2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бақылау объектісіне орындауға міндетті ұсыну жібереді;
2) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
7. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде тиісті бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бақылау объектілеріне орындауға міндетті қаулылар, ұсынулар жібереді;
2) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің қылмыс құрамы белгілері бар іс-әрекетті (әрекетсіздікті) жасасу фактісі анықталған жағдайда, мемлекеттік қаржы бақылау органдары осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.
9. Мемлекеттік қаржы органдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады
3-тарау. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу
16-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушы деп таныған әлеуетті өнім берушілер қатысады.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу:
1) конкурстық комиссия екіден кем әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысушы деп таныған;
2) осы Заңның 26-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екіден кем конкурстық баға ұсыныстары бағалануға және салыстыруға жатқызылған;
3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайлардың бірі болғанда өтпей қалды деп танылады.
17-бап. Конкурстық құжаттама
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерімен айқындалған үлгілік конкурстық құжаттаманың негізінде қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді.
2. Конкурстық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгіленген жалпы және арнайы біліктілік талаптарынан басқа мынадай мәліметтер:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
2) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық өзіндік ерекшеліктерін қоса алғанда, ал қажет болғанда нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
3) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;
5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;
6) төлем жасау шарттары және елеулі шарттары көрсетіле отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) бағадан басқа критерийлер, солардың негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай критерийлердің салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеудің әдістемесі айқындалады;
8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларынан басқа, оларды тасымалдау мен сақтандыру шығыстарын, кеден баждарын, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды төлеуді көрсету;
9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрінетін валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағам;
10) конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жасалатын және табыс етілетін тілге қойылатын талаптар;
11) конкурсқа қатысуға өтінімді енгізудің талаптары, өтінімді қамтамасыз етудің мазмұны мен түрлері;
12) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өз өтінімін оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті сілтеме жасау;
13) конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті табыс етудің тәртібі, тәсілі, орны мен соңғы мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданыста болуының талап етілетін мерзімі;
14) әлеуетті өнім берушілер олардың көмегімен конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсініктемелер сұрата алатын тәсілдер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесулер өткізу орны, күні және уақыты;
15) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні және уақыты;
16) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаттамасы;
17) алда болатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атынан уәкілеттік ететін олардың өкілдері туралы мәліметтер;
18) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, көлемі және оны енгізудің тәсілі;
19) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
3. Конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндірістік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің болуына:
1) негізгі (белгіленген) жабдықтарды қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
2) тауарды лизингке беру жөнінде қызметтер көрсетушіні айқындау және лизинг нысанасын толық сипаттау қажеттігінің туындауы үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, жол берілмейді.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау және отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай критерийлерді:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) әлеуетті өнім берушіде:
өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;
өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында кәсіби біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі бар, мамандардың;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауар өндірушілер үшін ұсынылатын тауарларды ерікті түрде сертификаттауды растайтын құжаттың;
мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сапаның сертификатталған менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);
мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуын;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) пайдалану шығыстарын, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) қазақстандық мазмұнды көздеуге міндетті.
5. Конкурстық құжаттамада осы Заңда белгіленген жағдайларда жариялануға тиісті ақпаратты орналастыру жоспарланып отырған интернет-ресурстың электрондық мекенжайы (бұдан әрі - тапсырыс берушінің интернет-ресурсы) көрсетілуге тиіс. Тапсырыс берушінің интернет-ресурсы тұрақты жұмыс істеуге және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын тұлғаға тиесілі болуға тиіс.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен конкурстық құжаттама сараптама жасауға жатады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушілердің бірінші басшылары не жауапты хатшылар немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не оның міндетін атқаратын тұлғалар бекітеді.
Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде, 4-тармағында, 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы не бірыңғай ұйымдастырушы болатын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші басшысы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғасы не олардың міндеттерін атқаратын тұлғалар бекітеді.
7. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдер берген соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын:
18-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды осы Заңның 47-1-бабын қара
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін осы Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындаған заңды тұлғаға хабарландырудың мәтінін Бюллетеньде жариялау үшін жіберуге;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға;
4) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен конкурстық құжаттаманы алған тұлғалардың орналасқан жерін, почта және электрондық мекен-жайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ басқа да мәліметтерді көрсете отырып, бекітілген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактісін тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Конкурс тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға міндетті.
19-бап. Конкурстық құжаттаманы табыс ету
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы мүдделі тұлғаларға қағаз жеткізгіште (бұдан әрі - конкурстық құжаттаманың көшірмесі) не бекітілген конкурстық құжаттаманы осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген талаптары ескеріліп, тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы табыс етеді.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін мүдделі тұлғаларға олар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың көшірмесін табыс ету туралы өтініш жасаған күні табыс етуге міндетті.
Егер конкурстық құжаттаманың көшірмесі ақылы негізде табыс етілген болса және бұл туралы сілтеме тиісті хабарламада қамтылса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оны мүдделі тұлғаларға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға аталған ақыны енгізгенін растайтын құжатты ұсыну шартымен өздері өтініш жасаған күні табыс етеді.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін табыс еткені үшін ақы мөлшері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама көшірмесінің данасын әзірлеумен тікелей байланысты шығыстарынан аспауға тиіс.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін табыс еткен тұлғалар туралы мәліметтерді, сол сияқты тапсырыс берушінің интернет-ресурсынан бекітілген конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуге тиіс.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Конкурстық құжаттаманы конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін жарияланғанға дейін табыс етуге жол берілмейді.
20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
1. Осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғалар конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалмен жүгінуге құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен келіп түскенін көрсетпестен:
1) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғаларға жіберуге;
2) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күні өткенге дейін күнтізбелік бес күн мерзімнен кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалардың сауалына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға өтемсіз негізде жіберуге;
2) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік он күн мерзімге ұзартылуға тиіс.
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір жерде және тиісті уақытта кездесу өткізуге құқылы. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мүдделі тұлғалармен аталған кездесу өткізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, олардың дерек көздерін көрсетпей ұсынылған конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалдарды, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптарды қамтитын хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және оған қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) конкурстық комиссияға, сондай-ақ осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға аталған хаттаманың көшірмесін жіберуге;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) көрсетілген хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
21-бап. Конкурсқа қатысуға өтінім
1. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды беруді, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады.
2. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің:
1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтың болмағандығы туралы;
2) өзінің және тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен осы Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісімі туралы растауды қамтуға тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылуға тиіс мәліметтер, сондай-ақ құжаттар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде айқындалады.
3. Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.
22-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс ету
1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мөр басылған конвертте оны табыс етудің конкурстық құжаттамада көрсетілген соңғы мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті не конкурсқа қатысуға өтінімнің құрамдас бөлігі болып табылатын құжаттарды және (немесе) материалдарды оларды табыс етудің конкурстық құжаттамада көрсетілген соңғы мерзімі өткеннен кейін табыс етуге жол берілмейді.
Белгіленген мерзім өткеннен кейін табыс етілген конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін табыс еткен әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс ету мерзімі аяқталған кезден кешіктірмей:
1) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) конкурсқа қатысуға өзі енгізген өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алу сияқты, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдердің конкурстық құжаттамада белгіленген қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерден олардың қолданылу мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзартуды сұратуға құқылы. Әлеуетті өнім беруші:
1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
2) мұндай өтінімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, мұндай сауалды қабылдамауға құқылы.
5. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға өзінің қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді мойнына алмайды.
23-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, өзінің:
1) конкурсқа қатысуға өтінімін мұндай өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтіндігінің және (немесе) толықтырмайтындығының;
2) оны конкурстың қатысушысы деп таныған жағдайда, өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс ететіндігінің, ал кейіннен оны кері қайтарып алмайтындығының;
3) оны конкурстың жеңімпазы деп таныған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасатындығының және конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізетіндігінің кепілі ретінде енгізеді.
2. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде айқындалған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде енгізіледі.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті өнім беруші, егер ол:
1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.