5. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектiнi пайдалануға қабылдау фактiсi Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген бiрыңғай нысандағы актiмен ресiмделедi.
6. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының барлық мүшелерi қол қойған, объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн комиссияны тағайындаған инстанция бекiтедi.
Мемлекеттік қабылдау комиссиясы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) айрықша пiкiрi болған жағдайда, комиссия қабылдау актiсi бекітілгенге дейiн туындаған қарсылықтарды өзiн тағайындаған мемлекеттік басқару органының қатысуымен қарауға тиiс.
7. Өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына:
1) комиссияны тағайындаған мемлекеттік басқару органының комиссия төрағасы тағайындайтын жауапты өкiлi;
2) комиссия төрағасының орынбасары тағайындайтын бас жобалау ұйымының өкiлi;
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының), пайдаланушы ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердің), бас мердiгердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың, iшкi жобалаушылардың (жоба бөлiмдерiн әзiрлеушiлердiң), мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, орындарының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өкілдерi кiредi.
8. Өндiрiстiк мақсаттағы объектілердi қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына:
1) өнеркәсiп және кен қадағалау жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөніндегі мемлекеттік қызмет өкiлдерi - осы органдардың бақылауындағы магистральдық мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырлары мен басқа объектiлердi қабылдаған кезде;
2) күрделi немесе бiрегей технологиялық жабдықтарды дайындаушы кәсiпорынның және монтаждау ұйымдарының өкiлдерi - осындай жабдықтар бар объектiлердi қабылдаған кезде;
3) темір жолдарды басқаратын мемлекеттік органдардың өкiлдерi - кiрме темір жолдары бар объектiлердi қабылдаған кезде;
4) жер ресурстарын басқару жөніндегi уәкiлеттi органның, сондай-ақ жер пайдаланушы қожалықтардың өкiлдерi - суландыру және құрғату жүйелерiн, қайтадан қалпына келтiрiлген жерлердi, қорғаныш ағаш екпелерiн, эрозияға қарсы гидротехникалық құрылыстарды және басқа жер құнарлығын арттыру мен оны қорғау мақсатында салынған объектiлердi қабылдаған кезде;
5) мемлекеттік мал дәрiгерлiк қызметiнiң өкiлдерi - осы органдардың немесе мал дәрiгерлiк ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердiң) бақылауындағы объектiлердi қабылдаған кезде;
6) автомобиль жолдарын басқаратын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік жол инспекциясының (полициясының) өкiлдерi - автомобиль жолдарын қабылдаған кезде;
7) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қадағалау және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерiнiң өкiлдерi - газдан тазартатын және шаң соратын құрылғыларды қабылдаған кезде;
8) төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқару органдарының өкiлдерi - азаматтық қорғаныс ғимараттарына (үй-жайларына) немесе азаматтық қорғаныстың жеке тұрған ғимараттарына жапсарлас салынған объектiлердi қабылдаған кезде енгiзiледi.
9. Тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi қабылдаған кезде мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына:
1) жергiлiктi атқарушы органның комиссия төрағасы тағайындайтын жауапты өкiлi;
2) комиссия төрағасының орынбасары тағайындайтын мемлекеттік құрылыс инспекторы;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 3) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының), жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органының, халықты әлеуметтiк қорғау мемлекеттік органының, пайдаланушы ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердiң), бас мердiгердiң, бас жобалау ұйымының (жоба авторларын қоса алғанда), мемлекеттік өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерiнiң өкiлдерi енгiзiледi.
Жобаны әзiрлеушiнiң тұрған жерi (орналасқан жерi) объект салынып жатқан елдi мекеннен тыс жерде болған жағдайда, осы жобалау ұйымының жергiлiктi атқарушы органдарға жазбаша өтiнiшi бойынша оның өкiлiнiң орнына мемлекеттік қабылдау комиссиясына жергiлiктi жобалау ұйымының өкiлi енгiзiлуi мүмкiн.
10. Сондай-ақ тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына:
1) су ресурстарын мемлекеттік басқару органдарының және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қадағалау қызметiнiң өкiлдерi - су жинауға және су ағызуға байланысты объектiлердi қабылдаған кезде;
2) тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлер құрылысының жобаларын әзiрлеудi жүзеге асыратын денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет, туризм және спорт мемлекеттік басқару органдарының өкiлдерi - тиiстi мақсаттағы объектiлердi қабылдаған кезде енгiзiледi.
11. Қайта қабылдауды қоса алғанда, мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмыс процесiнде жасалған шығындарын тапсырысшы өтейдi.
79-бап. Салынған объектілердi пайдалануға өткізуге және қабылдауға қатысушылардың жауапкершiлiгi
Салынған объектiлердi пайдалануға, өткізуге және қабылдауға қатысушылар, соның iшiнде тапсырысшылар (инвесторлар, құрылыс салушылар), iздену, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарына мердiгерлiктiң жауапты орындаушылары, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын дайындаушылар мен берушiлер, сондай-ақ құрылыстың және жабдықтарды монтаждаудың барысын оралымды қадағалау қызметтері, мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясының және жұмыс комиссиясының мүшелері, басқа да қатысушылар азаматтардың өміріне немесе денсаулығына төнген қауіп, сондай-ақ жіберілген жолсыздықтар не міндетті нормативтік талаптардан (ережелерден, шектеулерден) ауытқушылық салдарынан мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке мүдделерге келтірілген залал (зиян) үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленгендей жауапты болады.
Қазақстан Республикасының