2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндiрістік сынақтары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының