын, тауарларды, өзге мүліктер мен заттарды тексеріп қарауды жүргізу кезінде табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүліктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыру;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 44) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды
44) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақты, тауарларды, өзге де мүліктерді қарап шығу, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеру;
45) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатыстыру үшін тиісті мамандарды тарту;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 46) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)
46) мемлекеттік органдарға авариялық жағдайлардың және көлік оқиғаларының, су көлігін пайдалану ережелерін бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 47) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)
47) кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ұйымдастыру, оларды аттестаттауды жүзеге асыру;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55) және 56) тармақшалармен толықтырылды
48) Теңiз кемелерiн сыныптау және жасау қағидасын бекіту;
49) Теңiз кемелерiнiң жүк маркасы туралы қағиданы бекіту;
50) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келісу;
51) Теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидасын бекіту;
52) Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту;
53) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
54) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша теңізшілердің еңбегі мен олардың еңбекақысын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
55) теңіз порты акваториясының шекараларын айқындау;
56) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-бап 3-1 тармақпен толықтырылды
3-1. Жергiлiктi атқарушы органдар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы көлiк инфрақұрылымы объектілерін салуды және қайта жаңартуды ұйымдастыру кезiнде жобаларды уәкiлеттi органмен келiседі.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
4. Теңiз жолдарын навигациялық-гидрографиялық жағынан қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Әскери-теңiз Күштерiнiң тиiстi қызметi жүзеге асырады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды
4-1-бап. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы
1. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы:
1) жолаушыларды, багажды, почталық жөнелтілімдер мен жүктерді, оның ішінде гуманитарлық жүкті, арнайы жүктерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетеді;
2) теңіз флотына арналған кадрларды оқытуға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттарды іске асыруға қатысады.
2. Ұлттық теңіз тасымалдаушысына теңіз портының міндетті қызметтері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, ұсынылады.
3. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5-бап. Каботаж
Каботажды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен уәкілеттi орган берген рұқсат негізінде шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзетiн кемелер жүзеге асырады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердi пайдалану
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелерді гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқару қызметіне және сауда мақсатында теңiзде жүзумен байланысты өзге де қызметке пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкiлеттi орган берген рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
6-бап. Лицензиялау
Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы жекелеген қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының заң актілері негiзiнде лицензиялануға тиiс.
7-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы сақтандыру
1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң ерiк бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары мен тәртібі тараптардың келісімiмен белгіленедi.
2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктің мiндеттi сақтандырылуға тиiстi түрлерiне:
1) жолаушының өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелi;
2) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) қауiптi жүктердi тасымалдау кезіндегі, сондай-ақ кемелерден аққан (екi мың және одан да көп тонна мұнай тасымалдау кезiнде) мұнаймен теңiздi ластаудан келтiрiлген залал үшiн тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелi жатады.
Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.
Қызметкерлер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жазатайым оқиғалардан мiндеттi түрде сақтандырылуға жатады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
8-бап. Сәйкестікті растау
1. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қызметке жататын өнімді және оның өмірлік циклі процестерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау жөніндегі құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды
1-1 тарау. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
8-1-бап. Жалпы талаптар
1. Тасымалдау процесіне қатысушылар адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзу қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
2. Сауда мақсатында теңізде жүзу қауіпсіздігі адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесіне қатысушылардың авариясыз жұмыс істеу жағдайын ұйымдастыруға, су жолдарын теңізде жүзетін қалыпта ұстауға, кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және ішкі су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жарамды жағдайда ұстауға, сондай-ақ кемелерде авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.
Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық реттеу объектілері:
1) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелер, порттар, жағалаудағы объектілер және су жолдарындағы құрылыстар;
2) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау), пайдалану процестері болып табылады.
8-2-бап. Сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезінде олардың жобалау құжаттамасы мен Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезінде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және теңізде жүзу қауіпсіздігіне қатысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
3. Егер сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді дайындау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақ жүргізу талап етілсе, онда олар жобалық құжаттамалардың барлық талаптарын орындай отырып, толық көлемде жүргізілуге тиіс.
4. Әрбір кеме корпусы сәйкестендіру нөмірімен таңбалануға тиіс. Таңбалау көрінетін, анық және өшірілмейтін болуға тиіс.
5. Кеме борттан асып құлап кету қаупін болғызбайтындай және борттан тыс қалған адамдарды құтқаруды қамтамасыз ететіндей түрде әзірленуге тиіс.
6. Негізгі рульдік басқару орны айналаны шолуды қамтамасыз етуге тиіс.
7. Кеме пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен жабдықталуға тиіс, онда өрт туындау және бату қаупіне ерекше назар аударылуы керек.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Жағалау объектілерін жобалау, орналастыру, салу және пайдалану уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалау объектiлері мен су жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезіндегі қауiпсiздiк талаптары
1. Кемелер, порттар, жағалау объектiлері мен сауда мақсатында теңiзде жүзу процесiмен байланысты теңiздегi құрылыстар қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлері мен Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2. Кемелердi, порттарды, жағалау объектiлерін және теңiздегi құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлері мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілері талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.
3. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi пайдалану адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға терiс әсер етпеуге тиiс.
4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелер және олардың тұрағына арналған базалар (құрылыстар) Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау жөніндегі қағиданың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
5. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалауды уәкілетті орган бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргізу жолымен, сондай-ақ арнайы және бақылап тексеріп-қарауды жүргізумен жүзеге асырады.
6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өтуі және оның шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі болуы тиіс.
Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беруді, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды тіркеуді уәкілетті орган Шағын көлемді кемені басқару құқығына кеме жүргізушілерін аттестаттау қағидасына сәйкес жүзеге асырады.
2-тарау. Кеме
9-бап. Кемеге меншiк құқығы
1. Кемелер:
1) мемлекеттiң;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының;
3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгінде болуы мүмкiн.
2. Кеменiң меншiк иесi кемеге қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекет iстеуге, соның iшiнде кеменi басқа тұлғалардың меншiгiне берiп, иелiктен айырылуға, меншiк иесi болып қала отырып, оларға кеменi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын беруге, кеме ипотекасын белгiлеуге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық салуға, өзге де түрде билiк етуге құқылы.
10-бап. Кеме атауы. Кеменi дараландыру тәртібі
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 10-баптың 1-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тiркелуге тиiстi кеменiң өз атауы болуға тиiс.
Меншiк иесi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен кеме атауын қояды және өзгертедi.
2. Кеме атауының өзгертiлгенi туралы меншiк иесi кеменiң тiркелген кепiлдерiн кепiлге ұстаушыларға дереу хабарлайды.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
3. Спутниктік байланыстың кеме станциясының шақыру сигналын және сәйкестендiру нөмірін беру тәртібін байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
11-бап. Кеменiң ұлттығы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының ұлттығында болады.
2. Қазақстан Республикасының ұлттығын иеленушi кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге мiндеттi.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 11-баптың 3-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Кеме осы Заңның 16-бабының 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасының кемелерi тiзiлiмдерiнiң бірiнде мемлекеттік тiркелген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығына ие болады.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 11-бап 3-1- тармақпен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
3-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы:
1) мемлекеттiң;
2) азаматтардың және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншiгіндегі кемелерге;
3) өнім бөлу туралы келісімге сәйкес Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) беріледі, бұл ретте осындай кемелерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын берудің ерекшеліктері Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен айқындалады.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 11-баптың 4-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде меншiкке иемденiп алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi мұндай құқықты куәландыратын және кеме Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тіркелгенге дейiн жарамды болатын, бірақ бір жылдан аспайтын уақыт қолданылатын уақытша куәлiк берген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
5. Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында көзделген тәртіппен уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерiп жүзу құқығы бербоут-чартер бойынша:
1) қазақстандық жалға кеме алушыға;
2) өнім бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдары арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларға (мердігерлік компанияларға, операторға, агенттерге, қосымша мердігерлерге) пайдалануға берілген, шет мемлекеттiң кемелер тiзiлiмiнде тiркелген кемеге уақытша берілуі мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланбайтын кемеде осы тудың көтерiлгенi үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылықты мойнына алады.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 12-бап толықтырылды
12-бап. Кеменi шет мемлекет туын көтеруге уақытша көшiру
Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген кеме бербоут-чартер бойынша шетелдiк кеме жалдаушының иеленуiне немесе пайдалануына берiлген жағдайда мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде, кейіннен әрбір екі жыл сайын ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын мерзімге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге тиiстi тiзiлiмге тiркелiп және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы тоқтатылып, шет мемлекеттің туын көтерiп жүзуге уақытша көшiрiлуi мүмкін.
13-бап. Кеменi сенімгерлiк басқаруға беру
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кеменiң меншiк иесi меншiк иесiнiң мүдделерiне сыйақы алу үшiн кеменi басқаруды сенімгерлiк басқару шарты бойынша жүзеге асыру үшiн сенімгер басқарушыға беруге құқылы.
Шаруашылық жүргiзудегi немесе оралымды басқарудағы кеменi меншiк иесiнің немесе уәкiлеттi органның келісімiнсiз сенімгер басқаруға беруге болмайды.
Кеменiң сенімгерлiк басқаруға берiлуi оған меншiк құқығымен сенімгерлiк басқарушыға ауысуына әкеп соқпайды.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 13-баптың 2-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Кеменiң сенімгерлiк басқаруға берiлуi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мiндеттi түрде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
3. Кемелердi басқару және оларды пайдалану саласында құзыреттi тұлға сенімгер басқарушы бола алады.
4. Кеменi сенімгерлiк басқару шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
14-бап. Кеме құжаттары
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі тізбесін, нысанын және жүргізу тәртібін айқындайтын кеме құжаттары кемеде болуға тиіс.
Көшірмесін осы құжатты берген орган растауы немесе нотариус куәландыруы тиіс кемеге меншік құқығы туралы куәлікті қоспағанда, кеме құжаттарының түпнұсқалары кемеде болуға тиіс.
2. Шетелде жүзуге шығатын кемелердiң, Қазақстан Республикасының суларында жүзуге арналған тиiстi қағидада көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттары болуға тиiс.
3. Шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кiретiн кемелерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
15-бап. Кемелерді техникалық байқау, куәландыру және оларды сыныптау
1. Кеме теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандыратыны анықталғаннан кейiн ғана жүзуге жiберiлуi мүмкiн.
2. Кемелерді техникалық байқауды, куәландыруды және оларды сыныптауды Кеме қатынасының тіркелімі немесе шетелдік сыныптау қоғамдары жүзеге асырады.
Бұл ретте кемелерді куәландыру жөніндегі өкілеттіктер және оларды шетелдік сыныптау қоғамдарының беру шарттары уәкілетті орган мен шетелдік сыныптау қоғамдары арасындағы келісімдерде айқындалады.
Кемеге сынып беру Кеме қатынасының тіркелімі немесе шетелдік сыныптау қоғамы беретін сыныптау куәлігімен куәландырылады.
Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары мен заңды тұлғаларының кемелерге және кеменің жекелеген элементтеріне техникалық байқауды жүзеге асыруына тыйым салынады.
3. Кеме құжаттары болмаған кезде немесе шетел туын көтерiп жүзiп жүрген кеме Қазақстан Республикасының теңiз портына келген кезде, тиiстi құжаттарының болуына қарамастан, теңiзде қауiпсiз жүзудiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарын қанағаттандырмаса, уәкiлеттi орган мұндай кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерiп жүзушi кемелермен бірдей негiзде куәландырудан өткізуге құқылы.
3-тарау. Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
16-бап. Қазақстан Республикасының кеме тiзiлiмдерi
1. Кеме Қазақстан Республикасы кеме тiзiлiмдерiнiң (бұдан әрi - кеме тiзiлiмдерi) бірiнде:
1) Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде;
2) кеме кiтабында;
3) бербоут-чартер тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
2. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (оған ауыртпалықтар) Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мiндеттi түрде мемлекеттік тiркелуге тиiс.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 16-баптың 3-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)